Ұлы Мұхаңның туғанына – 115 жыл

Филология ғылымының қазақтан шыққан тұңғыш докторы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің кемеңгер жазушы, ұлы суреткер, дана ғалым дәрежесіне көтерілуінің сырын әуезовтанушылар оның Абай топырағынан өніп-өсуімен, ұлылық қайнарынан қана сусындап, Абай рухын бала жасынан бойына сіңіріп өскендігімен байланыстырады. Алайда «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп білген ұлы жазушының өмірбаян беттеріне үңіле отырып, оның үздіксіз ізденіс үстінде болғанын аңғарамыз.

Алғашқы баспалдақтар
Бала Мұхтардың Камалиддин хазірет медресесінен басталған шәкірттік жолы бескластық орыс училищесінде, одан әрі Семей қалалық мұғалімдер семинария­сын­да жалғасады. Сол кезеңдегі өте жүйелі білім ордасы болып саналған аталмыш оқу орны қабырғасында жас Мұхтар қоғамдық өмірге араласа бастайды. Алаш­орда үкіме­ті мен Алаш қоз­ғалысының ба­ғытын ұстан­ған «Жас аза­мат» атты Бүкілқазақ­стан­дық жас­тар ұйымының белсенді мүшесі бола жүріп, Ж.Аймауытовпен бірге «Абай» ғы­лыми-көпшілік журналын шы­ғаруға атса­лы­сады. Семейде Кеңес өкіметі орнағаннан бастап жергілікті билік орындарында жауап­ты қызметтер атқарады, «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болады. 1921 жылы Семей облревкомының төр­алқа мүшесі, атқару коми­тетінің төрағасы қызметін атқа­рады. 1921 жылдың қараша айында Қазақ АКСР ОАК-тің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарады және кадр мәселесімен айналысады.  Іле-шала Мұхтар Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде – бір қыс, Ленинград университетінде төрт жыл оқып, филология факультетін бітіреді. Сол жылы Орта Азия университетінің шығыс факультеті жанындағы аспирантурада оқиды. Ұлттық тең­сіздік пен сауатсыздық­ты жою, аш­тықпен күрес жөнін­дегі батыл пікірлері мен шынайы шығар­ма­лары үшін «ұлтшыл, алаш­ордашыл» атанып, саяси сах­надан шеттету басталған тұста Мұхтар Омарханұлы бірыңғай шығармашылыққа кө­шіп, ғылыми жұмыстарды да қолға ала бастайды. «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қи­лы заман» тәрізді жарыққа шыға салы­сымен қайта жиналып алынған құнды дү­ниелерінің жазылатыны да – осы тұс.
Қаламгерлік қуаты
Дәл сол жылдардағы «Ескі интел­лиген­цияны құртпайынша, пролетарлық мәде­ниет жасай алмаймыз» деген солақай сая­сат қазақ зиялыларын шетінен баудай тү­сіргені белгілі. Сол уақытта Ахмет, Мір­жа­қып, Мағжан тәрізді Алаш арыстарының соңын ала Әуезов те тұтқынға алынады. «Алашордамен қатысың болды, үстем тап­тан шыққан Абайды дәріптедің, реакция­лық романтизм әдісінде жаздың, кол­лектив­тендіруге қарсы шықтың» деген айыптаулармен тергеу ісі ұзаққа созылып, тек екі жылдан соң ғана шартты түрде босатылады. Озбыр биліктің өз ойынымен ойнауға мәжбүр болған Әуезов сол ме­зет­те «өз қателерін» мойындап, «Ашық хат» жазады. Сөйтіп, «Өзге Алашорда ба­сын­дағы жазушылар сияқты мен де ...ауылдың байы мен рубасыларының тілегін, мұңын жоқтайтын салт-санасы болдым. Қазіргі күнде мен өзімнің бұрынғы жазушылық жолымдағы бағытыма ғана емес, қазақ әдебиетін тексерген тарихшы, зерттеуші есебіндегі қызметіме де теріс деп қарай­мын. ...Ендігі байламым – сол ескілікпен мені байланыстырып, жақындастырған жайлардың барлығынан үзілді-кесілді арылып шығу» деп «ағынан жарылады». 1932 жылдың 10 маусымында «Со­циа­лис­­тік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған сол хатта Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай ту­ралы зерт­теулерінен, «Қара­гөз», «Еңлік – Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тарта­тынын мәлімдейді. Содан кейін ғана ол сәл де болсын еркін жүріп-тұруға, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік алады.
Қалай дегенмен де  алғашқы шығар­ма­ларынан бастап-ақ туған халқының та­мыр-тарихына үңіліп, бағалы дүниелерін дәріптеуге, сол арқылы ұлттық сананы оятуды, қазақтың елдігін қорғап, оның әде­биетін, мәдениетін көтеруді көксеген М.Әуезов 1918 жылдан 1954 жылға дейін үздіксіз қуғын көреді. Сондай қиын-қыс­пақ жағдайларды бастан өткере жүріп те ұлы суреткер әдебиеттің алуан жанрында тер төгіп, очерк, әңгіме, пьесалар жазды, тамаша аудармалар жасады, әдеби сын мен әдебиет тарихын зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүйелі арнаға түсіріп, оқу­лық­тар құрастырды. Жазушылығы – өз ал­дына, Мұхтар Әуезов, қорыта айтқанда, қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тари­хының, әдебиет теориясының және абай­тану­дың негізін салды. Қазақтың класси­калық драматургиясы жанрын қа­лып­тастырып, драматургия сынын, сондай-ақ аударма саласын жолға қойды. Сөйте жүріп өз шығармашылығының ең биік шыңы – Абай тақырыбына қалам тартты. Соның нәти­же­сінде «Татьянаның қырдағы әні» әуелеп, артынша «Абай» трагедиясы сахнаға шықты. Ең соңында он бес жылдық ізденіс­тің жемісі – «Абай жолы» эпопеясы бір ғана қазақ емес, күллі әлем оқырмандарына жол тартты. Осылайша «Абай жолы – халық жолы, халық жолы – Абай жолы» екендігін тарихи шындыққа сай көркемдік шеберлікпен суреттеу арқылы шығарма­шылық жеңістің ерен үлгісін көрсеткен да­ра суреткер, пайғамбар жасынан сәл ғана асқан шағында, 1961 жылы 27 мау­сымда Мәскеудегі Кунцево ауруха­насында дүние салды.

Қайраткерлік қайнары
Қоғамдық өмірге етене араласып, Ах­мет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек тәрізді Алаш зиялыларымен рухтас болған Мұхтар Әуезовтің саяси санасы ерте жетіл­гені даусыз. Туған халқының әлем елдері­мен терезесі теңелуін көксеген сұңғыла жазушының алғашқы шығармаларынан-ақ ғасыр басындағы ұлттық өмір шынды­ғын барынша ашып көрсетіп, содан сабақ алуға үндегені байқалады. Осы мақсат енді бір мезетте оның публицистикасынан да көрініс беріп, қаламгердің мақалалары мен көркем шығармалары арасындағы үндестік «Ұлт белсенділеріне хат» немесе «Қазақ оқығандарына ашық хат» форма­сына  ойысады. Қалай болғанда да дана Әуезов өзіне соншалықты қымбат қазақ қауымын «ірі болуға, ірі болу үшін тірі бо­луға» шақырады. Таным-білімінің терең­дігін бірден аңғарғандықтан да Алашорда көсемдері небәрі 20 жастағы Мұхтарға арнайы тапсырыспен «Жапония» атты сал­мақты мақала жазғызады. Ондағы мақсат – сол кездегі Батыс экспансиясына төтеп бере алған, Азия кеңістігіндегі бір ғана ел – жапондардың өзін-өзі қорғай алуының ішкі себептерін саралап-салмақтау, сөйтіп, оны ұлт кәдесіне жарату болады. Әрине, аласапыран уақыт ұлт көсемдерінің ол ойын жүзеге асыруына ырық бермеді. Ең бір өкініштісі – Алаш қайраткерлері өткен ғасырдың басында-ақ ерекше мән берген, қаперге алуға тырысқан осындай маңызды жайттардан біздің әлі де сабақ ала алмай жүргеніміз...       
Бір анығы, Мұхтар Әуезов Жапония тақырыбына өмірінің соңғы жылдарында қайта айналып соққан, 1957 жылы арнайы сапармен барған да. Жапонияда өткен атом және сутегі бомбаларына тыйым салу жөніндегі бүкіләлемдік конференцияға қатысып, арнайы сөз сөйлеген, Күншығыс елін 40 күндей аралаған. Осы орайда, бір­қатар адамдар «Әуезовтің қазасына Жапония сапарының тікелей әсері болуы мүмкін» деген пікір айтады. Мыса­лы, ол – жазушының қасиетті атақонысы Семей өңірінің ядролық сынақ алаңына айналып тұрған шағы болатын. Жапонның жермен-жексен болған қос қаласының қасіретін көзімен көрген жазушы өзінің кіндік қаны тамған топырағының топалаңы шығып, Қарауыл жұртшылығының одан бетер зобалаңды бастан кешіріп жатқан азапты да тозақты тағдырын, бәлкім, сол сапарын­да терең түйсінген шығар. 40 жыл бойы 500-ге жуық сынаққа төтеп беріп, Хироси­ма мен Нагасакиді күл-талқан еткен жой­қын күштерден екі жарым мың есе зор азап­қа таңылған момын халқының шара­сыз халіне жазушының жаны күймеуі мүм­кін емес. Сөйтіп, бір қарекетке барған да болар. Егер тап солай болған жағдайда тоталитарлық жүйеге Әуезовтің бұл әреке­тінің ұнамасы бесенеден белгілі.
Қалай болғанда да «Жел тұрмаса, шөп­тің басы қимылдамайды». Мысалы, көп жұрттарды Әуезовтің жұмбақ жағдай­да, онда да Кремль ауруханасында қайтыс болғаны қапаландырады. Өйткені жазу­шы­ны мазалаған полип тіпті де адам өмі­рін қиып кетерліктей кесел емес болса ке­рек-ті. Бірақ сол асқазан өсіндісіне жа­сал­ған ота салдарынан ұлы жүрек соғуын тоқтатты. Арыс атаулы маңдайына сыймаған соры қалың қазақ үшін ұлт рухының асқар шы­ңындай Мұхтар Әуезов қазасы орны толмас өкініш күйінде мәңгілікке қалып қойды...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста