Тек қазақтар ғана "қайда барасың?" деген сұраққа "қазір келемін" деп жауап береді.
Тек қазақтар ғана қонақтар кетісімен "ал енді өзіміз отырып нормально шай ішейік" дейді.
Қазақтар ғана үйде ешкім болмаса сигнализация қосудың орнына корридордың немесе залдың светін жағып кетеді.
Тек қазақтар ғана шақырған жерге ылғи да кешігіп барады,
Тек қазақтар ғана "үйде кім бар?!" дегенде, "ешкім жоқ өзіміз ғой" деп жауап береді.
Тек қана қазақтың кәрі кісілері микрофон алдында 2 сағат сөйлейді.
Тек қазақтар ғана 7 атаға дейін қыз алыспаған. Сондықтан қазақтар Әлемдегі ең танымал генафондардың бірі.
Тек қазақтар ғана бір жейдені немесе бұлды тойдан-тойға апара алады.
Тек қана қазақ жігіттері досының бір қыз туралы айтып жатқанында тоқтатып " подругасы бар ма? "деп сұрайды.
Тек қазақтар ғана өз тілі бола тұрып, өзге тілде сөйлейді.
Тек қазақтар екiге бөлiнедi: қазақша бiлетiн қазақ (таза қазақ) және қазақша бiлмейтiн қазақ (шала қазақ) болып. Басқа ұлттар бөлiнбейдi.
Тек қазақтар ғана екі сөзінің бірін тәуелсіздігіміздің арқасында, тәуелсіздік алдық деп бастайды
Тек қазақтар ғана 7 атасын біледі. олар өзінің , шешесінің, әжесінің, келіншегінің 7 атасына дейін біледі, одан тараған ұрпақтардың бәрін туыс деп санайды...
(«ВК» әлеуметтік желісіндегі жазбасынан алынды)