Ұлттық арнада "Поэзия әлемі" жарыққа шығады

old.abai.kz

2014 жылдың 16 тамызынан бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан жас ақындардың шығармашылығына арналған әдеби-танымдық «Поэзия әлемі» бағдарламасы көрерменге жол тартады.
Отандық телеарналарда поэзияға, әсіресе, жастар поэзиясына арналған жеке бағдарлама жоқ. Сондықтан да, осы олқылықтың орнын толтыратын «Поэзия әлемі» - бүгінгі қазақ ақындарының өмірі мен тыныс-тіршілігі, жеткен жетістіктері және олардың поэзиясымен таныстыратын эксклюзивті жоба. Жобаның мақсаты - поэзияны жаңа қырынан, жаңа форматта таныту, поэзияны оқуда биік талғам қалыптастыру, ағартушылық бағытында жұмыс жасау, бүгінгі қазақ поэзиясының жеткен жетістіктерін көрсету, қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген жаңа есімдерді анықтау.
Сонымен қатар жеке ақынның өзіне ғана тән портретін жасап шығару және оның өміріндегі ең қызықты, ең қайғылы немесе ең шешуші сәттеріндегі мінез құлқы мен болмысын ашып көрсету шығармашылық топтың басты ұстанымы болып отыр. «Поэзия әлемі» бағдарламасының өзге әдеби танымдық бағдарламалардан ерекшелігі жас ақынның өлеңдеріне арнайы бейнебаяндар түсірілді.
«Поэзия әлемі» жобасының алғашқы кейіпкері – жастар әдебиетінің көш басында тұрған Маралтай Райымбек.
Осыған орай, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендерді 16 тамызда сағат 12.55-те «Поэзия әлемі» атты жаңа туындысын тамашалауға шақырады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста