1 Желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай облыста түрлі іс-шаралар қолға алынып жатыр. Сондай мәдени іс-шараның бірі Өскемендегі орталық қалалық кітапханада ұйымдастырылды. Мұнда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналып жыр мүшәйрасы өтті.
Шараға 20-ға жуық жас ақын қатысып, бақтарын сынады. Сайыс шарты бойынша әр ақын екі өлеңнен оқыды. Оның бірі Елбасын жырлауға арналса, екіншісі еркін тақырып еді.
Жыр бәсекесінің қорытындысында бірінші орынды облыс орталығының іргесіндегі Шығыс ауылындағы №33 мектептің ұстазы Мұратхан Месейхан иеленсе, екінші және үшінші орындарды С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенттері Қастербек Сайлауғазы мен Қызырбек Дәргінбайұлы қанжығаларына байлады. Ал мүшәйраға қатысқан басқа ақындар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жыр додасында үздік болып танылған жас ақындар «Нұр Отан» ХДП-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы бірлесе ұйымдастырып отырған 1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай өтетін «Елі сүйген, елін сүйген Нар тұлға» атты облыстық жыр мүшәйрасына жолдама алды.
Жас ақындар жырлайды
Последние статьи автора