Хайп үшін әкесінің көлігін өртеген отандық блогер сынға қалды (видео)

Танымал отандық блогер Дархан Жолшыбеков әкесінің көлігін өртеп жатқан видеосын жариялап, желі қолданушыларының ашуын келтірді. Қалың көпшілік желі жұлдызының бұл әрекетіне шүйлігіп, оны сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Дархан Жолшыбеков әкесінің ескі көлігін өртеймін деп, желіні шулатты. Жас блогер бірнеше жыл бойы ата-анасына аянбай еңбек еткен темір тұлпарды бір мезетте өртеп жіберді. Ол қираған автокөлікпен қоштасу рәсімін арнайы видеоға түсіріп алып, Youtube желісінде жариялаған. Бейнежазбада желі жұлдызының көлік үстіне бензин шашып, артынан оны көп ойланбастан өртеп жібергенін көруге болады. Дархан Жолшыбеков бұл әрекетін Тараз қаласының сыртында іске асырған. Оның сөзінше, темір тұлпарды өртеу кезінде барлық қауіпсіздік шаралар сақталған. Алайда, отандық блогердің бұл ісі барлығына бірдей ұнай қойған жоқ. Кейбір желі қолданушылары оны көлікті өртегені үшін сынап тастады. Олар көліктен бұл жолмен құтылғанша, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға тарту еткені жөн деп санады.

 

"Әкесіне тиесілі нәрсені қадірлемей ме?" , "Бұл не қылған қылық?" , "Іші қызғандар ғой. Біреулер осыған да зар ғой" , "Ертең кешірім күтеміз. Штраф, экология бұзғаны үшін" , "Одан да маған бере салмадың ба" , "Бір мұқтаж жанға берсең, сауап алар едің", "Атың шықпаса жер өрте" , "Instagram үшін, ақша табу үшін осындай істерге барды" , - деп жазуда көпшілік

 

 Сонымен қатар, кейбір оқырмандар Дархан Жолшыбековті жақтап шықты. Олардың болжамынша, жас блогер ескі көліктен құтылғанымен, жақында әкесіне жаңа темір тұлпар табыстайтын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста