Халықтың мені әнге мәтін жазушы ақын ретінде ғана тануы қынжылтады

Нәзира Бердалы, ақын, «Қазақстан» ұлттық арнасының таңғы бағдарламалар бірлестігінің жетекшісі:

– Нәзира, сізді «Екі жұлдыз» жобасынан көріп, даусыңызды естіп жатырмыз. Сәттілік тілейміз! Бұл жобадан не күтесіз?
– «Екі жұлдыз» ұлттық арнаның жобасы болғандықтан, онда арнаның қызметкерлері үнемі қатысып тұрады. Алғашқы маусымда Гүлбаһрам Саитова мен Салтанат Қалиева, екінші маусымда Рахман Омар қатысса, бұл жолғы кастингтен мен өттім. Бейбіт Қорған­мен жұптасып, ән айтатынымды білген жоқпын, күтпеген жағдай болды. Бірақ онымен жұптасқаныма қуандым. Өйткені екеуміз де қазақтілді адам болғандықтан, қазақтілді аудиторияға жұмыс істейміз. Қай тақырып қозғалса да, қазақша ән айтпақ­пыз. Әлемдік хиттер кезеңі болған уақытта да оларды қазақшаға аударып айтатын шығармыз. Бұл – думанды бағдарлама, вокалдық байқау емес. Сондықтан біз кө­рер­­менге, ең бастысы, қызықты дүние ұсы­н­ғымыз келеді. Солардың көңілінен шығып, жобаның қызықтарын насихаттауды ғана мақсат етеміз.
– Қазақ эстрадасындағы соңғы жылдары шыққан біраз ән сіздің өлеңіңізге жазылған. Өлеңдеріңізге ән жазыла ма әлде әуенге сіз сөз жазасыз ба?
– Қазір орындалып жүрген бұл әндердің 90 пайызының мәтіні әуенге жазылған. Саз­герлер­дің біразы – шығармашылығыммен таныс жандар. Көбі ән жазайық деп едік деп, кітабымды алып оқиды да, ұнаған өлеңдерін таңдап, «осыны әнге келтіріп бер» деп ұсыныс жасайды. Бірақ мен бүтін бір поэтикалық туындыны бөлшектеуге қимаймын да, осы тақырыпта басқа өлең жазуға тырысамын немесе әуенді тыңдап отырып, басқа бір ойларға ерік беремін. Тек бір ғана өлеңімді ән үшін құрбандыққа шалғаным бар, ол – Құрмаш Махановтың орындауындағы Құрмаштың өз әні «Аңса­рым». Орындаушының кім екенін алдын ала білсең де, ән сөзі өзінше бөлек болып шығады. Ән дегеніміз – шағын пьеса ғой. Талантты әншілер бір әнді орындау арқылы бір қойылымды сахналағандай болады. Сондықтан әнге сөз жазғанда оның әні, сөзі, орындалу мәнері қабысып жатуы үшін үшжақты жұмыс қажет. Бір айта кетерлігі, Абайдан қалған «Өлең, шіркін – өсекші, сыртқа жаяр» деген сөз бар, бүгінде ақын­дардың шығарған әрбір өлеңі олардың өзі туралы деген ұғым қалыптасқан. Осыған қарама-қайшы пікір білдіргім келеді. Ақын шығар­ма­ларының бәрі, әсіресе әнге жазыл­ған өлеңдер олардың өзі туралы емес, ол орын­дап тұрған адамның жүрегінен шық­қан ән болуы немесе сазгердің идеясы бо­луы мүмкін. Сазгер ақын емес қой, сөзбен жет­кі­зе алмаған ойын әуенге айналдырады, со­дан кейін ақынға «ән мәтінінде менің жүрегімді тербеген нәрселер болса екен» деп өтініш жасайды. Әннің тарихын айтқан­нан кейін ақын оған сазгердің көзімен қа­рап, тағы бір жаңа өлең жазып шығуы мүм­кін.
– Әуенге сөз жазатын ақындарға кейде «осыны танымал болу үшін жасап жүр» деген кінәлаулар айтылып жатады. Сізге қатысты осындай сын айтылды ма?
– Халықтың мені әнге мәтін жазушы ақын ретінде ғана тануы қынжылтады. Әнге сөз жазушы ақындар солай «поэт-песенник» болып танылғысы келеді. Ал мен бұлардың қатарынан табылуды көздемеймін. Өйткені мен – әнге сөз жазбастан бұрын да жазба ақын ретінде оқылған, мойындалған адам­мын. Әу баста, мектеп қабырғасында жүр­генде ақын болуды көбірек армандайтын едім. Қай саланы таңдасам да, ақындықтың мені тастап кетпейтінін сол кезде-ақ сезе­тін­мін. Қазір мамандығым журналист болса, ақындығым – жүректің қалауы. Алдағы уақытта қалай боларын білмеймін, әде­биет­ке түбегейлі бет бұруым да мүмкін. Әуен­ге сөз жазуда сарқылып қалудан, біріз­ділікке түсіп кетуден қорқамын. Бұған аса көп құмарта бермейтінім де содан. Бірақ бір ортада жүрген жақын достарыма, басқа да бірқатар адамдарға келісім беруге мәж­бүр боламын. Кейде, шынымен, әнге өлең жазғым келіп, шабыттанып жүретін кездерім де бар. Ондай сәттерде сазгерлерге «мені бір ой мазалап жүр, ол түбі өлең болып шыға­ды, егер лайықты әнің болса, жазып тастайық» деп өзім қолқа саламын. Бірақ бәрібір поэзия түрінде кітапқа түскен дүние мәңгілік қалады да, ал әннің бәрі мәңгілік бола бермейді, хит болған әндердің өзі уақыты өткеннен кейін қалады.
– «Мен әйелмін» дегенді өлеңіне қосатын, сізге еліктейтін ақын қыздар көбейді. Бұған қалай қарап жүрсіз?
– Расында да, бұл – әуенге жазылған өлең. Бағлан Бәбіжанның әнін алғашқыда Бағдат Сәмединова апайымыз орындайды деген жоспар болды. Бағдат апай – екі қыз бала тәрбиелеп өсірген ана, өте қылықты әйел, поэзияны оқитын, өзі орындайтын әрбір әннің сөзіне мән беретін, жан-жақты, еңбекқор, талапшыл адам. Бағдат, Бағлан, мен үшеуміз осы әуенді тыңдап, бұл әйел тақырыбына арналған ән болады деп шештік. Қазақ қызының сұлулығына, шығыс әйеліне әсіресе ерлер тарапынан арналған өлең-жырлар көп. Бірақ бұл өлең қазақ әйеліне тән барлық қасиеттерді бір ұғымға сыйғызатындай болуы керек деп ойладым. «Мен әйелмін» деген сөз тіркесінде әйелдің біреуге қыз, біреуге жар, біреуге келін бола отырып, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетуші ана екенін, оның нәзіктігін, даналығы мен әдемілігін паш ету ұғымы бар. Өлең жазылып болғаннан кейін ән Қара­қат Әбілдинаға берілді. Болмысы қазақ қызы­ның образына сай келетін Қарақат әнді өте жақсы орындап шықты. Дегенмен кейін үлкендер тарапынан «Нәзира мен Бағланға және Қарақатқа «мен – әйелмін» деп жария­ға жар салуға әлі ерте» деген сыни пікірлер естідім. Осы орайда бұл өлеңнің де жалғыз мен туралы емес екенін тағы айтқым келеді. Мендегі – әрбір қыз бала, әрбір әйел, әрбір ана осы өлеңнен өзін тапса екен деген ой ғана. Сондықтан қазір ақын қыз-келіншектер бұл жырға үн қосып жатса, мен оған өте жақсы қараймын. Еліктесе де, ең бастысы, сол арқылы өмірлік көзқарастарын қалып­тастыра алса екен деймін.
– Ұзақ жылдан бері отандық тележурналистика саласында қызмет етіп келесіз. Осы салаға нені алып, нені қоссам дейсіз?
– Мен қызмет ететін «Таңшолпан» таңғы ақпаратты-сауықтық бағдарламасы бір телеарнаның өз алдына бөлек шағын үлгісі тәрізді ғой. Бұл – үлкен цех. Ұранымыз – «Көкте Шолпан туғанда, Жерде тіршілік басталады!» Жұмысымызда әр шаңыраққа сол күннің жақсылығы, көтеріңкі көңіл күй алып келсе екен деп ойлаймыз. Көтеріңкі көңіл күй дегеніміз тек қана арзан күлкі емес, бұл – адамды қанаттандыратын, рух беретін, жанын жадырататын, өмірге құл­шы­нысын оятатын дүниелер. Өмірдің жақсы жақтарын көбірек көрсетуге тырысамыз. «Таңшолпан» журналистикаға ақынның көзімен қарауға мүмкіндік береді. Қоғамда қанша келеңсіздік болып жатса да, әлемде қанша соғыс, қантөгіс болып жатса да, біз оларды көріп-біліп отырып, өміріміздің екінші жағы бар екенін көрсеткіміз келеді. Әр сюжетіміз, жүргізушілер жазған сцена­рий­лер осыны көздейді. Жаңа маусымда көрерменге «Таңшолпанның турнирі», «Таң­ғы телемүшәйра», «Көрерменге қойы­латын сауал» сияқты жаңа айдарлар ұсынып отыр­мыз. Негізінен, көрермендердің SMS арқы­лы байланысуына, дауыс беруіне ар­нал­ған айдарлар енгізілді.
– Шығармашылығыңызға табыс тілеймін!
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста