Тележүргізуші Маржан Болатханқызы сәбилі болды. Ол инстаграм парақшасынан "АЛЛА ҰЛЫҚ!!! АЛЛАҒА САНСЫЗ ШҮКІРЛЕР БОЛСЫН!
11 жыл бұрын 11 қазан күні Ардақ екеуміздің үйлену тойымыз болған еді. Кеше дәл сол күні балапанымыз, кесте тігеріміз дүниеге келді.
Қайда, қалай босанғанымды келесі постымда жазамын, Алла қаласа" деп жазба қалдырды. Ардақ Назаровтай нар тұлғаның жары Маржанға балапанның бауы берік болсын дейміз!