Түбі бір түркі жұрты

Ноғайлар

Ноғай этнонимі ХІІI ғасырдағы Алтын Орда билеушісі Ноғай ханның есімімен байланыстырылады.
Патшалы Ресейдің қан тепкісіне ұшырап, тоз-тозы шыққан байғұс ноғай халқының тағдырын дәуір трагедиясы деп атауға болатын шығар. Бір кездегі Ұлы Ноғай Ордасының территориясына осы күнде Ресейдің бес облысы сыйып жатыр. Ел кеткен соң, жерден не қайыр? Алты миллионға жуық ноғайдан жүз мыңға жетер-жетпес қана қалғаны шынымен қабырғаңды қайыстырады. Патшалы Ресейдің шынжыр балақ, шұбар төс генералдарының қатыгездігі мен Кавказдағы қан-соқта соғыстардан титықтаған 200 мың ноғай ХІХ ғасырдың соңында Түркияға босып кетті. Олардан қалған жерді орыс мұжықтары мекендеп ала қойды.
Қазақ пен ноғайдың төл перзентi Қазтуған, Доспанбет, Асанқайғы секілді халық ауыз әдебиетінің қадау-қадау тұлғаларының зираты қазір Қазақстан­нан тыс жерлерде – байырғы ноғай жұртын­да қалды. Бұл мәселелер қазақтың да, ноғайдың да ауыз әдебиетінде кең көрініс тапқан. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Зар заман әдебиеті» атаған осы бір тұс ұлт тарихындағы ұрымтал кезең еді.

Қазіргі ноғай тілінің жазу емлесі кириллица негізінде қалыптасты. Қазақ­тың «қ», «ғ», «ң» секілді әріптерін «к», «г», «н»-ға жіңішкелік белгісін қосып таңбалайды. Жазуындағы бар айырмашылық осы ғана. Демек, біздің кітаптарымызды емін-еркін оқи береді деген сөз. Онда неге ол жаққа өзіміздің оқулықтарымызды жіберіп, сусап отыр­ған халыққа ортақ тарихымызды белсенді насихаттамасқа? Ресейдегі басқа түркілер орыстанып кеткен болса, ноғайлардың басты ерекшелігі салыстырмалы түрде ана тілін таза сақтап келеді. Бірақ өз тіліндегі баспа өнімдері азайып бара жатыр. Ноғайтілді зиялы азаматтар да жыл жылжыған сайын сиреп барады.
Кейінгі кезде тарихшылар мен қоғам қайраткерлерінің арасында «ноғай халқын сақтап қалудың жалғыз жолы – оларды түп көтеріп Қазақстанға көшіріп алу керек» деген пікірлер айтылып жүр. Ең бастысы – ол мәселені ноғай зиялыларының өздері бастап көтеріп жатыр. Оның қаншалықты өзекті екен­дігін уақыт көрсетер. Дегенмен біз Алашты алаңдатқан осы сауалды тө­менде бірқатар зерттеушілерге қойып көрген едік.

«Ер жігітке бақ қонса,
пайдалы істі қағынтад,
Ер жігіттен бақ тайса,
өткен күнді сағынтад»
.

Жыраулар поэзиясынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста