Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова сырқаттанып қалып, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болғанын айтты. Жедел жәрдем өнер иесін ауруханаға алып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы эстрада жұлдызының өзі Instagram парақшасында айтып берді.
Байырбекова өзінің сырқаттанып қалуына байланысты орын алған қызықты жағдаймен де бөлісті.
Белгілі болғандай, әншінің сіңлісі оның ауырып қалатынын алдын ала сезіп, оған ескерткен.
"Туған сіңілім Аққал Байырбек 3-4 күн бұрын хабарласып “әже сізге денсаулығын күтсін. Ауруы жанына батып тұрса да жұмыс істеп жүре бермесін” деді - деп хабарласты.
Аққалдың айтқаны жедел жәрдеммен ауруханаға барғанда есіме түсті. Аққалдың түсіне үнемі бір әже кіріп алдынала көп нәрселер ескертіп тұрады.Біз тыңдамағанымызбен кейін әженің айтқаны дұрыс екеніне көзіміз жетіп жатады." , - деп жазды Жазира Байырбекова.
Өнер иесінің жанкүйерлері ол үшін аса қатты алңдап, оның тез сауығып кетуін тіледі.
"Алла шипасын берсін", "Қорқытып қойдыңыз ғой. Тез жазылыңызшы" , "Ауру атаулысы сізді айналып өтсін" , "Денсаулық тілейміз" , - деп жазды көпшілік. Жазира Байырбекова өз кезегінде бүгінде жағдайы жақсарып қалғанын жазды. "Денсаулығым жақсы Аллаға шүкір! Алаңдап сұрап жатқандарыңызға рахмет", - деп жазды әнші.