Көптеген өнер адамдары жеке өміріне қатысты сөз қозғап, талқылағанды жақсы көрмейді. Кейбірі отбасын көрсетпек түгілі суретін жариялаудан бас тартады. Солар секілді актриса Жания Джуринская да осы күнге дейін жігітін жасырып келген еді.
Уақыт өте келе Жания да жігітінің суретін жария етті. Есімі - Нұрсұлтан Әлжанов. Оқырмандардың барлығы оны «Азия» тобындағы Ринат Баситовқа ұқсатты. Біз де сүйіктісінің желідегі парақшасын тауып, көп нәрсеге қанық болдық. Суреттерінен Жания Нұрсұлтанның отбасымен араласып тұратынына көз жеткіздік. Осыған қарап екі жастың арасындағы қарым-қатынас шынайы екенін байқауға болады. «Жақында тағы бір Әлжанова қатарға қосылады» деп Нұрсұлтанның жазған жазбасынан, тойдың ауылы алыс емес деген ойға келдік. Бақытты болыңдар!