Әнші Төреғали Төреәлі Ерке Есмаханды келін қылып алуға ниетті екенін айтты. Желі қолданушылары мұның қаншалықты шын не қалжың екенін біле алмай, қызу талқылай бастады.
Бұл туралы Төреғали Төреәлі Инстаграм парақшасында toregalitoreali жариялады.
Мен соғып ем , сен маған алло дедің,
Сосын мен де өтірік алло дедім)
Әсем ән, өрнектелген өлең болса
Бас бармақпен береді бағаны елім,
Екі аптада миллион ақша тапса,
Осы қызды келін қып алар едім, – деп жазды Төреғали әнші Ерке жайлы.
Желі қолданушылардың бірі олардың жарасымды жұп екенін айтса, енді бірі әншілердің отбасылы жандар екенін, сондай-ақ жас айырмашылықтары да сәйкес келмейтінін айтып таласа жазды.
Жақында Төреғали мен Еркенің “Алло” бейнебаяны жарық көрген болатын. Бұл ән қазіргі уақытта хит әндердің қатарында. Бейнебаянды екі аптаға жуық уақыт ішінде миллионнан астам адам қарап үлгерген.