3 қаңтарда «Қазақстан» ұлттық арнасында «Туған елдің түтіні» атты жаңа отандық телехикая көрсетіле бастайды. Онда қарапайым қазақ отбасының соңғы жиырма жылда бастан кешкен оқиғалары, Тәуелсіз елдің тарихы, оның өткені мен болашаққа бағдары баяндалады.
Мемлекет тарихындағы елеулі оқиғалардың қарапайым елдің өміріне әсері, айрандай ұйыған отбасындағы бәйтеректей әкенің орны, сәбидің есеюі, жігіттің ел ағасы болуы – осының барлығы туған жердің, елдің тарихының бір бөлігі. Жалпы, Қазақстан мемлекетінің бұғанасының бекіп, алғашқы дипломатиялық қарым-қатынас, саясаттағы, экономикадағы қадамдары, халықаралық спорттағы алғашқы жеңістер, бизнестің дамуы, тұңғыш теңгенің шығуы – барлығы да сериал кейіпкерлерінің өмірімен ұштаса отырып, көрерменге жол тартпақ. Тарих пен өмірді сабақтастыра отырып өрілген аталмыш хикая Тәуелсіздік алған жылдарымыздағы өмірді баян етеді. Ал туған елдің топырағы, ауылдың самаурындағы қайнаған шайы, туған үйдің түтіні кімге болсын ыстық.
«Туған елдің түтіні» көрерменге жол тартты
Последние статьи автора