Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілімнің жары алаяқтардың құрбаны болды. Белгісіз біреулер Махаббат Мүсілімнің парақшасын иемденіп алып, қалың көпшіліктен емге ақша сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
 
Махаббат Мүсілімнің Instagram парақшасында кенеттен көмек қолын созу жайында жазба пайда болған.
 
"Анам үшін көмек сұрап тұрмын. Бізге дереу түрде ауыр ота жасату керек. Әрқайсыңыздың көмегіңіз қажет болып тұр" , - деп жазылған.
 
Алаяқтар аталмыш жазбаның астына банк картасының нөмірін де қалдырып кеткен.
 
Алайда, белгілі болғандай, бойжеткеннің анасына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тәуекел Мүсілімнің енесі дін аман.
 
Белгілі актер бірден бұл ақпаратты теріске шығарып, әйелінің парақшасын алаяқтар бұзып тастағанын хабарлады. Өнер иесі Instagram желісінде бұл жағдайға қатысты мән-жайды түсіндірді.
 
Бүгінгі күні Махаббаттың парақшасы тіптен бұғатталып қалған. Жұлдызды жұп бірден әрекет етіп, өз оқырмандарына алаяқтардың қулығына түсіп қалмасы үшін ескерткенімен кейбір желі қолданушылары оларға ақша жіберіп үлгерген.