Танымал тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы альфонс жігіттер жайлы кітап жазып шықты. Гауһар Әлімбекова мен көпбалалы аналарға алғашқылардың бірі болып көмек қолын ұсынған журналистің кітабы 17 ақпан күні жарыққа шығады деп хабарлайды NUR.KZ.
Бибігүл Дәулетбекқызы "Альфонс жігіттің тағдыры" кітабының тұсаукесерін Алматы қаласында өткізетінін мәлім етті.
Журналистің айтуынша, ол кітабын 5000 данамен шығарған. Кітаптың бағасы да көпшілікке қолжетімді болмақ.
Айта кетейік, Бибігүл Дәулетбек Гауһар Әлімбекова түрмеге түсіп қалғанда алғашқылардың бірі болып көмекке ұмтылған. Отандық әншілермен ақылдасып, әншіге көмек ретінде ақша жинауға атсалысқан.
Сондай-ақ Қызылордада үш ұлы бірден иіс тиіп қайтыс болған жалғызбасты анаға да жанұшыра көмек көрсетті.
Сонымен қатар күні кешеге дейін моншада тұрып келген Алматы облысы Талғар ауданындағы көпбалалы отбасының да пәтерлі болуына жәрдем етті.