Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова өзінің актрисалыққа қалай келгенін айтты. "Бірегей" бағдарламасында сұхбат берген әнші алғашында бимен айналысқанын, бірақ әнші болуды армандағанын баяндап, жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Мен Ақтөбеге келгенде би бөліміне бара бастадым. Сол би бөлімінің арқасында "жақсы биші" атандым. Соның арқасында Мәскеу мен Ленинградты көріп қайттым. Ұстазым мені "биді жалғастырады" деп армандады. Мен "ән" дедім. Анам ән айтады. 8 сыныпты бітірдім де, колледждің вокал бөліміне бардым. Сахнаға көтеріліп, ән айтып шықтым. Бірақ бағам орташа болып қалды. "Қап, Құдай-ай" деп отырдым. Сөйтсем, орта бойлы, кішкентай ғана кісі "Қайсысына түсіп жатырсың қызым? Сен неге театр бөліміне түспейсің?" деді. Орысша оқыдым. Мен әжемнің қолында өстім. "Оқитын әндеріңді дайындап, осы күні кел" деді. Бірнәрсе жаттап келіп едім, түсіп кеттім. Үшінші курсты бітіргенде "Еңлік-Кебекті" де, "Ажарды" да мен ойнап, келіп консерваторияға түстім", - деді Лидия Кәденова.