Өнерде жүрген танымал жұлдыздардың келбетіндегі кез келген өзгеріс қашанда дүйім жұртшылықтың назарында. Фотокамераның ылғи да өздеріне бағытталып тұратынына үйренген жұлдыздар өз стильдері мен имидждерін өзгертуден де еш жасқанбайды. Олардың сыртқы келбеттерінің өзгерісіне біреулер таңғалып қараса, енді біреулер сынап-мінеп жатады. Әсіресе, шоу-бизнес әлеміне уыздай жап-жас кезінде келген нәзікжандылар уақыт өте келе нағыз кәсіби танымал жұлдызға айналғанда түрі де, стилі де сан мәрте өзгеріп тұрады. Таяуда yvision.kz сайтында қазіргі қазақ шоу-бизнесінде жүрген қыз-келіншектердің танымалдыққа дейін және кейін келбеттері мен стильдерінің қалай өзгергенін көрсететін суреттері жарияланды. Ендеше назар аударыңыз!
Мақпал Исабекова
yvision.kz