Тұран елі – қыран елі

Тұран елі – қыран елі

Бүгінгі таңда төркі тарихын Қытай тарихына сүйеніп алынған 545 жылмен шектеп қарайтындар саны белең алып тұрғаны жасырын емес, егер біз мұндай пікірден арылмайтын болсақ, онда төркі халықтарының 545 жылға дейінгі мыңдаған жылдық тарихына балта шапқанымыз. Өз басым Төрк атауын Төранмен/Туранмен сабақтастыра қарауды жөн санаймын. Өйткені Төрансыз төркілер тарихын елестету мүмкін емес, әрі Төрансыз төркілер тарихы бір жүйеге түспесі хақ. Менің пайымдауымша, Төрк сөзі – әу баста, табиғатпен үндес өмір сүруді мұрат еткен, сол табиғаттың төл баласына айналып өзіндік тұрмыс-тіршілігін қалыптастырған көшпелілердің наным-сенімі мен дүние танымынан туындаған жинақтаушы атау сөз.

Көшпенділер көк тәңіріне бас иіп «көктен жаным – жерден тәнім», «аспан ата-жер ана» деп өскен. Кітаптардың атасы саналатын Авеста кітабында Төр елін Тур, Туры деп жазғаны мәлім. Иван Стеблин Каменский: «Туры, Туранцы – племена иранских кочевников, враждебные иранцам-земледельцам», – деп жазады. Бұл жерде көшпелілерді ирандықтар деп жазуы әрине жаңсақ пікір. Автордың көшпелілерді Тур, Туры, Туранцы деп жазуының өзінен-ақ олардың төркілер екені тайға таңба басқандай айқындалып тұр. Осы арада «Важно отметить, что Тура одного из героев Авесты царствовавшего на Востоке Е.Блоше считает «не всякого сомнения предков тюрков» и полагает, что это имя невозможно отделить от названия туранской земли Тируа (Туруа). По мнению Гейгера, приведенному Оберхумером, имя Тура «В Иране испокон века от Авесты до Шахнаме имело собирательное значение, не обозначало никакого этнографического различия и относилось к степным народам, обитавшим от Каспийского моря до Сырдарьи» деген оң пікірлердің де барын есте ұстағанымыз жөн. Біздің қазіргі таңдағы айтып жүрген «төрк/турк» сөзінің негізі, яғни түбірі «Төр» һәм «Тур» сөзі. Бұл сөз әу баста жоғарыны, биікті білдірген әрі тәңірі, көк тәңірі яғни түпкі жаратушы (Ұлы Төр - Улуғ Турк) сипатында айтылған деген қорытындыға келемін. Осы бір көне сөздің қазақ арасында әлі де жаңғырығы сақталып қалғанын аңғару қиын емес. Мысалы, қазақ үйіне келген қонағына «жоғары шығыңыз, жоғарылатыңыз» деп қана қоймай «төрлетіңіз, төрге шығыңыз» дейді, әрі бастан жоғарғы жақты «Төр» санайды. Бұдан «Төр» сөзінің жоғарыны, жоғарғы жақ көкті меңзеп айтатынын аңғаруға болады. Төркі халықтарының ішінде осы бір «Төр» «Тур» сөзінің дәл осы мағынаны білдіретін жаңғырығын қазақпен бірге шуаштар да (чуваштар) сақтап қалған екен.

Мұрад АДЖИ: «Қыпшақтар «тәнірі» немесе «тенгир», буряттар «тэнгри», моңғолдар «тенгир», чуваштар «тура» деп атайды. Айтылуы сәл-пәл өзгеше болғанымен, барлық халықтар үшін оның мағынасы біреу ғана: «рух» – нақты нұсқап көрсетуге келмейтін еркек текті тәңіри бастау».

Демек, чуваштардың көкті, аспанды яғни тәңірді «тура» деп атауы қазақ тілінде түбірі сақталған «төр» сөзі екені дау тудырмаса керек.

Бұлай болған жағдайда «Тур», «Туры», «Тура», «Туран» һәм «Турк», сөздері қазақ тіліндегі «Төр», «Төре», «Төрк», атаулары деп қабылдағанымыз орынды. Бұл тәңірі болмысты, тәңірі текті, көкке сыйынған көк тәңірінің ұландары көшпелілерге ғана таңылған ерекше қастерлі атау. М.Қашқари: «...Тәңір оларды төркілер деп атап, асқан сән-салтанатқа ие қылды» деп төркілерге тәңірдің өзі арнайы ат қойғанын айтады. Иә, аспанның - көк аспан, тәңірдің көк тәңірі деп аталатыны сияқты төрктің көк төрк деп аталуы – біздің төр/тур, төре/тура һәм төрк/турк атауын еншілеген тәңірі текті көктің ұландары екеніміздің айқын дәлелі. Күн нұрынан жаралып, көк тәңірінің қолдауымен қаракөктің қайсар ұлдарының басын қосқан көшпелілердің даңқты қолбасшысы Қиат руынан шыққан Ұлы хан Шыңғысханның (Шынғ Ұс / Шың Құс биіктің, көктің құсы мағынасында) “Төре” тұқымы аталуы, Шыңғысханның, шын мәнінде, таза “Төрк”екенінің бұлтартпас айғағы деп білуіміз керек.
Кезінде «Ататек» деген атпен дастан жазған Қожаберген жырау (1663 ж.)

«Қазақтың түп атасы Оғыз-Түрік,
Құт қонған ұйтқы болып орнап бірлік»
– деп жырласа, қазақ тарихын терең зерттеген әрі оны өлеңмен жазған Шәкәрім атамыз: «Қазақтың түп атасы» деген өлеңінде:
«Болады арап жұрты Самның ұлы,
Біледі шежіренің бәрі мұны.
Түріктің шын аты екен Нәдұлұше
Түрік деп неге атанды тыңда соны»
дей келіп, «Түрік деп хан көтерген патша қылып» деп Нәдұлұшеге Түрік деген атақ, титул беріп хан көтергені хақында айтады. Осы «Түрік» атанған Нәдұлұше кім? Дұрысы Нәдұлұш. Бұл біздің арагідік Алашты кейде Алаша деп «а» әрпін қосып айтатынымыз сияқты Нәдұлұшке Нәдұлұше делініп, соңына «е» әрпі қосарланып айтылып тұр. Яғни «Ұлы Ұс» һәм «Ұлұ Ұш» деген екі компоненттен тұратын атаудағы алдыңғы «Ұлы» сөзі, келесі Ұс, Ұш сөздеріне қосылып Ұлұс, Ұлұш болып танылғандықтан да осынау «Ұлұш» сөзін ұлылау үшін төркі жұртының бір бөлігі «Ұлы» сөзінің синонимі «Нәд» сөзін қолданып «Нәд Ұлұш» атауын өмірге әкелген деген тоқтамға келемін. Алыс Мажарстандағы қыпшақ қандастарымыз әлі күнге дейін осы «Нәд» сөзін қолданып, «Ұлы Шеркеш» дегенді «Надьчеркеш», «Ұлы Құмандық» дегенді «Надькүншақ» деп атайды екен. Олай болса, Надұлұш деп отырғанымыз Ұлы Ұлұш яғни кәдімгі Ұлұ Ұш - Ұлы Ұс атауы екені күмән тудырмас деймін. Осы арада біз Ұлы Ұс, Нәдұлұш, Оғұз, Алаш атауларының егіз ұғымдар екеніне тағы бір мәрте көз жеткіземіз және барлығы дерлік бір ауыздан төркі халықтарының басын біріктіруші, әрі оларды өз алдына ел етуші алғашқы хан ретінде танылып, тек төркі тілі диалектілеріне орай әртүрлі аталғанын аңғарамыз. Айтпақшы, Нәдұлұштың «Төрк/Турк» атағын иеленуі дегеніміз – сөз жоқ, Ұлы Ұс – Алаш, яғни Қазақтың – Төрк титулын иеленгенін паш етеді.

Аталған сөйтіп Түрк Нәдұлұше
Ол кезде жылдар өтті мыңдап неше
Түріктен шыққан талай сайып қыран
Жер жүзі тітіренген түрік десе, – дейді Шәкәрім.
Жалпы, құс культінің өзі тәңірге, көкке табынудың белгісі екенін жоғарыда айтқанбыз. Дегенмен де Б. Қайырбековтің «Беркут – птица счастья» деген мақаласында: «Казахи чтут орла, как вестника Весны, ведь он прилетает одним из первых в конце марта. В прежние времена в честь прилета орла устраивали той... Вестник весны, как и сама весна, почитался как Возродитель, творец природы. Именно поэтому орел – солнечное божество, связанное с древнейшим культом плодородия», – деп жазғанын айта кеткім келеді. Қысқасы, ұлы даланың еркіндік сүйгіш сайыпқыран ұландары, табиғатпен үндес өмір сүруді үйлестіріп қана қоймай, өздеріне тән тұрмыс-тіршілік пен наным-сенімді де қалыптастырды. Сөйтіп, әу баста көктің символы құсты киетек – тотем етіп қана қоймай, әуезді аспаптары қобыз бен домбырасын аққу мен қазға ұқсатып, үстілеріне киген сауыт киімдерін құстың кеуде жүні мен балақ жүніне ұқсатып, тақия, тымақ, сәукелесіне үкі тағып, құс етек көйлек киіп, аң – жануарларды бейнелегенде оларға қанат бітіріп қанатты барыс, қанатты бұғы, қанатты ат, қанатты киік түрінде суреттеген. Бұның бәрі де көшпелі төркілердің тәңірі текті, көктің ұландары екендіктерінің сөзсіз айғағы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста