Жан мен тіл тазалығын сақтаған ғалым

Жан мен тіл тазалығын сақтаған ғалым

Осыдан біраз жыл бұрын жұмысқа орналасу мақсатымен алғаш рет Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің есігін ашып, қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасына бойымды үміт пен күдік билеп кіргенім есімде.

«Ұлт рухын сақтау – сол ұлттың абыройлы парызы. Рухын сақтаған ел өміршең болады. Ұлт та, ұлттың рухы да ең әуелі тіл арқылы танылады. Тілін сақтай алған ел өзін, өзінің ертеңі мен болашағын қамтамасыз ете алады».
Фаузия Оразбаева,
педагогика ғылымының докторы, профессор


Есіктен кіргендегі көрініс әлі көз алдымда. Ұзындау келген шағын кабинеттің төр жағында жүзінде нұр ойнап, күлімсіреген әдемі жан отырды. Сол кездегі Фаузия апай маған әлемдегі ең әдемі әйел болып көрінгені өзіме ғана мәлім. Сол алғаш көргендегі апай бейнесі күні бүгінге дейін жан-жағына нұрын шашып келе жатқан, келісті де келбетті ұстаз әрі бәрімізге білгенін үйретер басшы болып келе жатыр.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп данышпан халық бекер айтпаса керек. Қашан көрсең де, қос жанары мейірімге, жаны ізгілік пен жақсылыққа толы Фаузия апайды көрген сайын Ғафу Қайырбековтің:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы, – деген өлең жолдары тек осы кісіге арналғандай әсерге бөлейді.
Ұстаздық – адам баласының жанын нұрландырар ұғымның ұлысы! Ұстаз – әр шәкірт, әр студент жүрегіне жол тапқан, жүрегі бала деп соққан мейірбан жан. Өз білімі мен біліктілігін соның жолына арнаған адам. Қалай десек те, ұстаздық – ауыр да мехнатты жол.

Әрбір әңгімелесу кезінде, әр отырыстарда ғалым-ұстаздың: «Болашақтағы жаңа ғасыр жастарын көптеген қиыншылықтарға қарамай тәрбиелеу, сабақтың сапасын арттыру – біздің басты міндет.

Келешекте еліміз басқа мемлекеттермен терезесі тең өмір сүруі үшін қазақ жастарын ешкімнен кем қылмай, мектеп, институт, университет қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға – ұстаз. Жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін, бала жанының бағбаны – ұстаздар қандай болу керектігі толғандырады. Менің ойымша, ең алдымен, ұстаздың ой-өрісі, дүниетанымы кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын алдында отырған білім алушыларға анық тұжырымдап, нақты түсіндіре білуі керек. Екінші жағынан, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, иманды, парасатты, байсалды және кешірімді болуы тиіс», – деп айтқан өнегелі сөздері жанында жүрген әр адамның көкейге түйер ұстанымы.

Расында да, Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағының интеллектуалдық ой-өрісін дамытуда дұрыс тәрбие беріп, оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қандай озық мәдениет болмасын, адамға оның төл мәдениетін алмастыра алмайды. Қазақ жастарының бойына қазақтың бірегей, қайталанбайтын ұлттық құндылықтарын сіңіріп өсіру де – басты парыз. Қазақтың ұлттық әдет-ғұрып, дәстүріне, ауыз әдебиеті жанрларына, салт-санасының уызына қанбаған, оның нәрін бойына сіңіре алмаған қазақ баласы – рухани жарымжан. Олай болса, жеке тұлғаның ұлттық сана-сезімі мен мінез-құлықтарын қалыптастыруда ұстаз қызметі орасан зор рөл атқаратыны сөзсіз. Шын мәніндегі ұстаз мінезімен де, ісімен де үлгі. Фаузия апай біз үшін осындай биіктен көрінер қадірлі ұстаз. Сондықтан оның алғашқылардың бірі болып – «Қазақстан Республикасының үздік оқытушысы» атағын иеленуі бізді қанаттандырды. Өзге де атақ-абыройы қаншама?! Міне, Фаузия апайдың ұстаздық келбеті дегенде осындай ойлар өз-өзінен сабақтаса өріліп жатады.

 Фаузия Шәмсиқызымен жұмыс істесіп келе жатқаныма он шақты жыл болып қалды. Ал ол кісінің басшылық қабілеті – өз алдына жеке әңгіме.

 Ар алдындағы басты қағида – бұл өмірге адам болып келген соң, адамдық ат пен қасиетке дақ түсірмеу. Осындай өлшемдер тұрғысынан қарағанда сондай аяулы жандардың бірі, жанымда жүрген жақсы адам Фаузия апай дер едім. Оның ең басты қасиеті – қарамағындағы адамдарға деген құрметі мен ықыласы.
Әсіресе, кафедра мүшелерінің әрбіреуінің жағдайын түсініп, дер кезінде ісімен де, жылы сөзімен де дем беріп, көмектесу – көп басшының бойынан табыла бермейтін қасиет. Жаның қысылғанда жүгіріп барсаң, әрдайым ақыл-кеңесін айтып, сөзіңді жерге қалдырмайды. Жаныңды, жүректегі ауыртпалық пен басыңдағы қиыншылықтарды көзіңнен ұғатын Фаузия апай қашанда қасыңнан табылады.

 Қандай да болмасын университет, факультет, тіпті кафедра тарапынан болған мәдени шараларда Фаузия апай өзі мұрындық болып, алда жүреді. Кафедра ұжымымен өткізген мерекелік шаралар ел есінде қалатындай, мәнді де сәнді өтеді. Өзі бастап нақышына келтіре ән шырқағанда тамсанбайтын жан болмайды.

Мен еңбек ететін қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасын басқарып отырған Фаузия Шәмсиқызы – басшы-ана. Қай ортада отырмайық, апайдың адам мінезін қалыптастыру туралы, адамгершілік, адалдық, әділдік, мейірімділік сынды адам бойындағы асыл қасиеттер, пендешілік, қанағатсыздық, көре алмаушылық тәрізді жаман қылықтар жайлы үнемі айтып, аналық жанашырлығын білдіріп отырады. Ал ғалым ретіндегі қыры – өз алдына бір төбе, жеке айтылар тақырып.

 Күні-түні тынбай еңбектенетін, үнемі ізденісте жүретін Фаузия апай алдына келген адаммен әңгімелесіп, шаруасын тыңдауға әрқашан уақыт табады. Жас ғалымдарға, мамандарға ақыл-кеңес беруден жалықпайды.

 Осындай өмірін ақиқатпен өрнектеген, адал еңбектің айдынында жүзген, ұлағатты ұстаз, білікті басшы Фаузия Оразбаева ғылымға өзінің шексіз үлесін қосып келеді.

Бір анық

Фаузия – ғалым және қоғам қайраткері. Ол алдымен филолог – тіл маманы және педагогика ғылымының жоғары дәрежелі маманы. Ол тек орындаушы ғана емес, ғылыми-әдістемелік еңбектердің ұжымдық сипатта жазылып, жарыққа шығуын ұйымдастырушы, жауапты редакторы болғанына да тәнтіміз. Осындай көлемді жұмыстың бірі 2005 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» оқу құралы. Ол жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған фонетика мен грамматикасынан тіл біліміндегі жаңа теориялар бойынша түзілген ғылыми курс. Сондай-ақ Ф.Оразбаева қазақ тілін оқып үйренуге арналған 6 деңгейлік оқу-әдістемелік құралдардың (36 кітаптық) жетекшісі және авторының бірі.
Фаузия Оразбаева – нағыз ұстаз, үлгілі жетекші, беделді тәлімгер. Ең соңғы сатыдағы еңбегіне үңілсек, Фаузия Оразбаева 30-дан аса ғылым кандидаттарын, 6 ғылым докторын дайындаған.
Рәбиға СЫЗДЫҚ,
филология ғылымының докторы, профессор

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста