Ұлттық киімге үрке қарамасақ...

Ұлттық киімге үрке қарамасақ...

«Адам көркі – шүберек» демекші, қазіргі заманда қалтасында қаражаты барлар мезгіліне емес, күніне ауысатын сән үлгісіне ілесіп киінуге тырысып-ақ жатады. Күнделікті киім үлгісімен қоса, үйлену тойына арналған киімдердің сәні де күннен-күнге өзгеруде. Ебін тапқандар үйлену тойын үлкен кәсіпке айналдырған. Той көйлегін сататын салонға кірген қалыңдыққа америкалық үлгідегі көйлек дейсіз бе, еуропалық дейсіз бе, бірінен кейін бірі ұсынылып, алушының көзін қызықтырады. Алайда дәл қазіргі таңда елімізде үйлену тойына арналған өзіміздің ұлттық киімдерімізді сататын немесе жалға беретін салондар санаулы ғана. Бірақ әйтеуір жоқ емес...

Күз мезгілі – нағыз үйлену тойларының уақыты. Жақында Алматы қаласындағы отау құрған жастар қыдыратын саябаққа жолым түсті. Саябаққа жиналған жиырма шақты жұптың  біреуі басқалардан ерекшеленіп тұрды. Бұл жас  жұбайлар және олардың отау құруына куәгер болған қыз бен жігіт – төртеуі де сән-салтанатымен қазақы ұлттық киім киген. Оларды сырттарынан тамашалап отырған үлкен кісілер «міне, нағыз Қыз Жібек пен Төлеген» деп тамсанып жатты, ал шетелден келген туристер өздеріне таңсық киімді қызық көріп, ұлттық киім киген жұппен суретке түсісті. Ал Алматыға іссапармен келген ресейлік журналистер әлгі жұпты қаумалап, үйлену тойларына неліктен ұлттық киім таңдағандарын сұрап, жастармен шағын сұхбат өткізді. Ал біз сәті түсіп, ресейлік журналистерді әңгімеге тартқан едік.

Қазақтың қолөнеріне, мәдениеті мен дәстүріне шетелдіктер талайдан бері тамсанып, қызығып келеді. Бірақ біз осы барымызды өзіміз бағалай алмаймыз. Қыз-жігіттеріміз телесериалдардан көрген жұптарға еліктеп иығы ашық, етегі жер сыпыратын ақ көйлектерге құмар. Қалыңдықтың сүйретілген етегін кішкене балаларға көтертіп қоятынын қайтерсіз?! Онсыз да осы уақытқа дейін орыстар қалыңдықтың аяқкиімін ұрлады екен деп, біз де осыны қайталап, сол аяқкиімге арақ толтырып ішті екен деп, біз де қалыспай ішкен жоқпыз ба? Ал қазіргі өз қолымыз өз аузымызға жететін еркін елде отырып, неге өз дәстүрімізді, өз мәденеитімізді көтермеске?

Нарық заманы қалай қыспаққа алса да, қазақ той жасаудан тыйылмайды. «Бұдан да жаман күнімде тойға барғам» деп өмірінің қызық-шыжығын тоймен байланыстыратын халқымыз барын салып той жасаса да, ешқашан мұны шығынға есептемеген. Тойдың басқа керек-жарағын есептемегенде, күйеу мен қалыңдықтың киіміне біраз қаражат керек. Отау құрып жатқан жастар арасында жүргізген шағын сауалнамаға сүйенсек,  көптеген жұптар үйлену тойына арналған ұлттық киімді сатып алуға немесе жалға алуға қымбатсынатын көрінеді. Сондай-ақ қалаларда екі аттасаң кездесетін той салондарында ұлттық киім көзге шалынбайды. Мұның да өзіндік себебі жоқ емес. Ұлттық киімді тігуге жұмсалатын материалдар бізде өте қымбат және  тігіншілер де тапшы. Бірді-екілі қолөнер шеберлерінің  көз майын тауысып тіккен киімдері олардың еңбегін ақтауы керек. Ал мұндай жағдайда халық тарапынан ұлттық киімге деген сұраныс жақсы болса, тігіншілеріміз де көбейіп, бір-бірімен бәсекелестікке түсіп, бірінен бірі өтетін әдемі киімдер тігер еді. Ұлттық той көйлектерінің бағасы тұрақтанса, шетелдерден тасымалданатын америкалық, еуропалық үлгідегі қалыңдық көйлектері де өзінен-өзі ығыса бастайды.

Аниса МУРАД, Ресейдің «Русия аль-Яум» телевизиялық спутниктік арнасының мәдениет жаңалықтарын жүргізуші:
– Біз жаз бойы Азия елдерін аралап, түрлі халықтардың мәдениетіне, салт-дәстүріне байланысты материалдар жинап жүрміз. Қазақстанға да осы мақсатта келдік. Қазақстанның мәдени орталығы саналатын Алматы қаласындағы отау құрған жастар жиналатын саябаққа келгенімізде ұлттық киім киіп ерекшеленіп тұрған жұпты көріп, қуанып кеттім. Жастардан неліктен ұлттық киімді таңдағандарын сұрағанымызда олар өз елдерінің нағыз патриоттары екенін, басқа қазақ жастарына үлгі болғылары келетінін алға тартты. Сондай-ақ сіздердің ұлттық киімдеріңіз – өте әдемі, тартымды, қолөнердің нағыз ғажап үлгісі. Мұндай өнермен, шеберлікпен, сұлулықпен неге мақтанбасқа!

Тамара Базарханқызы, «Ақ босаға» той салонының иесі:
– Үйлену тойына арналған ұлттық киімдер еуропалық үлгідегі той көйлектерінен аса қымбат емес. Өйткені еуропалық той көйлектерінің де өте қымбаттары жетерлік. Меніңше, жастардың ұлттық киім киюге өз ынталары болса, олар қалай да ұлттық киімдерді іздеп тауып, өз қалаулары бойынша киінеді. Ұлттық киімдерді сату, жалға берумен айналысып жүрген  4-5 жылдың ішінде жастардың ұлттық киімге деген көзқарасы жақсарып келе жатқанына куәмін.Тіпті сонау Ақтау, Атырау өңірлерінен Алматыға ұлттық киімді жалға алуға келетіндер бар. Иә, түрлі әшекеймен әрленіп тігілген көздің жауын алатын киімдерді тігу оңай емес. Әсіресе, не нәрсені өз елімізде жасап, өндіруден артта қалып тұрған жағдайда  қарапайым қажеттеліктеріміздің өзі қыруар қаржыны талап етеді. Біз сонау Қытай жерінен келгендіктен, екі елдің арасында сауда жасаймыз. Қытайда  шикізат арзандау және сол жақтағы қандастарымыз қазақы қолөнерді жақсы сақтап қалғандықтан, ұлттық киімдерді сол жаққа тапсырыспен тіктіріп, Қазақстанға әкелеміз. Болашақта қазақ жерінде өз ұлттық киімдерімізді тігетін ательелеріміз көбеюі керек.

Түйін
Тоқсаныншы жылдары ұлттық киімдеріміз тек Наурыз мерекесінде ғана бір жылт етіп көрінетін, басқа уақытта мұражайда тұратын экспонат секілді болатын немесе мұндай киімді оқта-текте кейбір әртістердің киетінін байқайтынбыз. Шүкір дейік, қазіргі кезде ұзату, үйлену тойлары қазақы дәстүрмен өтіп, қыз-жігіттер ұлттық киімге бет бұра бастады. Үйлену тойындағы тамаша дәстүріміз жар-жар мен беташарда  қазақ жігіттері оюлы костюм-шалбар, қыздарымыз қос етек көйлек, әшекейлі сәукеле киіп тұрса ғажап емес пе? Ұлтым, төл дәстүрім, жұртым дейтін жастар бүгінде қазақтығымызды дәлелдейтін нышанымыздың бірі ұлттық киімімізді қайта жаңғыртып, өмірлерінің ең маңызды күнінде киюді дәстүрге айналдырса, құба-құп болар еді. Дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық киім киіп үйленген жастардың балалары болашақта ата-анасының той суреттерін көріп, өз ұлтының құндылықтарын мақтан етер нағыз патриот болып өсері хақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста