Ұлы ұстаз ұлағаты

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар)

Халқымыздың ұлы ұстазы, көрнекті ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 140 жасқа толуына орай Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында мерекелі шара болып өтті. Аталған шараға елімізге белгілі ғалымдар және әдебиет пен мәдениет өкілдері қатысты.

Еңбек еткендер еленді
Осы уақытқа дейін еліміздің әр өңірінде ұлы ұстаздың мұрасын зерттеп-зерделеуге байланысты ғылыми-көпшілік шаралар ұйымдастырылып келген. Әліпбиден бас­тап Ахаңның ағартушылық бағыттағы өзге де тұщымды еңбектерін саралаған бірқа­тар ғалымның еңбектері бірнеше том кітаптарға арқау болып келді. Танымдық жағы басым мұндай бастамалар әлі де игі жалғасын тауып отырмақ.
Мәдени шараны алғашқы болып аш­қан белгілі ахметтанушы, Ахмет Байтұрсы­н­ұлы мұражай-үйінің директоры Райхан Имаханбет барша жұртты – ғұлама ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері есімін ұлықтаған кеш қонақтарын құттықтады. Шара барысында Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, профессор Рахман Алшанов Ахмет Байтұрсынұлының қазақ қоғамына сіңірген еңбегі туралы айта келіп, Ахмет мұрасын насихаттауға еңбек сіңірген тұлғалар мен мекемелерді арнайы марапаттап, қауымдастық атынан сый-сияпат көрсетті. Атап айтсақ, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония­сының директоры Мұхтар Өтеуов, «Қазақ газеттері» ЖШС президенті Жұмабек Кен­жалин, «Ұлт болмысы» журналының бас редакторы Гүлжанар Амантайқызы, Abai.kz ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуат, Ахмет Байтұрсынұлы мұра­жай-үйінің директоры Райхан Имаханбет Жоға­ры оқу орындары қауымдастығының ал­ғыс­хатымен марапатталды.

Ал ғұлама ғалымның атын иеленген мұражай-үй ұжымына ұлт ұстазы, мемле­кет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұр­сыновтың аяулы есімін және оның артында қалған мол мұрасын насихаттау мақсатын­да атқарған зор еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы орден табыс етілді.
Сондай-ақ Ахаңның артында қалған мол мұрасын насихаттау мақсатында ат­қар­ған зор еңбегі үшін білікті педагог Серік Самұратұлы – А.Байтұрсынов атындағы алтын медальмен, ал өнер майталманы Жанар Сүлейманова күміс медальмен мара­патталды.
Рахман АЛШАНОВ, Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті:
– Ахмет Байтұрсынұлы тәрізді ардақты ағаларымыз елдің болашағы жолында өз өмірлерін қиды. Ұлы ұстаз­дың  армандаған арманы орындалып, ойлаған ой-мақсаттары іске асты деп есептеймін. Біз егеменді ел болдық, аты­мызды бүкіл әлем танып жатыр. Эко­номикамыз дамып, мәдениетіміз өрістеуде. Ғылым саласында да көп өз­геріс болып жатыр. Жоғары оқу орын­дары қауымдастығы Ахмет Байтұрсы­н­ұлының 140 жылдығына байланысты бірнеше шара өткізді. Еліміздің көпте­ген оқу орнында ғалымның мұрасын насихаттаған бірқатар шара жүзеге асырылды.

Еліміздің жоғары білім беру жүйесі­нің дамуына қосқан зор үлесі, жаңа буын мамандарын даярлаудағы жаңа­шыл идеялары мен инновациялық ұстанымдары үшін тұлғалар мен ұйым­дарды ынталандыру мақсатында  Жоға­ры оқу орындары қауымдастығы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қола, күміс, алтын медальдар тағайындадық. Биыл­дан бастап Ахмет Байтұрсынұлы атын­дағы орден шықты. Мұндағы мақ­сат – ғұлама ғалымның ісін жалғас­тырғандардың ісін ынталандырып отыру.
Қауымдастық сондай-ақ оқулық мә­селесіне айрықша серпін беріп келе­ді. Қазақстанның оқу орындарында 50 млн кітап болса, соның сегіз-ақ мил­лио­ны – қазақ тіліндегі кітап. Еліміздегі 146 жоғары оқу орнында 60 мыңнан астам студент тәлім алуда. Жыл сайын тәлімгерлер қатары 30-40 мыңға өсу­де. Тәжірибелі ғалымдар мен оқыту­шы­лар бірігіп, биыл қазақ тілінде 200 мың кітап шығардық. Ал келер жылы 400 мың кітап шығару жоспарлануда. Бұған мемлекет тарапынан қаржы да бөлінді. Осы игі іске білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ерекше қолдау көрсетіп отыр. Электронды кі­тап­хана арқылы кітап тапшылығын ше­шуді ойластырудамыз. Мұның барлығы – Ахаң армандап кеткен ұлы істер. Ендеше, Ахмет мұраларын зерделеген ұрпақтың болашағы да зор болмақ.  
Музыкамен көмкерілген кеш
Шынында да, бұл жолғы кештің әдет­тегі мерейтойлық шаралардан өзгешелеу си­патта өткендігін атап өткен жөн. Онда ұзын-сонар баяндамалар мен жарыссөз­дер­дің орнын әсерлі музыкалық бағдар­ла­ма алмастыра алды. Салтанатты шара ая­сын­да Жамбыл атындағы Қазақ мем­­­ле­­­ке­т­тік фи­лар­мониясының солисі, халы­қаралық кон­курстардың дипломаты Жа­нар Сүлейме­нова арнаулы концерт берді. Фор­те­­­пиа­­­нолық музыкалық кешке ұласқан ұлы ұстаз мерей­тойында өнер көрсеткен музыкант  Жанардың әкесі Мұхамет-Халел Төлебайұлы (маман­дығы – физик әрі ма­те­матик) кеңестік рухта тәрбиеленген ұр­пақ­тар ұғымына лайықтап Ахмет Бай­тұр­сынұлының таңдаулы өлең­дері мен кейбір келелі қағидаларын орыс тіліне аударып, «Яркий носитель духа чело­вечности» атты кітапшаны 1998 жылы ға­лым­ның 125 жыл­дық мерейтойына арнап шығарған екен.  Шындығында, бұл Ж.Мұ­хамет-Ха­лел­қызының Ахаң рухына арнап отырған бұл бірінші концерті емес. 1998 жылы күзде ҚР мемлекеттік симфониялық ор­кест­рінің дирижері Әбдірашев Төлепбер­геннің жетекшілігімен Ахмет Байтұрсын­ұлының 125 жылдық мерейтойына ар­нал­ған концертте жеке орындаушы болған. Ал бұл концерттік шара екі бөлімнен тұрды, бағдарлама әр кезеңнің түрлі стильдегі шығармалары – еуропалық классиктердің шығармаларымен бастап, қазақ әуендері­мен қорытындыланды. Бірінші бөлімде неміс композиторы Людвиг Бетховен мен венгр композиторы Ференц Листтің шығармалары ойналды. Мұны таңдаудағы мақсат – қос композитордың шығармала­рын­дағы көтерілген қоғамдық-әлеуметтік тақырыптар Ахмет Байтұрсынұлының ерік сезімімен рухтас әрі әділдік жолындағы күрескерлігі үмітке толы болуында. Екінші бөлімде поляк композиторы Фредерик Шопен, орыс композиторы Михаил Глинка мен қазақ музыка өнерінде өзіндік орны ерекше этнограф композитор Александр Затаевичтің туындылары орындалды. Шопен Польшаны қанаушылардан азат етуші ұлт-азаттық қозғалыстың қайраткер­лерімен рухани жақын болды, ал Польша, Ресей мен Украинадан жер аударылғандар бір-бірімен идеялас еді, бұл Қазақ елінде Абай мен Ахметтердің өмір сүріп жатқан кезеңі болатын.  Глинканың «Айырылысу» атты түнгі музыкалық сарынындағы қайғы-қасіреттерге толы күндер Ахметтің басында да болады. Ең жақын туғандары мен сүйік­ті жарынан бөлек, тауқымет кешу, қараңғы халқының көмескі болашағының қамын ойлау – бәрі-бәрі бір-бірімен өзектесіп жатыр.  Концерт  Затаевичтің өңдеуіндегі халық әндері мен күйлері негізінде қоры­тындыланды. Кеште орындалған «Ага-гу», «Арғын», «Балқадиша», «Қарғам-ау», «Құрышқан», «Әйда, былпылым!» және «Тепенкөк» шығармаларының ішіндегі екі күйді ұлттық аспапта ойнап, жеткізуші – Ахмет Байтұрсынұлы. 1923 жылы Ахметтің 50 жас мерейтойында Затаевичтің өзі фортепианода ойнап, Ахаңа үлкен ілтипат жасаған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста