Биыл атақты фильмнің бесінші бөлімі шығарылмақ. Ал сонау 90-жылдары Голливудтан көгілдір экранға жол тартып, әлемді өзіне табындырған алғашқы екі бөлімде түскен актерлер қазір қандай кейіпте екен? Бірге тамашалайық! Көріп отырғаныңыздай, бұл – бұзық терминатор немесе Т-1000 роботы. Көбіміз оны «сұйық металдан құйылған полицей» атаған едік. Ал оны сомдаған актер Роберт Патрик қазір жігіт ағасы болған.
Ал мынау «Терминатордың» өзі - «темір» Арни
Екі бөлім бойына «сұйық металл полицейден» жанұшыра қашып, ақыры аман құтылған Сара Коннор - актриса Линда Хэмилтон осы
Оны құтқару үшін барын салып жүріп, ғашық болған Кайл Риз, яғни актер Майкл Бин
Сиквелдің екінші бөлімінде тек жақсылық жасауға компьютері қайта бағдарламаланған «Терминатормен» достасып кеткен Джон Коннор – актер Эдвард Фёрлонг осы кісі, деп жазады mirfactov.com.
24.kz