Танымал әншілер неге жиі алаяқтардың құрбаны болады? (видео)

 Әнші Толқын Забированың ашуын кім туғызып жүр?

Ал әнші Өктем Алтаевтың атын жамылып баспана мен темір тұлпарға қол жеткізген кім?

Әнші Толқын Забированың атынан белгісіз біреу күмәнді байқау ұйымдастырып, қомақты ақша тауып жүр. Мұны инстаграм желісінен көрген әнші, өз көзіне өзі сене алмады.

Толқын Забирова, әнші:
- Көбісі айтады, осы лайк арқылы бір бизнес жасайды деп, жарнама салады,одан өздері ақша табады. Енді жарайды, таба бер, өзіңе жақсы болса жасай бер, оған ешқандай қарсылығым болмаған. Бірақ, осы айфонды ойнатпағанда , әрине, солай жалғаса беретін еді. Ашуымды келтірді.

Белгісіз қолданушы әлеуметтік желіде Толқынның атынан парақша ашып, оны бір жылдай қолданған. Тіпті, 22 мың оқырман да жинап үлгерген. Толқын бұл жәйттан хабардар болғанымен, алаяқ қолданушының соңғы жасаған әрекеті әншінің шыдамын тауысып, ашу-ызасын бірақ тудырды.

Толқын Забирова, әнші:
- Маған звондай береді. Жұмыста болсам мазалап. Айфонды қалай алып кетуге болады деп мазалайды. Есіме бір кісі түсті.

Аса сабырлы әнші жалған аккаунт иесін іздеп тауып, құпия сөзін өзіне қайтарып алады. Осылайша, енді әншінің әлеуметтік желісіне ешкім жалған ақпарат салып қол сұға алмайды.

Дәл осындай жағдай тек Толқынның басынан ғана өтпеген. Жақында әнші Өктем Алтаев та алаяқтардың құрбаны болды. Ел сүйіп тыңдайтын "Қарындасым", "Жұмбақ қыз", "Ақ сәулем" атты хит әндерін ұрлап, содан мол пайда тапқан.

Өктем Алтаев, әнші:
- Менің өз басымда ондай жағдайлар көп болды. Менің фонограммамды қойып, дауысыма келтіріп, фонограммамен кабак, ресторандарда өлең айтып, ақша тауып, қыруар ақша тауып, үй алып, астына машина мінген жігіттер де болды.

Тіпті, әншінің дайын фонограммасын ғана пайдаланып қана қоймай, оп - оңай гастрольдік сапарларға да шығып жүрген. Алайда, достарының арқасында оны қолға түсірген.

Әнші ондай пысық жігіттің есімін жақсы біледі. Тіпті ол Өктемді қадірлеп бірнеше рет тойына да шақырған.

Өктем Алтаев, әнші:
- Серік деген жігіт. Сарыағаштың жігіті. Көйлегін киіп қуандық, бірақ өнер деген халықтікі ғой, менің әндерім кәдеге жарап жатса, бір адамның жағдайын түзеп жататын болса, маған ол да қуаныш. Менталитет сондай, мен оған ештеңке айтқан жоқпын.

Әнші Бақыт Шадаева еш уақытта келеңсіз жайтқа тап болып көрмепті. Он жылдай сахнадан көрінбей кеткен әнші өз көрерменін сағынғанын айтады. Мемлекеттік жұмыстан әзірге бас тартқан өнер иесі сағынышын басу үшін Алматыда бейнебаян түсіріп, өнерін қайта қолға алды.
Бақыт Шадаева, әнші:
- "Ойла" деген ән. Мені ойла. Ойлап жүр мені дегендей. Музыкаға келісіп, ал енді сол сөзге жақындатып жазу үшін көбісі бір қайғылы мен енді өтіп кетті өмір деген сөздер келді, сол сөздерді ұнатпаймын. Өзімжөндеп, ыңғайымакелтірдім.

Бұл жолы Бақыт жаңаша стильмен ерекше образдарға тоқталған.

Бақыт Шадаева, әнші:
- Көптеген образдар болды. өзім ойлап таптым. Ең бір сәтті болғаны жақсы бір көйлек кездестіргенім. көйлектің арқасында ойлаймын клип жақсы болып шығады деп. Үш- төрт керемет киімдерменен.

Лаура Биғали, тілші:
- Өнер жұлдыздары жиі алаяқтардың құрбаны болып жатады. Мәселен, Мәдина Садуақасованың атынан біреулер тұшпараның бетін жарнамаласа, актриса Әсел Сағатова, продюсер Баян Есентаева, Халық әртісі Роза Рымбаева арықтаудың жолдарын көрсетіп, көк шайды сатып алуға үгіттеген. Алайда, артынан оның өтірік екені анықталды. Жақында алаяқтар Халық әртісі Мақпал Жүнісованы да мазалаған. Тоғыз жыл бұрын әуежай қызметкерлерімен дауласқан видеосын басып алған белгісіз біреулер ғаламтордан өшіру үшін әншіден қомақты қаржы талап еткен. Соңғы уақытта осындай жолмен пайда табатындар көбейгені рас.


31.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста