"Үйсін тауда" Мұқағалидың әпкесі жерленген

"Үйсін тауда" Мұқағалидың әпкесі жерленген

Жетiсудiң түу шығысында жергiлiктi халық «Үйсiн тауы» деп атап кеткен сiлем бар. Алатаудың шығысқа қарай созылған шетi. Биiктiң етегiн ала Iле өзенi Балқашқа қарай құлдилай ағып жатыр. Мiне, сол асау Iленiң сол жағалауында Мұқағалидың Кенжетай деген әпкесi жерленген. Кенжетай шекарадан ауғанда Мұқағали Нағиман анасының омырауында қалған бөбек екен. Ендеше, Кенжетай апаның сәби Мұқағалиды көрмеуi мүмкiн емес. Арғы беттегi бауырын сағынған Кенжетай апа туралы кiшi қызы Бейқұтхан «Апам денелi, мiнезi салмақты, ақкөңiл адам едi. Бiразға дейiн арттағы ел-жұртпен хат-хабар алысып тұрды. Кейiннен шекара жабылып қалды. Анам үнемi жер ошақтың алдында от көсеп отырып, ыңылдап Мұқағалидың жырын айтатын» дейдi. Бұл туралы алғаш Iле қазақ автономиялы облысына қарасты Шапшал ауданында тұратын ақын, педагог Ертай Сұлтанбекұлынан естiгенiмiз бар.

Айтуынша, Мұқағалидың әкесi Сүлейменнiң әпке-қарындастары Ақжан мен Кенжетай Қытай жерiне 1931-1932 жылдары өтiптi. Қазақ даласына қырғидай тиген зұлмат кiмдi аясын?! Ұрпағын аман сақтап қалу үшiн тiршiлiк көзiн iздеген апалы-сiңлiлер шекараның арғы бетiне өтуге мәжбүр болыпты. Сол көште Кенжетайдың тұңғыш ұлы Апыз ауыр шөлге шыдамай жолда көз жұмыпты. Сол қайғылы жылдарда халық арасында кең таралған:
— Бiз де келдiк Кегенге,
Кеген жақсы дегенге.
Тары түгiл талқан жоқ,
Суға шылап жегенге, —
деген жолдар да осыны айғақтаса керек.
Қарасаздан үдере көшкен Кенжетайлар Дулаты өткелiнiң шекараға 3-4 шақырым маңындағы «Жалаңаш иiн» деген жерiн тұрақтаған. Тұрлыхан Құлпейiсқызы сол көш туралы «Шекарадан ес кiрiп қалған кезiмiзде өттiк. Үй көрсек жүгiрiп барып айран сұрап iшетiнбiз. Әр жерде бiр тоналып, Құдайдан құр басымыздың амандығын ғана тiледiк. Шөл қысқанда желкек дейтiн шөптi шайнап, соның суын шығарып соратынбыз» дейдi.
Кейiннен Кенжетайдың Дақан, Нұршақан, Жұмақан, Диқан, Кеуерхан атты ұл-қыздары дүниеге келген. Бiрақ барлығы 1940 жылдары Қытайда таралған атышулы «қалың аурудан» көз жұмған. Кенжетайдың Тоқтан мен Мейiрқан деген екi баласы ғана аман қалған. Кенжетай апамыздың балаларына «Жетеуiң жердiң астында, төртеуiң жердiң үстiндесiңдер» деп, кейде «жетеуi жерге барды, төртеуiң елде қалдың» дейтiнi өзiнiң 11 құрсақ көтергенiн айтқаны екен. Кенжетай Мақатайқызының екiншi ұлы Тоқтаубайдан туылған Тiлеуқанды әжесi Кенжетай бауырына салып баққан. Тiлеуқанның айтуынша, әжесiнiң мұндағыға дейiн тұтынған көне терi қаппен қапталған радиосы бар екен. Қытайдағы «Мәдени төңкерiстiң» құйыны ұйтқып соғып тұрған тұста да әжесi «Қазақ радиосын» көрпесiне тығып, жасырып тыңдап келiптi. Әрi үнемi «жалғыз бауырым едi...» деп отырады екен. Ол – Ұлы Отан соғысынан қайтпай қалған ағасы, Мұқағалидың әкесi — Сүлеймен! Радиодан «Мұқағали Мақатаев!» дегендi естiгенде, жүрек-бауыры езiлiп, «Сарыжайлау» әнi әуелегенде, сел-сел болып жылайды екен, жарықтық. «Сарыжайлауды» тыңдағанда өзi жүрген Қарқара, Шалкөде жайлаулары есiне оралып, көңiлi босайтын болса керек. Тiптi, диктор Мұқағалидың саңқылдаған қыран даусын көбiнде эфирден тыңдап, құлазыған жан әлемiн жасаңғыртатын секiлдi.
Бұл деректер ұзақ жылдар ақын мұрасын Қытайдағы қазақтар арасында насихаттаушы, Құлжа қаласындағы «Iле кешi» газетiнiң бөлiм меңгерушiсi Нұрболат Әбдiқадыр ағамыздың жазбаларында да кездеседi. Сонау алпысыншы жылдардың орта шенiнде, Нарынқолдағы Қақпақ ауылының бiр кешiнде, алқаракөк аспанның батысынан шығысына қарай жылжып бара жатқан бiр жұлдызға қарап тұрып, Мұқаң: «Ол – менiң жұлдызым! Ол жұлдыз, шығысқа бағыт алған – мен!» деп армандаған екен. Мiне, сол арман жүзеге асып, ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев пен келiнi Бақытгүл Қыдырбайқызы 2008 жылы Үрiмжiде әке рухына арнап ғаламат поэзия кешiн өткiздi. Бұл сәт туралы ақын Оразақын Асқар «Мұқағали ақырында жыр жұлдызына айналды» деген мақала жазып, оны «Iле кешi» газетiне Нұрболат аға бастырған екен.
Қытай асқан Мұқағалидың екi әпкесiнiң бiрi —Ақжан. Кенжетайдың ұлы Тоқтан ақсақал «шешем, бiр әкпем бар, аты — Ақжан» деп үнемi айтып отыратын. Ол кiсi өр Текестiң Қызылкүресiнде тұрады екен. Кейiннен iздеп таптық. Ақжан апамыз артта қалған ел–жұртымен жиi хат алысып тұратын болғандықтан, ағасы Сүлейменнiң Ұлы Отан соғысынан қайтпай қалғанын шешемiзден ертерек естiген. Әрi Шапшал ауданының кiшi Көксай ауылында отырғанда шешеме ағасы Сүлейменнiң соғыста қайтыс болғанын естiртуге үш адам болып келiп, әуелi қара қозы сойып, анама ертесi естiрткенде, есiнен танып қалған дейдi көзкөргендер. Кейiннен қызы Мейiрханға «екi тау қосылмаса да, екi ел қосылады, нағашыларыңды тауып ал!» деп көп аманаттаған көрiнедi. Ал, Мұқағалидың қайтыс болғандығын Ақжан мен Кенжетай ұрпақтары радиодан естiгендiгiн айтады.
«Асылдың сынығы Кенжетай әжеге киелi Қонақай мазарынан топырақ бұйырыпты. Бұл мазарда 1160-1229 жылдары ғұмыр кешкен Алмалы қаласындағы түркi ғұламасы Мәуләна Жүсiп Сахақ жерленген екен. Әжемiздiң басына қойылған көк тастағы «Бисмилла Рахмани Рахим. Кенжетай Мақатайқызы 1983 жылы 7 ай 22 күнi 73 жасында қайтыс болды» деген жазу да көнерiп кетiптi. Ақселеу басқан елеусiз қорым басында Мұқаңның «Ақ кимешек көрiнсе» атты жырын үнсiз оқыдым» дейдi ақын Нұрболат аға.
Қарсы бетте шекарасы шегенделген Дулаты өткелі. Онан ары көз ұшында Қалжат, Шонжы, Жаркент сағымданады. Бұл ықылым замандарда ордалы Үйсін қағанатының құйқалы қонысы болған жер жаннаты Жетісу еді. Ондағы ескі сынтастар мен күдірейген қорымдар бәрі-бәрі Мұқағали жырына тамсанып тұрғандай...Әнеу бір қырдың етегінде қойын иірген шопан «Біздің ауыл текшенің етегінде-ау» деп әндетіп, «Сары бидайдың» әуенін сапырып отыр. Біз ақын Жұматай Жақыпбаевтың «Іленің басы Қытайдан басталғанымен, Бақасы мен балығын Балқашқа әкеп құяды»,- дегеніндей Кенжетай әже ұрпақтарының бауырға деген сағынышы, ата қоныс сары жұртқа деген махаббаты да атамекен Қазақстанға келіп арқа сүйейтіндігіне сендік. Себебі, әлімсақтан сап поэзия үшін шекара болған емес...

Арнайы "Алаш айнасы" үшін

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста