Тәшенов тағылымын тани алдық па?

Қазақ Тәуелсіздігі жолында ел аумағының тұтастығын сақтап қалған тұлғалардың арасында Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтің тұлғасы ерекше. Десе де, қазақтың ұлы даласын саудаға салып, теріскейдегі бес облысты бөлшектеп әкетуден аман алып қалған Тәшеновтің тағылымын кейінгі жұрты қалай дәріптеп жүр? Осы мәселе жақында 20 наурыз күні қайраткердің туған күніне орайластырылған басқосу барысында біршама сөз болды.

Расында, Жұмабек Тәшенов қайрат­керлігі оны көзі тірісінде-ақ атын аңызға айналдырған еді. Кеңестің кесапатты кезін­де ел Үкіметін басқарған тұлғаның ат­қар­ған еңбегі елдің экономикалық мәдени өмірін жандандырып қана қоймай, халық­тың рухын көтеріп, намысын жанитын өнегеге бой алдырғаны да мәлім. Қаймана қазақтың болашағын ойлаған қайраткер сонау қиын жылдардың өзінде-ақ Мәс­кеудің оспадар отаршыл пиғылына қарсы тұрып, Кеңес Одағын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап тұрған Н.Хру­щевтың «бөліп ал да, билей бер» деген әпербақан саясатына қарсы шыққаны бү­гінгі ұрпаққа батырлар жырынан кем бол­майтындай дәріптелсе игі еді. Тәшенов батыр­лығына бір ғана дәлел: Мәскеу Қа­зақ­станның солтүстігіндегі бес облысын Ресейге қосу керек деген тоқтамға келгенде Жұмабек Ахметұлы: «Никита Сергеевич, мен бұл мәселенің шешілуі былай тұрсын, тіпті күн тәртібіне қойылуының өзіне қар­сы­мын», – дегені еді. Сосын тың игеру жыл­дарында Ж.Тәшенов күш алып бара жатқан шовинизммен айқасқа түсіп, «Ке­ңес Одағында барлық ұлттар мен ұлыстар тең құқылы» деген қағиданы мәскеулік шенеуніктерге сауатты түрде қарсы қолдана білді. Алайда дәл осындай ұлт қайраткері өз деңгейінде дәріптеліп жүр ме? Бүгінгі ұрпақ Алаштың аманатын арқалап өткен асыл азамат туралы не біледі? Астанадағы Ұлттық кітап­ха­наға жиы­лып, Тәшенов тұлғасына тәу етуші­лердің де бір мақсаты осы деп білеміз.
Ұлт қайраткерінің туған күніне орай­ластырылған шара алдымен тау тұлғалы Тәшенов туралы деректі фильм­мен ашы­лып, онан соң оқыр­манға жол тартқан Ж.Тәшенов туралы жинақтың тұсауы ке­сілді. Аталмыш жинақ «Ж.Тәшеновтің аза­маттық ерлігі мен қазіргі патриоттық тәр­бие» атты былтырғы жылы өткізілген рес­пуб­ликалық ғылыми-тәжірибелік кон­ференция материалдарының негізінде жарыққа шығып отыр. Жинақ-кітапша Ж.Тәшенов пара­саттылығынан сыр шертетін есте­ліктермен қатар, өнегесін үлгі ететін һәм лауазымды қызметіне бай­ланысты бұдан бұрын жұртшылыққа беймәлім бо­лып келген жайттар мен деректерді қамтыған. Жарыққа шыққан жинақтың басты құндылығы да осы болса керек. Та­рих ғылымының докторы, профессор Қадыр Ахметов­тің, Мемлекеттік тарих институты ди­ректорының орынбасары, тарих ғылы­мы­ның докторы Ханкелді Әбжановтың, философия ғылымының докторы Аман­гелді Айталының, алаштанушы Дихан Қамзабекұлының, филология ғылымының докторы Серік Негимовтің, қоғам қайраткері Қуаныш Алпысбековтің жинақтағы әңгімелері Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтің тұлғасын ұлтқа жақындата түсетіні айқын.
Жиын  барысында сөз сөйлеушілер Ж.Тәшеновтің атында қоғамдық қор құру мәселесін көтерді. Қор құрудағы мақсат – 2015 жылы Ж.Тәшеновтің 100 жыл­дығына байланысты мәселелерді бүгіннен қолға алу. 95 жылдығының елдік деңгейде ұлықталмауы қайталанбауы тиіс. Қордың жұмысын жандандырып, жөнге салатын ақылдастар алқасын сайлау да айтылды. Сосын қайраткерге Халық Қаһарманы атағын беру туралы да пікірлер көтерілді.
Ең бастысы, ұлының ұлылығын дәріп­теудің мәселесі шағын жинақпен аяқтал­майтыны ақиқат еді. Сондықтан да жинал­ғандар жинақпен тоқтап қалмай, 100 жыл­дық мерейтойына дейін Жұмабек Тәшенов туралы тың деректер ұсынатын­дарға сауын айтып, толық кітап етіп шығару бастамасын құлаққағыс ретінде көтерді. Сөйтіп, Ж.Тәшеновтің 100 жылдығының алдында көп шараны атқаруды бүгін қолға алу туралы мәселе сөз болды. Сөз айтылды, ұсыныс тасталып, пікірлер жасалды, ендігі кезек – іске көшу.
Мейрам Байғазин, журналист-жазушы, қоғам қайраткері:
– Жұмабек Тәшенов, шын мәнінде, Абай мұрасы мен қазақ баспасөзінің жанашыры бола алды. Өйткені тың игеру жылдарында аудандардағы қазақ баспасөзі, мектептері жабыла бастады. Сол тұста ұлттың бас басы­лымдары «Қазақ әдебиеті» мен «Со­циа­листік Қазақстан» газеттеріне де жабылу қаупі төнген еді. Тіпті сондай жағдайда шатасқан зиялы редактордың өзі аталған басылымдарды аударма газет етуге де көндігіп, «солай болса да бізге дұрыс» дегенде Ж.Тәшенов: «Социалистік Қазақстанды» ашқан да сен емессің, жабатын да сен емессің, не тантып тұрсың өзің?» – деп әпер­бақандарға зілмен жауап қайтарып, қазақ баспасөзін сұмдық қатерден құтқарып қалған еді. Мұны ұлт баспасөзі еш ұмытпас.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста