Телеарна – ел мүддесін қорғап отырған ұжымдардың бірі

Телеарна – ел мүддесін қорғап отырған ұжымдардың бірі

Раукен Отыншин, «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясының директоры:

– Раукен Сағызбайұлы, теле­визияның әлемдік дәстүрлері жаһан­данудың ағым-бағыттарымен бірге күнбе-күн құбылып келеді. Аймақтық телеарна осы ағынға қалай ілесіп отыр?
– Аймақтық телеарналар алдымен сол өңірдің халқына қызмет етеді. Сондықтан да осы жердегі көрермен мүддесінің басты орында тұруы – заңдылық. Әлемдік тәжіри­бенің өзі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенімнің жоғары болатынын көрсетеді. Бұл – аймақтық телеарналар сіз айтып отырған жаһандану­дың ағым-бағыттарынан қалып келеді деген сөз емес. Себебі қазіргідей бәсе­келестік жағдайының өзі ол көштен қалмауды талап етеді. Біздің теле­арнаның материалдық-техникалық базасы рес­публикалық арналардікіндей бол­мағаны­мен, өркениет көшінен қалмай, заманауи қондыр­ғылар алып, сапалы хабарлар тарату ісіне мән береміз. Біз көрермен­дерімізге не қажет екендігін де білеміз. Олардың сұранысына сай жұмыс жасауға тырысамыз. Соңғы жылдары тек біз ғана емес, барлық республикалық арналарда серпіліс пайда болды. Бұрынырақта халық ресейлік өнімдерге телміріп отыратын болса, бүгінде олармен бәсекелесе алатын отандық хабарлар көбейді. «Қазақстан-Ақтөбе» теле­арнасы да алды­мен көрермен­дер талғамынан шығу бағытында жұмыс жасайды. Алыс ауылдардың жай-күйі, олар­дың тұрмыс-тіршіліктері де – біз­дің назарымызда. Олар да облыстық арнаның хабарларын асыға күтіп отырады. Жоғарыда айтып өткенімдей, техника саласында ауыз толтырып айтатындай жақсы жаңа­лық­тарымыз баршылық. «Кателко» спутниктік стансысы арқылы маңызды оқиғаларды, ауқымды жиын­дарды тікелей эфирде таратып, жауапкер­шілігі мол жұмыстарды жүзеге асырып келеміз. Бұған мысал ретінде Елбасы мен Премьер-ми­нистр, мәдениет министрі қатысқан тікелей эфир­дегі теле­көпірлер, 2008 жылғы Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баев пен Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің қатысу­мен өткен екі елдің шекаралас аймақтарының V форумын айтуға болады. Теле­компания ұжымы 2009 жылы кор­порацияның қолдау көрсетуі арқылы тасымалдау телевизиялық спутниктік стансысына (ТТСС) қол жеткізді. Сол арқылы тек облыс аумағынан ғана емес, республиканың кез келген нүктесінен спутниктік байланыс арқылы жедел түрде телехабар тарату мүмкіндігіне ие болдық. Соңғы кездері көгілдір экраннан әсіресе өңірлік теле­арналар үшін қиындау саналатын ток-шоу түріндегі хабарлар да көріне бастады. Теле­көрер­мендер бұрын­ғыдай орталық, рес­публикалық және облыстық теле­арнаны ғана көріп қоймайды. Қазір олардың телебағдар­ламаларды таңдап көруіне мүмкіндігі мол.
– Ақтөбе өңірінде облыстық телеарнаның мерейтойы кең көлемде тойланғанынан хабардармыз. Бұл тойдың өткізілуін, оның мәнін қалың жұртшылық қалай қабылдады?
– «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының да тарихы мен тағылымы тереңде жатыр. 50 жыл – тарих үшін аз уақыт болғанымен, отандық теле­визия үшін үлкен белес. Батыс өңірінде алғаш болып Ақтөбе телевизиясы 1960 жылы шаңырақ көтерді. Әрине, алғашқы кезде теле­визия жұмысын бір жүйеге келтіру, бағдар­ламалар тарату оңайға соқпаған. Өйткені тек өңір үшін ғана емес, бүкіл ел үшін телевизия өркениеттің соңғы жаңалықтарының бірі бола­тын. Арнаның қалыптасуына қаланың көптеген кәсіпорындары мен қоғамдық ұйым­дары, жекелеген тұлғалар көп көмек көрсеткен. Нәти­жесі де жаман болмағанға ұқсайды. «Апта жаңалықтары», «Жаңарған өлке», «Жақсы істер, жалынды жастар» атты алғашқы хабарлардың облыс, республика, тіпті Мәскеудегі орталық телевизиядан көрсетілуі – соған дәлел. «50 жыл­да – ел жаңа». Айтуға оңай, дегенмен осы жыл­дар ішінде ұжым талай қиындықтарды жеңіп, көрермендеріне сапалы хабарлар ұсынды, халық мүддесіне жұмыс жасады. Телеарна құрылғалы бері өңіріміз бен қалада болып жатқан басты жаңалықтарды халыққа жеткізіп, ел мен жердің тарихын жазып, мәдениеті мен әлеуметтік жағ­дайын жақсарту жолында қызмет етіп келеді. «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасы өзінің 50 жылдық мерейтойына дайын­дықты былтыр жыл басында-ақ бастап кетті. Арнада жаңадан қазақ және орыс тілдерінде жүретін «50 жыл Сіздермен біргеміз» – «50 лет вместе с Вами» атты бағ­дар­ламалар ашы­лып, онда аймақтық телеарна­ның даму жол­дары, осында ұзақ жылдар бойы нәтижелі қызмет атқарған азаматтар туралы айтылды. Жыл бойы аудан­дардағы көрер­мен­дерімізбен де кездесулер ұйым­дастырылды. Осы жерде айта кету керек, бұл «Алтын микро­фон» эстафетасы Қазақ орталық теледидарының 50 жылдық мерейтойынан бас­тау алады. Алдымен Қара­ғанды қаласында басталған «Дидар» аймақтық фестивалі Шымкент қаласында болып, соңында «Қазақстан-Ақтөбе» теле­арнасына табыс­талған болатын. Сол «Алтын микрофон» арна­мыздың 50 жыл­дығына бай­ланысты аудан­дарды да аралап шықты. Ақтөбе теле­дидарының тарихында «Ақтөбем – алтын бесігім», «Мой город на белом холме» атты жеті сериялы тарихи-деректі фильм түсірілді. Авторы әрі режиссері – педагогика ғылы­мының кандидаты Гүлбану Үкітайқызы. Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесіне арналған «Естелік кітабы» деген атпен бірнеше бөлімді телефильм түсіріліп, көрермендер на­зарына ұсынылды. Ол туынды Мәскеуде өткен халық­аралық кинофестивальда Артем Боро­вик атындағы арнайы жүлдеге ие болды. Былтыр телеарна дамуына айтарлықтай үлес қосқан Жандай Тәукебаев, алғашқы бас ре­дактор­лардың бірі, белгілі жазушы Тобық Жарма­ғамбетов, қазақтардың арасында алғаш шыққан телеоператор Андрей Бикешев­тердің атындағы жүлделер тағайындалып, олар өз иелерін тапты. Ал негізгі қорытынды шара жыл соңында өтті.
– Бір жылдары «Қазақстан» ұлттық арнасында да, оның аймақтық филиалдарында да басшы тұрақтамай кеткен кездер көп болды. Бірақ соңғы жылдары бұл үрдіс тоқтағандай. Сіздің ұжыммен байланысыңыз қандай? Корпоративтік басқаруда қандай ұстанымдарға сүйенесіз?
– Басшылық қызметтің жауап­кершілігі үлкен. Әсіресе, негізінен, шығармашылық адамдарынан құралған ұжымды басқару оңай емес. Мен телеарнаға директор болып 2007 жылы келдім. Иә, маған дейін облыстық телеарна басшы­ларының жиі ауысқандығы рас. Ал басшының жиі ауысуы ол ұжым үшін тиімді емес. Себебі оның өз ойы, жоспары, мақсаты мен жобалары толық жүзеге асып, нәтижесі көрінуі үшін уақыт пен мүмкіндік керек. Кез келген адамға жетістік еңбек пен үлкен тәжірибе арқылы келеді. Ал басшылық қызмет адамға екі есе көп жауап­кершілік жүктейді. Оны мен де жете түсінемін. Сондықтан да әрқашан нақты, жақсы нәтижеге қол жеткізер жоспар бойынша жұмыс жасап, тындырылған істеріме өзімше баға беріп отыруға тырысамын. Мен де кез келген басшылық қыз­меттегі адам секілді осы күнге бірнеше өмір баспалдақтарынан өтіп барып келдім десем, артық айтпаған болармын. Себебі ұжымдық жұмыс жасауға үлкен тәжірибе мен ізденіс, кез келген адаммен тіл табыса алу қасиеті керек.
–  Жергілікті билік пен телеарнаның саясаты арасында алшақтық байқалатын уақыт бола ма?
– Телеарна  – ел мүддесін қорғап отырған ұжым­дардың бірі. Сондықтан да жергілікті билікпен тізе қосып, еліміздің, өңіріміздің игілігі үшін жұмыс жасау – басты бағыттарымыздың бірі. Қазіргі күні телеарна мемлекеттік тапсырыс бойынша көптеген хабарлар дайындайды. Оның барлығының өз бағыты, тақырыбы бар. Кезінде облыстық телеарнаның мемлекеттік тапсырыс бойынша телехабарлар дайындау ісінен мүлде тыс қалған тұстары да болған. Тендерге қатысса да, жылдық қаражат көлемі 14-15 млн теңгеден аспады. Дегенмен облыс әкімдігінің қолдауымен бұл көрсеткіш 2007 жылдан кейін бірнеше есе өсіп, 2009-2010 жылдары 50 миллион теңгеге дейін жетті. Бұл, әрине, алдымен өңірдегі бұ­қаралық ақпарат құралдарына қашанда жа­нашырлық танытып жүретін облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың тікелей араласуымен жасалып жатқан көмек. Біз облыстағы 12 ауданның әкімдігімен де тікелей байланыстамыз. Жыл басынан бастап арнайы келісім нәтижесінде әр ауданнан белгіленген мерзімде хабарлар түсіріп отырамыз. Әсіресе Президентіміздің сындарлы саясатын, Үкіметтің жүргізіп отырған рефор­маларын және облыс әкімінің жергілікті тұр­ғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін қолға алып жатқан жаңа бастамаларын халық арасында түсіндіріп, насихаттауды басты мақсат са­наймыз.
– Әңгімеңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста