Ұлттық аспап шеберлері ұсынады

Бүгін сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайы «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубымен бірлесіп «Дала сазы» атты ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I республикалық көрмесін ашады.

Қазақ халқы сонау көне дәуірден бастау алатын өзінің қайталанбас, бірегей қолдан­балы өнер туындыларымен, жәдігер бұ­йым­дарымен кең танымал. Қас өнер­дің бірі – ұлттық музыка аспаптарын жа­­сау. Музыкалық аспаптардың үнінен қа­зақ ұлтының сыршыл сезімдерін таңға­жа­йып құбылыстармен ұштастыра білгенін бай­қауға болады. Халқымыздың аса бай музы­калық мұрасы, оның ішінде саз ас­паптары  бүгінде кәсіби музыка мәде­ние­тінің асыл қорын молайтып, сарқылмас қай­нар бұлағына айнала бермек.

Қаперге
«Ғаламарт» шығармашыл жас­­тар клубы ҚР Суретшілер ода­­ғының жанынан 2010 жылы құ­рылған. Клубтың негізгі мақсаты – қа­зақ жастарының шығар­ма­шы­лық­пен кең айналысуына ықпал ету, олардың шығарма­шылық әле­уетін арттыру, ұлттық қол­өнер­ді жоғары деңгейге көтеру және мүм­кіндігі  шектеулі дарынды жастарға қолдау көрсету.

Қазақ халқының ұлттық музыка аспап­та­­рының сиқырлы да сүйкімді, ырғақты үні, тебіреністі тербелістері адамды дүние сырын терең түсінуге, сұлулықты жүре­гің­мен нәзік  сезінуге жетелеп, жан рақатына бө­­лейді. Көңілді ырғағымен өмірге қы­зық­тыра, құлшындыра түссе, мұңды сазымен бі­рер сәтке өткеніңді ойыңа оралтып, сезім кү­йіне бөлеп, толғандырады. Сондықтан да қанша аспап жасаса да, олар бірінің үнін бірі қайталамаған. Осы құдіретті де қа­­сиетті дыбысты шығару үшін бітімі бө­лек, даусы ерек, тұлғасы алуан түрлі музы­ка­лық аспаптар ойлап тапқан. Соның ар­қа­сында адам ой-арман, қимыл-қозғалыс, кө­­ңіл күй, нәзік сезім – бәрі-бәрін музы­ка­лық ды­быс арқылы бейнелей алатын мүм­кін­дікке ие болған. Мәселен, адам қолынан шық­қан қобыз үнінде мұң, зар басым бол­са, сыбызғы үнінде қуаныш, шаттық бар. Домбыра байсалды үн шығарса, шертердің ды­бысы салтанатты келеді. Бұл көрмеде «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубы ал­матылықтарға және қала қонақ­тарына ұлт­тық музыка аспаптарының сан түрімен жә­не оларды жасаушы жас шеберлермен танысуға мүмкіндік береді.
Клуб ұлттық музы­ка­лық аспаптар жа­сау­шы жас шеберлер ара­сында жария­лан­ған байқау жеңім­паз­дарының жұмыс­тарын көрмеге қоймақшы.  Олар­дың қатарында қазақтың ұлттық ас­па­птары – домбыраның түрлері, қобыз, же­тіген, шертер, дауылпаз, сазсырнай, зырылдауық және т.б. бар. Көрмеге байқау нәтижесінде ірік­телген рес­пу­бликамыздың 20 жас ше­бе­рі қаты­са­ды. Мұнда 50-ден астам ұлттық ас­пап қо­йылады. Көрме жұмысы 10 сә­уір­ге дейін жал­ғасып, күнделікті сағат 9:30-дан 17:00-ге дейін жүргізіліп тұ­ра­ды.
«Ғаламарт» жастар клубы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста