Түркияда Қасым тойы тойланды

Қоңыр күзде Қарағандыда басталып, Қарқаралыда жалғасқан Қасым ақын тойы жақын күндері туыстас Түрік елінде де ерек аталып өтті. Түрксой халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен Ыстамбұл мен Анкарада өткізілген Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына Қазақстаннан арнайы делегация барып, Арқа аспанын жырға толтырған ақын тойының жалғасын айрықша леппен орайластырды.
Қазақстандық делегацияны белгілі ақын, Ғалым Жайлыбай бастап барды. Еу­ро­­па мен Азияның тінінде орналасқан Ыс­тамбұл шаһарында басталған ақын ме­рей­тойына арналған шаралар ел астанасы Ан­карада жалғасты. Қасым ақынның да­уыл­ды жыры мен өзгеше ғұмыр жолын жас­­тарға, түркітілдес елге жеткізуді мұрат тұт­­қан алғашқы кеңес Ыстамбұлдағы Ай­дын университетінде ұйымдастырылған бо­­­латын. Ән мен жыр, әңгіме, естеліктер ара­­ласа өрілген басқосуда аталмыш уни­вер­­ситеттің тіл-әдебиеті факультетінің де­каны, профессор Шұғайып Қарақаш Қа­сым шығармашылығы мен өмір жолы жай­­лы то­лымды баяндама жасады. Мұнан соң, уни­верситет ректоры профессор Жә­ді­­гер Із­мірлі ханым, университеттің құ­рыл­тай­шысы, доктор Мұстафа Ай­дын ке­зе­­гі­­мен шығып, қазақ-түрік әде­биет­ші­лері ара­сындағы ізгі байланыс жа­йында, екі ел­ді туыстастыратын мәдени өзек-жүл­ге­ле­р­­­­дің тамырын баса тұрып, әңгіме өр­біт­ті.
Анкарада жалғасқан Қасым тойының ха­лықаралық дәрежедегі қорытындысы Түрксой ұйымының бас кеңсесінде өт­кі­зіл­ген отырыспен тиянақталды. Басқосу со­ңын ала түрік, башқұрт, татар, қырғыз, әзір­байжан тілдеріне тәржімаланған Қа­сым жырлары оқуы орайластырылды. Түрк­сойдың ұйымдастыруымен ме­рей­­той қар­­­саңында ақын шығармалары бір­­не­ше тілге тәржіма­ланған болатын. Қа­сым жы­рының қуатын ұғын­ған қандас туысқан жұрт жазар­ман­дары ақын өлең­дерін тала­са тәржімалап, өз елдеріндегі бас­­па бет­те­рі­не кезегімен жа­риялаған екен. Аудар­ма­шы­лар мен қа­рын­дас жұрт­тың ақын-шә­йір­­лері қа­зақ ақы­нының аса те­геурінді ша­бытына та­ңыр­қап, Ыстамбұл-Ан­­ка­ра­да­ғы басқосу­лар­­да таңдай қаға әңгі­ме­леді.
Ал Түрксой басшылығы, бұйыртса, Тү­рік елінің бас қалаларының бірінен Қа­сым Аманжолов атындағы бақ не көше бер­гізуге тырысып жатыр екен. Тір­лігінде рақат­ты ғұмыр қызығын кемдеу көр­­ген тағдыр-та­лайлы ақын рухына ерек қыз­­мет иша­ра­сын жасаған Түрксой бас­шылығы­ның іл­ти­патты шаралары көңіл қуантады.

Дүйсен ҚАСЕЙІНОВ, Түрксой халықаралық ұйымының бас хатшысы:
– Қасым тойына түркітілдес аға­йын жұрт­тан барған қаламгерлер әлі күн­ге там­са­нып айтып келеді. Әлбет­те, мә­се­л­е той өткізілген күн­дердегі ме­ре­келік ша­раларда емес, мәселе – ақын жы­ры­ның, қазақ ойының на­си­хаты үлкен ау­қымдарға шыға баст­а­уында. Қа­сым­ның өлең­де­рін біз өз бас­тамамызбен бір­не­ше тілге тәр­жі­маладық. Түрік әде­биет­­т­анушылары қа­сымтануда жа­ңа­ша ой, жаңаша пі­кір білдіріп отыр. Ал Түрксой ал­да­ғы жыл­­да­ры еліміздің әде­­би-мәде­ни өмі­­ріне белсене ара­ла­сып, халық­ара­лық дәрежеде бірнеше үл­кен ша­ра­лар ұйымдастырмақшы.


Шұғайып Қарақаш, әдебиеттанушы, Ыстамбұл Айдын университетінің докторы, профессор:
– Қасымның өткен ғасыр басында дү­ниеге келіп, сталиндік қапасты елі­­мен бір­ге өткеруі, соғыс жылда­рын­да жаз­ған дүниелері, басынан кешкені – кез келген қаламгерге өне­ге! Ол – ХХ ға­­сыр­дағы қазақтың мо­дер­­­нистік әде­­­­биетін биік­ке көтер­ген­­­дер­дің бірі, бір­­егейі. Оның шы­ғар­­­ма­ларының ішін­­де «Ақын өлі­мі ту­­­ралы аңыз» бен «Дүниеге жар» ат­ты жыры шоқтығы биік дүниелер екен. Кеңестік режимге қарсылықтың нақ­­­ты белгілері осы екі өлеңінен анық бай­­қалады. Өзге шы­ғар­малары да тү­­ркітілдес халықтар әде­биетінің да­­­муы­на үлкен үлес қос­қан ұлы ақын екенін анық аң­ғартады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста