Әнші Мәдина Сәдуақасова кезекті тойға ән орындауға барып, кішкентай баланың бейәдеп қылығына тап болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.
Мектепке әлі бармаған болса керек, еркелеу бала Мәдина қай жерде тұрса сол жерге барып ортаңғы саусағын көрсетіп, ұятты әрекеттер жасаған.
Туыстарының барлығы дерлік баланы сүйреп алып кетіп, құлағынан бұрап түрліше жазалауға тырысқан.
Үлкендер той машақатымен жүріп, жиналған адамдардан балақайды қатты жазалауға ұялғандары көрініп тұр.
4-5 жас шамасындағы балақай әншіге қол жүгіртіп, жұдырықтауға да барған.