Отандық телебағдарламалардың бірі Тәуекел Мүсілімнің ешкімге айтпай үйленіп алғанын хабарлады.
Ал Тәуекелдің өзі әйелін барша көпшілікке көрсеткісі келмейтінін, алайда керек жерде өзімен бірге алып жүретінін айтты.
Тәуекел Мүсілім ешкімге айтпай үйленіп алды, деп хабарлайды “Ел аузында” бағдарламасы.
“Өнерге қатысы жоқ болса, оны шығарып не істеймін? Ортақ жиын, тойлар болса, әрине, алып барамын. Оны жасырамын деген ойым жоқ. Әйелімнің кім екенін барша жұрт біледі. Сондықтан жасыру деген ой жоқ”, – деп сұхбат берді Тәуекел аталған бағдарламаға.
Десе де, желі қолданушылары Тәуекелдің бойдақтық өмірмен қош айтысқанына күмәнмен қарап отыр.