«Тұрмағамбет жылы» басталды

Биыл қазақтың сөз шебері, Сыр сүлейлерінің бірі – ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің туғанына 130 жыл толады.

Осыған байланысты түрлі мәдени шараларды ұйымдастыру мәселелері ақын туған өңірден бастау алып отыр. Талантты тұлға туған өлкеде аудан бас­шылығы жер­гілікті мәслихаттың мақұл­дауымен үстіміз­дегі 2012 жылды аудан­дағы «Тұрмағамбет жылы» деп жариялап отыр. Енді, осы атаулы жыл барысында ұйымдастырылатын әдеби-танымдық шаралар жүйелі түрде өткізілмек. Бұған қоса, ақын туған топырақ­та мәдени нысандарды қайта қалпына келтіру жұ­мыс­тары да жандана түспек.
Жоспарға сай жыл ішінде ғылыми-теориялық конференция, халықтық театр күшімен сахналандырылған қойылымдар әзірленіп, түрлі деңгейдегі рухани және спорттық байқаулар өткізіліп, ақындар айтысы және мүшәйра ұйымдастырылатын болады.
Сонымен қатар Тұрмағамбет ауылын­да­ғы 80-жылдары салынған ақын ес­керт­кіші тозып тұрғандықтан, қайта жаң­­ғыр­туға 21 млн теңгені құрайтын жөн­деу жұмыстарын жүргізу жобаланған. Аудан орталығына кіреберістегі 8,5 гек­тар­лық алқапқа дендробақ орналастыры­лып, ақынның домбырасы мен қауырсын қалам бейнесіндегі кітап парақтарына шайырдың нақылдары ойып жазылатын болады.
Тұрмағамбет Ізтілеуов Қызылорда об­лы­сы Қармақшы ауданы Ленин ауылында 1882 жылы 9 шілдеде туған. Ол атақты ғалым Садриддин Айнимен бірге Бұхара қаласындағы «Көгелташ» медресесінде оқыған.
1905 жылы туған жеріне келіп, өз ауы­лындағы жаңадан ашылған мектепте сабақ беріп, 20 жылдай мұғалім болады. Ұстаздығымен, ақындығымен өскен орта­сы­на екі дәуірде де адал еңбек еткен Тұр­ма­ғамбетті 1935 жылы рес­пу­бли­кадағы үкімет орны Алматыға қызмет­ке шақырып алды. Содан бастап өмірінің ақырына дейін Қазақ ССР Оқу халық комиссариа­тын­да ғылыми қызметкер болып істеді. Ақын1939 жылы 15 мамыр­да дүние сал­ды.
Шығыс тақырыбына үңіліп, «Мәрді диқан», «Рауа бану», «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз» поэмаларын жазған. Ақын­ның қазақ әдебиетінің қазынасына қосқан үлкен үлесі – Фирдоуси «Шахнамасының» 40 мың жолдық аудармасын жасағаны.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста