Тойларда Мақпал Жүнісова болып жүрген жігіт өз ісіне ұялмайтынын айтты

Тойларда Мақпал Жүнісова болып жүрген жігіт өз ісіне ұялмайтынын айтты

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға деген халықтың махаббаты ерекше. Сондықтанl1qhv1cuyos шығар, эстрададағы кей әнші қыздар Мақпал Жүнісованың дауысына пародия жасап жүр. Бір қызығы, соңғы кездері әртістің даусын айнытпай салатын, тіпті сол кісі секілді киініп алып тойларда өнер көрсететін жігіттер де пайда болыпты. Жуырда Мақпал Жүнісованың өзі «Инстаграмдағы» парақшасына түр-әлпетін өзіне ұқсатып бояп алған бір жігіттің суретін орналастырып: «Мынау барып тұрған көргенсіздік! Бұл – өнер емес, менің еңбегімді ұрлау. Айналайын жігітім, маған бұлай жарнама жасамай-ақ қой. Егер мына тірлігіңді қоймасаң, сені сотқа беремін!» -- деп жазды.


Кейін белгілі болғандай, әлгі жігіт Талдықорған қаласында өтіп жатқан тойларда Мақпал Жүнісова болып өнер көрсетеді екен. Тіпті Мақпал Жүнісованың даусы жазылған аудиожазбаларды рұқсатсыз пайдаланады және өте қомақты «гонорар» талап етеді деген әңгіме шықты. Сұрастыра келе біз оның 1995-жылы туылған Айдос Жақанов есімді жігіт екенін білдік.
Айдос негізі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келген екен. Кейіннен әкесінің қызмет бабымен Талдықорған қаласына қоныс аударыпты. Өзі белгілі әнші Ерболат Құдайбергеновтың бөлесі болып шықты. Біз онымен арқылы тілдестік.
«Негізі мен бала кезімнен ән айтамын, музыкалық колледжде білім алғанмын, қазір Жүргенов атындағы өнер академиямында сырттай оқимын, -- дейді Айдос. – Пародия жанрынде өнер көрсетіп келе жатқаныма көп бола қойған жоқ. Әзірге тек Мақпал Жүнісоваға, Жанар Айжановаға және ресейлік Маша Распутинаға ғана пародия жасаймын. Ешкімнің аудиожазбасын пайдаланбаймын.
Жасырмаймын, бір күні асығып жүріп дискімді ұмытып кетіппін, содан шегінерге жол жоқ болған соң ансамбльдегі жігіттер Мақпал апайдың «Еркем-айын» қосып беріп, фонограммасын пайдаландым. Қырсық шалғанда, дәл соны әлдекімдер телефонына жазып алып, Мақпал Жүнісоваға жіберіпті. Со¬дан бері Халық әртісі маған ренжіп, онысын телеарналар арқылы көрсетіп жатыр. Мен газет арқылы Мақпал Жүнісовадан тағы да кешірім сұраймын».
Айдостың тойда өнер көрсету ақысы Мақпал Жүнісова айтқандай қомақты емес екен. Ол небәрі 10-15 мың теңгенің көлемінде «гонорар» алатынын айтады. Соған қарамастан арнайы аппақ «S» класты «Мерседес» көлігін жалға алып, тойға сонымен баратын көрінеді. Күніне кем дегенде үш-төрт тойға «кіріп-шығатынын» білдік.
«Анау-мынау емес, Халық әртісіне пародия жасау үлкен жауапкершілікті талап етеді, -- дейді Айдос. – Даусынан бөлек түрін, «мимикасын», іс-қимылын, тіпті биін де айнытпай салуға тура келеді. Сондықтан мен көп дайындаламын. Арнайы төрт түрлі көйлек тіктіргенмін. Оның әрқайсысы 40-50 мың теңгеден түсті. Әйелдерге арналған қымбат бағалы «Шанель» иіссуын сатып алғанмын. Қанша дегенмен суретке түсу үшін жаныма көп адам жақындайды, «приятно» болуы керек қой. Ал күнделікті «макияжды» өзім жасаймын».
Біз Айдостан неге эстрадада жүрген ер-азамат әншілерге пародия жасамайтынын сұрадық. Ол әнші ағалардың даусы тойға жиналған қауымға қызықсыз екенін айтты. «Әрі жігіттің әйелдің образына еніп, соның даусын айнытпай салуы екінің бірінің қолынан келе бермейді ғой», – дейді. Және мұнысы үшін мүлдем ұялмайтынын, қайта әр жерде арақ-шарап ішіп, босқа сенделіп жүрген құрдастарынан өзін мың есе артық санайтынын жеткізді.
«Бұл – өнер. Ал өнерде шек жоқ. Қолынен келсе, кез-келген адам әнші¬лерге пародия жасай берсін. Мен мұнымен шектелмеймін. Репертуарыма басқа да әншілердің әндерін кіргіземін деп жүрмін», -- дейді Айдос.
...Айдостың бұл тірлігі дұрыс па, бұрыс па оны оқырманның ой-таразысына салғанды жөн көрдік.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста