"Ұлпан жыныстық қатынас дегеннің не екенін түсінбей кетті". Журналист Мүсіреповтің шығармасы туралы

Журналист Перизат Мырзахмет қазақ әдебиетіндегі әйел бейнелеріне қатысты ерекше көзқарасын жеткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Caravan.kz тілшісі DOP SOZ YouTube арнасына сілтеме жасап жазды.

"Қазақ әдебиетінен қандай кейіпкер үлгі десең, барлығы Ұлпанды айтады. Қыз Жібек - махаббаттың символы дейді" деген Перизат Мырзахмет бұған мүлде қарама қайшы келетін өз ойларын жеткізді.

 

Ол бұл туралы DOP SOZ YouTube арнасындағы подкастында әңгімеледі.

 

""Әйелдің бәрі бақытсыз. Және бақытсыз болу қалыпты жағдай. Әйел тағдыры сондай. Әйел қырық шырақты" деген нәрсеге біз үйреніп алдық. Қазақ әдебиетінен қандай кейіпкер үлгі десең, барлығы Ұлпанды, Жібекті айтады. Бірақ, мен айтамын Ұлпан 18 жасында өзінің әкесімен бірдей адамға тұрмысқа шықты. Оның үстіне физикалық тұрғыдан өте әлсіз адамға тұрмысқа шықты. Жап-жас қыз. Бүкіл гармондары ойнап тұрған кезде жыныстық қатынас дегеннің не екенін дұрыс түсінбей кетті. Ол адамды бақытты болды деп қалай айтуға болады? Отызға келмей күйеуі қайтыс болды. Сол қалпы ол жесір өтті. Бәрі "Ол ешкіммен жүрген жоқ. Ешкіммен жатқан жоқ. Бүкіл елді уысында ұстап отырды. Ол  мықты әйел" дейді. Иә, мықты әйел. Бірақ, бақытсыз әйел. Бізде "Мен мықты болғым келе ме? Бақытты болғым келе ме?" деген сұрақ тұруы керек.

 

Шұғаның белгісі", "Шолпанның күнәсі", "Қамар сұлу" барлығының жеткізер ойы: "бақытты болу үшін күресу керек. Біреуді жеңу керек". Қарапайым, сүйген адамыңның қасында неге бақытты болуға болмайды? Неге? Міндетті түрде бір қиындықтардан өту керек. Жастар әлі күнге шын сүйгеніңе қосылу үшін Қозы Көрпеш Баян сұлу сияқты Қодарларды жеңу керек деп ойлайды. Қыз Жібек - махаббаттың символы деп бәрі айтады. Ол жерде өзінің махаббаты үшін күресе алған, "системаға" қарсы тұра алған мінезді қызды көрсетті. "Атастырып қойды. Әкем беріп қойды" деп Бекежанға тиіп кетсе де болатын еді", - дейді журналист.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста