Халық әртісі өмірден өтті

Қазақ опера өнерінің бір жұлдызы ағып түсті. Кеше өнерсүйер жұртшылық 75 жасқа қараған Қазақстанның халық әртісі Бақыт Әшімованы ақтық сапарға аттандырды.
Бақыт Әшімова 1937 жылы қа­ра­ша­ның 8-інде Алматы облысы Қа­ра­сай ауданының Береке ауылында дү­ние­ге келді. 1956 жылы Қызылорда қыздар педагогикалық учи­лищесін, 1963 жылы Алматы кон­сер­ва­ториясын бітірген. Кон­сер­ва­торияда оқып жүргенде Қазақ ака­де­мия­лық опера және балет театрына жұмысқа қа­был­да­на­ды. Театрда ұзақ жыл­дар бойы жетекші солист болды. Ол көп­те­ген опера­лар­дағы меццо-сопранолық рөл­дерді нәзік ли­ри­калық иірімдермен байытты. Атап айт­қан­да, Е.Бру­си­ловс­кийдің «Қыз Жібегінде» – Дү­рия мен Қамқа, А.Жұбанов пен Л.Ха­ми­дидің «Абайында» – Қар­лығаш, М.Тө­ле­баев­тың «Біржан – Са­ра­сында» – Аналық, П.Чайковскийдің «Ев­гений Онегинінде» – Ларина, Дж. Пуч­чи­ни­дің «Баттерфляй ха­ны­мында» – Сузуки, Ғ.Жұ­банованың «Құр­ман­ғазысында» – Алқа, Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлуында» Балым партияларын және тағы да басқа таңдаулы рөлдерді тұң­ғыш орындады. Әшімова – Н.Тілендиевтің «Куә бол», «Ма­хаббат мұңы», «Күндер-ай», «Жүрегім менің», «Саржайлау», «Сөн­бейді, әже, шырағың», Е.Рахмадиевтің «Ба­ла ғашық», «Сағындым, еркем», «Күз­де» әндерінің де алғаш орындаушысы. Халық әртісі зейнеткерлікке шыққаннан кейін де театрдан қол үзбей, жас әртістер үшін репетитор-педагог қызметін атқарды. Одан тәлім алғандар да бүгінде елімізге және шетелдерге танымал әртістер атанды. Әншімен қоштасу кеше Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста