Орхон-Енисей жазулары - көнеден жеткен мәңгілік асыл қазынамыз. Тарихымыздың терең қойнауларынан сыр шертетін жәдігерлеріміздің қайсысына үңілсек те, ежелгі түркі мәдениетімен астасып жататын құндылықтарға толы екені белгілі. Ал мұның бүгінгі ұрпаққа еркін жетуіне түркі тарихын зерттеуші ғалым Лев Гумилевтің сіңірген еңбегі зор. Ал үстіміздегі жылы әйгілі ғалымның туғанына 100 жыл толып отыр.
Осы орайда жақында Семей қалалық мәдениет сарайында «Арғы атам – Ер Түрік, біз қазақ еліміз» атты әдеби-телевизиялық кеш өтті. Кештің ашылу салтанатында сөз алған белгілі энциклопедист-ғалым, «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрдықұл Шаңбай шара маңызын түсіндіре келіп, Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Қ.Нұрқасымға «Лев Гумилев» атты энциклопедиялық кітапты тарту етті. Сонымен бірге түркі әлеміне қатысты қалалық орталық кітапхана ұйымдастырған «Төрткіл дүниеге танымал ер Түрік» атты кітап көрмесі мен Л.Гумилевтің 100 жылдығына орай жасалған арнайы стендт те шара маңызын арттыра түсті.
Сондай-ақ жастар үшін арғы тегін біліп, танымын арттыру мақсатында Моңғолия жеріндегі Күлтегін ескерткіші көшірмесінің Астанаға әкеліну тарихын, оны Елбасы
Н.Назарбаев бастаған Үкімет мүшелерінің салтанатты түрде қабылдап алу сәтін баяндайтын деректі фильм көрсетілді. Биыл осымен төртінші мәрте көрсетіліп отырса да, бұл фильмнің жастар бойына патриоттық рухты ұялатып, өткенін біліп өсуіне тигізер септігі зор.
Түркі құндылықтары ұлықталды
Последние статьи автора