Ұлттық құндылықтарды сериал арқылы көтеретін кез жетті

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазір заман басқа, заң басқа. Талап та, талғам да күн сайын өзгеріп жатыр. Бұрынғыдай арқаны кеңге салып, алаңсыз жүретін немесе бос қиялға беріліп, уақытты текке өлтіретін кез емес. Күнделікті шаруалар, үйдегі, түздегі әртүрлі жағдайлар, қиюы бірде келсе, бірде келмейтін қоңырқай тіршілік жұмыр басты пенденің қай-қайсысы үшін де жеңіл жүк емес. Яғни былай қарасаң, ешкімнің ешкіммен жұмысы жоқ сияқты. Бірақ соған қарамастан, телесериал көруге, өзімізден алыс әлеммен бірге тыныстап, жақсылығына қуанып, жамандығына қайғырып, солармен бірге жылап, бірге күлуге уақыт табамыз. Былайша айтқанда, көрермендер аудиториясының басым бөлігі күні бүгінге дейін телесериал кейіпкерлерімен бірге жасасып келеді. Ал енді осының мәнісі неде? Сондай-ақ жұртшылықтың телесериалдарға деген ынтызарлығын ұлттық мүдде тұрғысынан қалай пайдалануға болады?

Ең бастысы, күні бойғы алашапқын тірліктен азар да безер болған қарапайым халық үшін телесериалдар – өзінше бір демалыс түрі. Көріп отырып миыңды ашытып, басыңды қатырмайсың, жеңіл әрі тартымды. Екіншіден, сериалдар – адамның адами қарым-қатынас тұрғысындағы сұранысын қанағаттандырудың бір жолы. Әдетте, шынайы өмірде адамды адамның түсінуі, жандүниесін, сезімін, көңіл күйін шын жанашырлықпен, үлкен махаббатпен ұғуға тырысуы кемде-кем. Маңайынан көрмеген, сезінбеген осындай жылылық пен мейірім-шапағатты сериал кейіпкерлерінің қарым-қатынасынан тапқан әрбір қамкөңіл көрерменнің көгілдір экран алдына не себепті жіпсіз байланып қалатыны түсінікті. Рас, шетелдік қауым мен қазақ қоғамының өмір салты, бітім-болмысы, таным-түсінігі жер мен көктей. Сериалдар алғаш шыға бастаған кезде бізді ең әуелгі қызықтырғаны – өзімізге жат жұрттың мамыражай өмірдегі қамсыз тірлігі, бір-біріне деген адами ынта-ықыласы болды. Сөйтіп, біз стресс, тоқырау, пессимистік ой тәрізді жанымызды жегідей жеген түрлі жайттардан уақытша болса да қашып, сериалдарды «ықтадық». Және көпшілігіміз ертегіге бергісіз сол бейтаныс әлемнен әлі күнге шыға алмай жүрміз. Ал енді осыншама баурағыштық қасиетке ие «телесағыздардың» көрерменнің ой-санасына тигізер әсері қандай болып отыр дегенге келсек, бұл мәселе жөнінде кеше ғана Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов: «Телехикаялардың жастарға тигізер әсері зор. Телеарналар арқылы көрсетілетін кейбір хикаялар біздің бүкіл насихатымыздан да артық ықпалға ие» деп, өзі өз болғалы тұңғыш рет мәдени тәрбие мәселесін қозғап өтті.

Осы арада мынандай ой туады: көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие, ықпалдылық әлеуеті зор телесериал жанрын ендеше неге идеология тұрғысында пайдаланбасқа? Қазақы көрермен қашанғы шетелдік телехикая кейіпкерлері үшін күйіп-жанып, бөгде мәдениеттің жырымен жұбанады? Мысалға айтатын болсақ, кейінгі уақытта отандық телеарналар эфирін толықтай жаулаған сол телехикаяларға санасын сарғайтқаны соншалық, еліміздің жасы да, кәрісі де түрік пен корейдің салт-санасын, мәдени құндылықтарын өзінің төл мәдениетінен, ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан әлдеқайда терең білетіндей халге жетті. Бұдан шығатын бір жол – көрермен көңіліне жол тапқан сол шетел сериалдарымен терезе теңестіре алатындай ұлттық дүниелерді түсіру. Бюджеті шағын, режиссерлік әдіс-тәсілдері мейлінше қарапайым, ең бастысы, қазаққа жақын тақырыптарға құрылатын мұндай хикаяларды әрбір телеарна-ақ жасай алар еді. Ескеретін бір нәрсе, халықты қолдау тек әлеуметтік жеңілдіктер жасаумен ғана шектелмейді. Яғни оның рухани сұранысын өтеу жайын да естен шығармаған жөн.

Шындап келгенде, мексикалық, бразилиялық атышулы сериалдарға өзек болып отырған махаббат пен зұлымдықтың, достық пен қастықтың, әділет пен әділетсіздіктің, жалпы, ақ пен қараның, жақсылық пен жамандықтың тайталасын өз қоғамымыздан-ақ күніне сан мәрте көріп, біліп жүрміз. Демек, ынта-ықылас болған жағдайда осы жайттардың бәрін өз мәдениетімізге, дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызға орайластырып, қазақы мазмұндағы тағылымды дүние түсіруге әбден болады. Әрбірден соң ұлттық мәдениетті дамытуға әрқайсымыз міндеттіміз. Қазір іргеміздегі елдердің бәрі де шетелдік телесериалдарды өздерінің ішкі өнімдерімен алмастыруға барынша күш салып жатыр. Мұның барлығы – сырттан болатын рухани экспансияға тосқауыл қоюға тырысушылықтан туындаған әрекеттер. Осындай жағдайда біздің бейғам жатуымыз ақылға сыймайды. Қанша жерден жеңіл-желпі нәрсе ретінде қарағанымызбен, халықтың сұранысын ескере отырып, біз де телехикая жанрын дамытуды жан-жақты қолға алуға тиіспіз.

Бұл ретте, Чарльз Кенни деген, медиарынокты зерттеуші америкалық ғалым: «Көпіршікті опералардың бәрі – адамзатты жақсы болашаққа жеткізетін көлік қана және ол артта қалған елдерге прогресс апарады» деген екен. Яғни мұны да қоғамның даму кезеңіндегі жанама бір құбылыс, қажетті нәрсе деп қабылдауымыз керек. Мамандардың пікірінше, тек бізде ғана сериалдар туралы «екінші сортты өнім» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнісінде, әлем жұртшылығы бұл түсініктен әлдеқашан арылған. Сөйтіп, бірқатар үлкен кинокомпаниялардың өзі толықметражды кинодан сериалдарға көше бастаған. Онда да қарабайыр, атүсті емес, драматургиясы терең, режиссурасы мықты, тек телевизиялық форматтағы дүниелерге...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста