Түркі халықтарының Қытай мәдениетіне ықпалы Шыңғыс хан дәуірінен бұрын басталған

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Еркебұлан МҰРАТҰЛЫ, байырғы қытай тілінің аудармашысы:

Біріккен ұлттар ұйымының ресми тілдерінің бірі саналатын қытай тіліне деген қызығушылық жыл өткен сайын артып келе жатыр. 5 мың жылдық тарихы бар Қытай елінің ежелгі тарихи жазбаларының құпиясын ашу көп адамның арманы болғанымен, оның кілтін табу алайда кез-келген адамның маңдайына бұйырмай тұр. Қытайдың байырғы тіліндегі жазбаларды қазіргі тіліне аударумен айналысатын әкелі-балалы кәсіби аудармашылар Мұрат Сұлтаншәріпұлы мен Еркебұлан Мұратұлының айтуынша, бұл мәртебеге ие болған адамдар 1,5 млрд. халқы Қытайдың өзінде де өте аз.
Мұрат Сұлтаншәріпұлы, Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданының Тіл-жазу қызметі комитетінің қызметкері:
– қытай аудармашыларының өзі әлі күнге дейін басқасын былай қойғанда Конфуцийдің шығармаларын да әртүрлі аударып жүр. Мұндай жағдайда олармен көрші тұрған және барыс-келіс қатынаста болған елдердің атаулары және олардың көрнекті тұлғаларының есімдері әр аудармада әрқилы аталуына таңырқаудың қажеті болмас. Өйткені қытайлардың мәдени және экономикалық ықпалдастықта болған елдерден кірген атаулар мен сөздерді өз ыңғайына бейімдеп, өзгертіп алатыны ғалымдарға бұрыннан белгілі жәйт. Олар тіпті халықаралық телім (термин) сөздердің өзін көп жағдайда өзінше бөлек атаумен атайды. Сондықтан Қытай мұрағаттарындағы қазақтың арғы-бергі тарихына қатысты деректерді анықтап, сұрыптап, аудару кезінде бәрін салыстырып, реттеп тек қисындылауын ғана алған жөн. Ал ондағы ежелгі түркі тайпаларының және оның құрамындағы рулардың атауын бір ізге түсіруді бір-екі ауыз сөзбен түсіндіру өте қиын.
Еркебұлан Мұратұлы: көне жазбаларды аударудағы басты қиындық түпнұсқа материалмен жұмыстан басталады. Мұндағы бірінші мәселе оны анықтау болса, екіншісі түсіну. Түпнұсқасы сақталмаған кейбір жазбалардың жалпы халыққа ортақ нұсқасы мен байырғы нұсқасы көп жағдайда әртүрлі боп кетеді. Мәселен Қытайда халық мәртебелі адамның атын тіке атамаған. Билік басындағылар да өз идеологиясын халыққа сіңіру үшін байырғы шығармаларға әр дәуірде өз ықпалын жасап отырған. Сол себепті мұндай жазбаларды аударғанда аудармашы өзім білермендік танытпай, тарихшы, археолог, лингвист сияқты өзге де салалардың кәсіби мамандармен бірлесіп жұмыс жасайтын болса аударма көңілге қонымды болып, одан ғылыми құндылығы артпаса кемімейтіні анық. Өкінішке орай қазір қай елде болмасын мұндай маңызды жұмысты әркім өз алдына беталды аударып жатқан жағдайлар бар. Аудармадағы мұндай үстірт жағдай Қытайға да тән болып отыр.
Әрине бізде қытайшадан қазақшаға аударатын Әбдібек Байболатов, Нариман Жабақытай, Әбділдабек Ақыштай деген сияқты. мықты аудармашылар бар. Алайда жалпы аудармада қандай да бір жүйеленген жағдай жоқ. Мысалы оқулық кем. «Ханзуша қазақша аударма оқулығы» деп аталатын жалғыз еңбектің өзі өткен ғасырдың 80 жылдары шыққан. Ол күні бүгінге дейін үкімет мойындаған бірден-бір оқулығымыз болып отыр. Соның өзін малданып кейбір кісілер оған азды-кем өзгерістер енгізіп, өз алдына кітап шығарған жағдайлар да бар. Бір сөзбен айтқанда, Қытайшадан қазақшаға, қазақшадан қытайға аударуда бізде аударманың практикасы, назариясы, зерттелуі, әдістемесі күні бүгінге дейін әлі жүйеленген жоқ деп айтуға болады.
Сондай-ақ бізде қазіргі және байырғы тілден аудару деген екі нәрсе бар. Байырғы қытай тілінен қазіргі қытай тіліне аудару қытайлардың арасында үлкен кәсіп боп кетті. Алайда олардың арасында кәсіби аудармашылар санаулы ғана. Соның бірі менің әкем Мұрат Сұлтаншәріпұлы деуге болады.
Жалпы түркі және қытай халықтарының арғы ата-бабаларының арасындағы ықпалдастық қарым-қатынастардың тарихы өте ерте дәуірлерден басталған. Бұл Шыңғыс ханнан бұрын басталған. Өкінішке орай біз оны бір арнаға түсіреміз деп көп нәрсені бүлдіріп алған жағдайымыз бар. Бабаларымыз бұрын қытайлармен көп соғысқан ғой. Ал соғыс деген нағыз мәдени ауыс-түйіс жасайтын жер. Қандай да бір елдің әскери істері дамыса мәдениеті де өсіп-өркендейді. Ол әлем ғалымдарының ортақ пікірі. Тарихты зерттеген кезде ғалымдардың теориялары кейде бізге шектеме боп қалады. Ежелгі ру-тайпалар мен елдің атын ғана қуалап, затын қуаламау бізді көп жағдайда үлкен нәрседен адастырады. Кез келген ұлтта географиялық тарих болады. Сол елдің аумағындағы халықтар тарихы сол ұлттың тарихын құрап жатыр. Оны сөзсіз маңызға алу керек. Тарихты зерттегенде ата-бабамыздың атының тұяғы тиген жердегі ұлттың бәрі зерттелуі керек. Мысалы Қытайда қоңыраттардан сіңген Го фамилиялылар, қаңлыдан сіңген Кан фамилиялылар көп. Бұдан бөлек керейлер, үйсіндер, меркіттер және тағы басқа да тайпалардың өкілдері бар. Жалпы қытайлардың фамилиясының алдындағы Лю, Ван, Жан сияқты сөздер біздің руларымыз сияқты атауды білдіреді. Қытайлар оны өздері де жасырмай ашық айтады. Бір ғана Шыңғыс ханның ұрпағымыз дейтіндердің өзі қазір онда бір аудан. Сол сияқты Қытайдың бұрынғы ақын-жазушылардың көбі қаңлыдан шыққан. Бұдан бөлек Қытайдың әйгілі 24 тарихының үшеуін бақылап, жаздырған Тото деген кісінің руы меркіт болған. Ол өзі Шыңыс хан дәуірінде бас сардар болған адам екен.
Мұрат Сұлтаншәріпұлы: түркі тайпаларының қытайларға және бүкіл адамзат тарихындағы мәдени ықпалы өте зор. Қытай мәдениетінің Еуропаға әсері түркі халықтарының даласы арқылы жеткенін қазір күллі әлем біледі. Барлық ауыс-түйіс Ұлы Жібек жолы арқылы жүрген. Мұндай жағдайда бір халықтан екінші бір халыққа телім сөздердіңде сіңгені анық. Мәселен сіздер университет дейсіздер біз оны ханзушалап (қытайша) дашо, ал институтты шеян дейміз. Дашодағы «да» үлкен, «ше» мектеп деген сөз. Қытай қазақтарында қытайдан кірген кірме сөздер көп емес. Ауыз екі тілде мұндай бірлі-жарым сөздер айтыла береді, біз оны баспа бетіне шығармаймыз. Соңғы кезде жарық көріп жатқан баспа өнімдерінде емле жағынан қателердің көп кездесуі сондағы қызметкерлердің буын алмасуынан орын алып отырған жағдай. Сол сияқты ханзуша оқыған кейбір балалар кейде тілді бұрап сөйлейді. Олардың арасында мен оқу бітірдім дегенді «бие болдым» деп айтып күлкі болғандар бар.
Жалпы осы арада мына бір жәйтті баса айта кеткен артық болмас, Қытайдағы қазақтардың арасында өткен ғасырдан бергі дәуірде қытайға сіңгендер көп емес. Ал өте ерте кезде сіңіп кеткен түркі тілдес халықтардың өкілдері көп болғанмен, олардың санын ешкім дәл айтып бере алмайды.
Біз сондай-ақ, әдеби шығармалардан аударма жасайтын болсақ алдымен бұл Қазақстанда аударылды ма дейміз. Шетел авторларын қытай тілі арқылы аударсақ кейбір жері бұрмаланып кетуі мүмкін. Аударылса осы жақтағы аударманы көшіріп аламыз. Өйткені біз аударма саласында бұл жақтағы аудармашыларға жетеміз деп айта алмаймыз.
Бұрын әдеби шығармалардан аударма кітаптар жиі шығып тұратын. Соңғы жылдары әдеби шығармалардың аудармаларын көп көргем жоқ. Соңғы жылдары Қытайда Ноян деген біреу Нобель сыйлығын алды. Кейінгі кезде осы кісінің шығармасын аударушылар көбейді. Оның бір әңгімесін тіпті 3 адам аударыпты. Енді осы үшеуін салыстырып мақала жазып жүргендер бар.
Жалпы Қытайда аударманың курстары көп. Құрамыз деп құрылмай қалған мектептер де бар. Ал аударма сыныптары тек бірнеше санаулы дашода ғана бар.
Жақында Сүлеймен Демирел университетінің ұйымдастыруымен қазақ әліпбиіне арналған халықаралық конференцияға шақырған екен. «Қазақи латын әліпбиінің түбегейлі шығар жолы» деген тақырыпта баяндама жасадым. Қытай қазақтарының арасында да бұл мәселенің талқыға түсіп жатқанына 10 жылдың жүзі болды. Біздің ойымыз латын әліпбиіне қалай көшсек де, өзгелердің қателіктерін қайталамау. Осы мақсатта шет елде жүрсек те баламыз екеуміз әліпбиге қатысты өз жобамызды ұсынып отырмыз. Біз онда компьютер пернесіндегі 26 таңбадан шықпаймыз деп отырмыз.
Еркебұлан Мұратұлы: компьютердің де, аударманың да оқуын оқыдым. Мына кісі маған бір жағынан әкем, екінші жағынан ұстазым. Латын жобасына келгенде біз 26 әріптен шықпауды ұстанып отырмыз. Онда түрікке де, өзбекке де және тағы басқаларға да ермейміз. Пернетақтадағы таңбалардан аспайтын жоба жаратамыз. Ең тиімді жағдай осы. Егер оған қандай да бір үтір не басқа әріп кіріп кетсе ол қалай болса да қолданушыға әуре тудырады. Біз компьютерді ғана емес ұялы телефонды да ескеріп отырмыз. Пернетақтағы қазіргі 26 әріп барлық салада еш кедергісіз жүреді.
Кезінде Қытай жаңа жазуға ауысқанда жеделхат жібергенде үтірі бар, не артында құйрығы бар нәрселер арғы жаққа жетпей қалып әуре тудырды. Сол кездің өзінде қазақтың оқыған зиялы адамдары бізге де латын әліпбиі дұрыс екен дегенді айтты. Енді осы арманымыз тезірек жүзеге асса, дүниенің төрт қиырында шашырап жүрген 5 миллионнан астам қазақтар атажұрттағы қандастарымызбен еш кедергісіз хат-хабар алмасатын болады.
- Айтқаныңыз келсін. Әңгімелеріңізге рахмет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста