Жандарбек Бұлғақов: Жүрсін ағамызға қиянат, қастаңдық жасадым деп ойламаймын

Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов Talim TV online арнасына сұхбат беріп, "Жүрсіннің жүйріктері" қатарынан кетуіне не себеп болғанын, ата-анасының тәрбиесі мен елордадан неге қоныс аударғаны туралы айтып берді.

10 жыл елордада тұрып, оқу оқып, еңбек еткен ақын Алматыға қайта қоныс аудауының себебін жақындарымен жақын араласқысы келетіндігімен түсіндірді.

 "Отбасылы болғананн кейін көшу, қайда тұру деген мәселелерді адам жалғыз шешпейді. Оның сыртында бала-шағам туыстармен араласып тұрсын деген ниет болды. Өзім танымайтын туыстар пайда болды. Көрмеген балалар дүниеге келіп жатыр. Алыста тұрғаннан кейін барлық жиындарға бірдей келе алмайсың. Бала кезімізде араласпаған туыстарымыз бар. Дәл сол нәрсе қайталанбас үшін, көштім, ата-анама бір табан жақын болуды қаладым. Оларға қызмет еткім келді. Туған-туыстың ортасында болғым келді", - деп елордадан көшу себебін атады.

Журналист Ерлан Әбдірдің елдің назарын, атағын көтере алмай қалған кезі болды ма деген сауалға ол:

"Мен өмірде азық болатын ақыл-кеңестерден гөрі, өнерде қажет болатын ақылды көп естіген адаммын. Өміріме қажет ақылды ел аралап, көптің көрген кісілердің арасына түсіп қалғанда еститінмін. Әке-шешем тек өнеріммен айналысқан сияқты. Бір адамдармен мәмілеге келе алмай қалуымды атағымнан емес, барлық тәрбием тек осы өнер маңында болғасын ба деп ойлаймын. Көпті көрген, көптің батасын алған, рухани байланыста болған, рухани азықты жол-жөнекей теріп алған адаммын. Кейбір адамдар мынау дәрежеге жеткен соң адамдармен тіл табыса алмайды деп ойлауы мүмкін. Бірақ ол ерте жастан мені тек айтысқа бағыттай бергеннен деп ойлаймын", - деп жауап берді өнер иесі. 

"Жүрсіннің жүйріктерінің" қатарында болмауын айтыскер ақын: 

"Тәуелсіздіктің құрдасы болғасын біз шамалы тәуелсізбіз, - деп күлді Жандарбек. - Бұл оқиғаның жай-жапсарын шамалы газеттерде де айттық. Осыдан бірнеше жыл бұрын "Нұр Отан" партиясы айтыс өткізіп, сол айтысқа Бердібек сапарбаев, Бауыржан Байбек ағамыз бар. Өздері қолқа салып қатысуымды сұрайды. Ол айтысқа министр-әкімдер келді. Оларды әдетте сынайсыңдар, міне алдарыңа әкеліп отырмыз деді. Халықтың мұң-мұқтажын жеткізсеңдер болады деп. Белгілі бір себептермен ол кезде Жүрсін ағамызбен мәмілеге келе алмапты. Жүрсін ағамызға екі-үш айтыскер хабарласып, өзінің ол жерде жоқ екенін айтып, бармаңдар депті. Маған ешкім тікелей тыйым салған жоқ. Тыйым салса да афишаға суретіміз кетіп қалған, ел ағалары тікелей өздері шыққан соң, басқа айтыс қатар өтіп жатыр, оған шақырту алмаған соң осыған қатыстым. Жүрсін ағамыз өкпеледі. Бірнеше жылдан кейін әкемнің уатсабына ұзын-сонар хат жазыпты. Ол менің неменеммен жасты адам емес пе, неге екеуің теріс айналып жатырсыңдар деп. Келіңдер айтысқа деп. Шаңырағына бардық, осымен қояйық деп мәмлестік. Соңғы жылдары Оралда өткен айтыс пен Сәкен Сейфуллин атындағы айтысқа қатыстым. Бірақ одан басқа айтыстарға шақырту алмадым. Енді айтыстың бүкіл ішкі кухнясын айтып керек емес шығар. Бірақ Жүрсін ағамызға қиянат, қастаңдық жасадым деп ойламаймын. Ол кісіні құрметтеймін, айтысқа деген сіңген еңбегі, біздің жетілуімізге қосқан үлесіне, әкелік қамқорлығына басымды иемін. Оны өзіне де айтқанмын. Бірақ мен тәуелсіз ақынмын, менің айтқаныңмен жүресің деген монополистік жүйемен жүру маған ыңғайсыз. Ол кісінің уәжі бар, Ресейде КВН Масляковсыз өтпейді ғой деген. Бірақ Масляковтың қол астынан шыққан, жеке жоба болған өнерпаздарды қараңызшы. Ресейдің шоу-бизнесіңнің жартысын тіреп тұрған КВН-нен шыққандар. Жүрсін ағаның да түлектері осындай деңгейге жетсе деймін", - деді Бұлғақов. 

Өткен сайлауда кімге дауыс бердіңіз деген сауалға ақын еліміздің елеулі саяси шарасына қатыспағанын айтады. 

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста