Жаңа заман әдебиетін оқыңыз!

«Кітап оқымаған адам – тамыр­сыз қаңбақ», – дейді Алаш­тың арынды ақыны Фариза Оң­ғар­сынова. Жаны бар сөз. Көбі­несе «кітап оқымайдының» төңірегіндегі сын-пікірлердің бір парасы кейінгі кездері «қазақ әдебиетінде жаңа шығармалар жазылмай жатыр, кітаптар жарық көрмейдіге» келіп саятын. Осы олқылықтың орнын толтырғысы келген Мәдениет және ақпа­рат министрлігі мемлекет қоржы­ны­нан қаржы бөліп, «Жаңа заман әдебиеті: проза, поэзия, драма» сериясы аясында 400-ден астам су жаңа кітапты жарыққа шығар­ды.
Сонымен мемлекеттік тапсырыспен шы­ға­рылған кітап­тарға республикалық бюд­жеттен 1 093 286 мың теңге қаражат қа­растырылған. Жалпы таралымы 816 430 дананы құрай­тын әлі сиясы кеуіп үлгер­меген 407 кітап республикалық кітап­хана­ларға үлестірілді. Ал тұсауы кесілген «Жаңа заман әдебиеті: проза, поэзия, драма» сериясы аясында шық­қан кітаптар 45 атаудан тұрады, оның ішінде 25 прозалық, 19 поэзиялық шы­ғарма оқыр­манға жол тартса, «Драматургия» бөлігі бойынша «Тә­уелсіздік толғауы» байқауы­ның ең үздік пье­салары топтас­тырылған «Өріл­ген өмір өрнегі» атты кітап жарыққа шықты.
«Министрліктің атқаратын жұ­мыс­тарының ішіндегі негізгі­лерінің бірі – кітап шығару, яғни осы қазақ әдебие­тіне қолдан кел­генше мемлекет тарапынан жасалып жатқан істерді үйлестіру болып табылады. Жалпы, министрліктің қолдауымен жыл са­йын 380 аталымдағы кітап шығарылып ке­ле­ді. Бұл – соңғы 2-3 жылдың көлеміндегі көр­сеткіш. Әрине, олар бей-берекетсіз шы­ғарылып жатқан шығармалар емес, ар­найы топтамалар аясында жарыққа шығып жатқан дүниелер. Солардың ішінде айтуға тұрарлық топтама – «Жаңа заман әдебиеті: проза, поэзия, драма» сериясы. Негізгі мақ­сат Тә­уел­сіздік жылдары жарық көрген шы­ғар­малардың таңдаулы­ларының басын бі­ріктіру еді. Олардың ішінде әдебиеттің аға буын өкілдерінен бастап, аты көп­ке таныла қоймаса да, жаз­ған шығармала­рынан үлкен үміт күтетін жас қаламгерлер­дің де шығармалары енді», – деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қы­рық­баев. Бұдан кейін минис­трліктің Ақпа­рат және мұрағат комитеті төрағасының ор­ынбасары Қуат Бораш жарық көрген кі­тап­тарға қатысты қосымша деректер кел­тіріп, жалпы шолу жасады.
Тұсаукесер салтанатына арнайы келген академик Мырзатай Жолдасбеков, ақын-жазушылар Дүкенбай Дос­жан, Төлен Әб­дік, Несіпбек Айтұлы, Жүсіпбек Қорғас­бек, Жолтай Әлмашев игі бастаманың ақын-жа­зу­шылар үшін көп көмек екенін тілге тиек етіп, шығармалардың оқырманға жедел әрі тиімді жеткізу төңірегіндегі пікір-ұсы­ныстарын жеткізді
Арман ҚЫРЫҚБАЙ, ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі:
– Қазіргі ке­зде қазақ әдебиетіне қатыс­ты түрлі әңгімелер айтылып жүр. Дегенмен қазақ әдебиеті қайтадан даму, жаңғыру алдында тұр деп ойлаймын. Мәселен, жа­қында ғана өткен жас ақындарды мүшәй­раға іріктеп, таңдап алғанның өзінде 100-ден астам ақын қатысты. Сондай-ақ ми­нистрлік тарапынан «Жас толқын» серия­сын қолға алып, ақындарды іріктегенде 30-дың төңі­регіндегі жас ақындардың өзі жиыр­мадан асып жығылды. Яғни бұл мы­сал­­дардан-ақ қазақ әдебиетінің болашағы алда екенін көруге болады. Тағы бір айта кететін жайт – қа­зір жасы бар, жасамысы бар интернетте көп отырады. Ағалары­мыз­дың «жастар кі­тап оқымайды» деген пікірін жиі естиміз. Алдағы уақытта министр­лік тарапынан жа­рыққа шыққан кітап атаулы­ның барлығы­ның электрондық нұсқасын интернет же­лі­сіне шығару жөнінде ұсыныс жасап отыр­мыз. Бұл бастама баспа мен ав­тор­лар тара­пынан қолдау тауып отыр.

Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын:
– Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде ақын-жазушылардың шығармаларын кітап етіп шығару – оңай болған заман. Бірақ солай ек­ен деп, «қиыннан қиыстырып» жаза алатын, халық мойындаған ақын-жазушы­ларымызбен қоса, сапасыз шығармалар да еш шектеусіз шығып жатыр. Осыған тос­қауыл қоятын бір жүйе қолға алынса, әділ сындар айтылса деймін. Қазір сын деген тақы­рыпты мүлдем жауып тастадық. Интер­нетке кірсеңіз, дөрекі, тапсырыс сындардан аяғыңыз сүрінеді, журналист те, мұғалім, дәрігерлер де сын жазып, әдебиетке билік айтатын болып алған. Осыған төрелік ай­татын кез келген сияқты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста