Ақпанның 12-сі күні Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен залында үрмелі аспаптар музыкасының кеші өтеді. Концертке ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі тромбоншы Александр Федянин дирижерлік етеді.
Консерваторияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеш «Үрмелі музыка шеруі» деп аталады. Оған музыкалық жоғары оқу орнының үрмелі аспаптар оркестрі, үрмелі ағаш аспаптар квинтеті, гобойшылар ансамблі және басқа да музыканттар қатысады. Бағдарламада Вольфганг Амадей Моцарттың «Дон Жуан» операсына арналған увертюрасы, Антонио Вивальдидің концерттері, Антонин Дворжактың «Славян биі» жинағының үлгілері, академиялық музыканың басқа да әлемге әйгілі өкілдерінің үрмелі аспаптарға арналған шығармалары орындалады. Музыканттар көрермендерді флейта, тромбон, фагот, гобой, орган, кларнет, саксофон сияқты қалың көпшілік үшін беймәлім аспаптардың сырына сырттай болса да қанығуға шақырады. Үрмелі аспаптар ұжымдары концертінің дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор А.Федянин. Концерт сағат 19.00-де басталады.
Үрмелі аспаптар музыкасының кеші өтеді
Последние статьи автора