"Жала жабылып, үш ай түрмеде отырдым": Отандық әртіс өміріндегі қиын мезеттер туралы ашық айтты

Бұрынғы цирк әртісі Айдос Тоқтарбай 2011 жылы өзіне жала жабылып түрмеде отырып шыққанын айтады. Бір қызығы, жала жапқан қыздың бұл қылығын түсіне алмай дал. Stan.kz тілшісіне басынан өткен осы жағдайды айтқан Тоқтарбаев кісен тағылып, темір тордың арғы жағында отырамын деп ойламағанын жеткізді.
Айдостың айтуынша, оқиға 2011 жылдың наурыз айында болған. Осындай "қызық" оқиғаға көп ұрынып қалатынын айтқан ол сол түні өзіңнің кішірігім жеңісін достарымен тойлатып отырған. Емен-жарқын көңіл көтеріп отырған Айдос кенеттен соғылған қоңырауға аса мән бермеген. Бейтаныс адам Айдостың дәл қазір қай жерде отырғанын сұраған. Ойында ештеңе жоқ Айдос мекен-жайымды айттым дейді. Сәлден соң тағы да жасырын нөмірден бір қыз қоңырау шалып, қайда жүргенін сұраған. Айдос бұл сұрақты да жауапсыз қалдырмадым дейді.

"Таң атқан соң монша жағатын болдық. Мен дүкеннен сыра алып келу үшін сыртқа шықтым. Түнімен тойлап, шала мастаумын. Ұйқы да қысып тұр. Таңғы ондар шамасында, жолда өзіме қарай келе жатқан бір қызды байқадым. Әлгі қарындас "сен неге маған қарадың, нақұрыс?" деді. Өзім түрлі болып қалдым. "Сенде нем бар, неге ұрынып тұрсың?" дедім. Сөйтіп үйге қайту үшін аялдамаға жақындап такси ұстайын деп ойладым. Сол жерде әлгі қызбен жақын тұрып қалдық, ол да такси ұстап тұрғандай кейіп танытты. Бір кезде анау қыз маған бірдеңелерді айтып, боқтады. Ішім кілп ете қалды. Жаман нәрсе болатынын сезіп, араңдатып тұрғанын аңғардым. Сезгенімше болмады, ана қыз айқайлап, шу шығарды. Қасында тұрған соң "басың істей ме сен қыздың?" деп едім, мені бір тепті. Тепкен кезде өзі құлап қалды. "Көмектесіңдер, зорлап жатыр, ұрлап кетті" деп ойбайға басты. Бір кезде есімді жисам, патрульдік полицияның машинасында екенмін", - дейді Тоқтарбаев. Айтуынша, оған нақақтан жала жапқан. "Қызық" осыдан кейін басталған. Бөлімшеге келген ол арыз жазып, бір уақытта жағдайы нашарлап, өлуге шақ қалды дейді Айдос.

"Жедел дәрдем шақырды. Ал ол қыз зорланбаған, еш жері ұрылмаған неге ауырып қалғанын түсінбей далмын. Сөйтсем ол қыз акртиса екен. Арыз жазғанда маған шанышқы тығып алды, сырғамды, сағатымды ұрлады деп жала жапты. Менің қалтамда шанышқы қайдан жүреді? Сонымен бөлімшеге барған соң қызық болғанда "өз кінәмді" мойындадым. Мұндай нәрсені көрмеген басым болып жатқан жайтты қорыта алмай, алдыма келген құжаттарға қол қоя салыппын. Сөйтсем ол "кінәмді" мойындаймын деген қағаз екен", - деген Тоқтарбаев дене жарақаты, тонау, зақым келтіру бабы бойынша санкция шығып түрмеге тоғытылған. Сот процесі біткенше үш ай түрмеде отырған. Үш айда төрт рет сот отырысы болыпты. Ал жала жапқан қыз бірде-бір рет сотқа келмеді дейді Айдос Тоқтараев.

"Қыздың алдына жалынып, жығылып барса, қарамаған. Денесіндегі ұрылған жер, мойнына тығылған шанышқы іздері болса көрінетін еді. Барған кезде бірде-бір жарақат іздерін көрмеген, барлық жері сап-сау. Меніңше қыз осындай тірлікпен айналысатын алаяқ. Соңында қыздан кешірім сұрап, сұраған ақшасын беріп, арызын қайтарып алғыздық", - дейді әртіс.

"Мен түрмеде жатқанда қыздың сұраған ақшасын беру үшін қор жинаған. Біраз өнер адамдары көмектесті. Жалдаған адвокаттары бар, басқасы бар, бас-аяғы 10 мың доллар шамасында ақша кетті. Жаласын алды. Сот екі жыл шартты түрде үй қамаққа жапты. Бірақ түрмеде өткен үш айда өзімді жегідей жеп отырдым. Кімнің ісі екенін білмеймін. Кімнен келген бәле екенін бір Алла біледі. Солай болуы керек болған шығар. Өмірімде қолыма кісен тағылады деп ойламадым", - деген ол өткен іске өкпе жоқ деп отыр.

Бірақ бір әттеген-айы әлі күнге дейін жұмысқа тұрарда базадан сотталған деп шығып тұратыны қол байлау болып тұр дейді.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста