Халық күткен «Қаламқас» жарық көрді

Жуырда осындай атпен Абай ауданындағы атақты Қалам­қас халық ән-би ансамблінің құрылғанына 40 жыл толуына орай Семейдегі PRINTMASTER баспахана орталығынан жаңа кітап шықты. Әсем безендірілген тартымды да мазмұнды кітап Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков­тің «Қаламқасқа мың алғыс!» деген алғы сөзімен ашылған.
«Қаламқас» деп ат қойдық», «Қалам­қас» деп ән салдық» және «Ән-жырымыз, ұра­нымыз – «Қаламқас» деп аталатын үш бөлімді жинақта құрылған беттен аудан, облыс, республиканы айтпағанда, бұрын­ғы Одақ, тіпті шетелдерде танылып үлгерген ауыл өнерпаздарының өнердегі, өмірдегі өнегелі жолдары шынайы да нанымды түрде ашып көрсетілген. Жер­гілікті халық жазушысы, марқұм Кәмен Оразалин аға­мыз, ел мәдениетіне еңбегі сіңген Молда­бек Жанболатов, Мұрат Әлин, Әлібек Ақышев, Әлімқұл Ысқақұлы, сондай-ақ ұлылар елінде түрлі салада қызмет атқар­ған, атқарып та келе жатқан Жақсылық Екібаев пен Төлеген Жанғалиев, белгілі журналист Айтқаным Ахметбекова айтулы ансамбль туралы нақты деректер­мен жүрекжарды сөздерін жеткізе білген.
«Қаламқасқа» еңбегі сіңген өнер қай­раткерлері туралы тартымды мақала­лар­дың басым бөлігін бір кезде өзінің де осы өнер ұжымында ізі қалған Нағия Бұ­лан­баева жазыпты. Ал осы кітаптың ре­дакторы белгілі журналист-жазушы Дәулет Сейсен­ұлының оны құрастырып, әдеби қалыпқа келтіріп өңдегенін айтпай кетуге болмас.
«Қаламқастың» 40 жылдығына орай, мұның сыртында атақты ансамбльдің өнердегі жолын дәйектей түсетін аудио және видео компакт дискілері де шығары­лып отыр. Соның бәрі – аудандық мәдениет бөлімінің бастығы Әсет Мырзақасымның тынымсыз еңбегінің жемісі. «Артта мал қалғанша, тал қалсын» демекші, осының бәрі – мерейтой қарсаңындағы игілікті шаруа.
Ауылдан шыққан өнерпаздар туралы бұл кітап Семей қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Бейсенғазы Тастекеевтің демеушілігімен жарық көрді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста