Төреғали Төреәлі өзін Димашпен салыстырғандарға жауап берді

Отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі қазақ атын күллі әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергенге жүрекжарды жазба арнады. Ол 26 жасқа толған тума талант туралы бар ойын ортаға салып, оны мемлекеттік деңгейде қорғауға алуды ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Төреғали Төреәлі өнердегі інісінің құрметіне арнаған жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

 

Онда ол Қайрат Нұртас екеуін Димашпен салыстырып жататындарға жауап берген. Өнер иесі олардың өзара арақатынасына қатысты қауесеттерді жоққа шығарып, әркез Димашқа тілекші екенін алға тартты.

 

"Жиырма бірінші ғасырда жарқ етіп әлем аспанын ән шұғылысына бөлеп, анау-мынау адамның басы айналатын биікке көтерілген - Димаш бауырымыз болды. Бұған бәріміз қуандық һәм тілекшіміз.

Оны да сан-саққа жүгіртіп, алып-қашпа әңгімеге айналдырып алатын қазақылығымыз да қалмай біраз жерге дейін еріп келді. Бірақ ол үшін Димаш бізге өкпелеген жоқ, тек өз ұлтын қалай сүю керектігін,оған қалай құрмет көрсетіп, қызмет жасау керектігін іспен дәлелдеп келе жатыр.

Димашты сырттай менімен, Қайратпен салыстырып, аракідік от салып отыратын пікірлерді көріп қалып, қынжылып қаламын. Біз Қайрекең екеуміз де Димаш бауырымыздың және сол сияқты еліміздің талантты ұл-қыздарының тек тілеуқор, жанашыры екеніміз Аллаға аян. Ешқашан бақ таластырып,бақастық туралы ойлап көрмеппіз.

Тіпті Димаштың әкесі Қанат ағамен менің әкемнің достығы, жолдастығы сонау Ақтөбеден бастау алғанын біреу білсе,біреу білмес. Ол әңгімеге арнайы тоқталамыз.

"Керуеннің жолы бір болғанымен,несібесі әртүрлі" деген қазақ. Бауырымызды тіпті мемлекеттің қорғауына алып,қамқорлық көрсетсе де артықтық етпейді. Себебі мұндай феномен қазаққа енді қашан келетінін Құдай білсін! Бүгінгі туған күнің құтты болсын,Димаш! Өзіңде тегін жігіт емессің ғой,туған күнің Айт мерекесімен тұспа-тұс кепті. Арғы аталарыңның Айтпай екенін ескерсек бұл мерекенің де саған қандай ыстық екенін білемін. Алла жолыңды ашық қылсын бауырым" , - деп жазды Төреғали.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста