Тамара Асар Президентпен кездесуде не үшін жылағанын айтты

Әнші Тамара Асар Ақордада Мемлекет басшысымен өткен кездесу барысында неліктен жылағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз қарсаңында әйелдермен "Көктем шуағы" атты дәстүрлі кездесуінде тәмсіл айтып, әйелдер көзіне жас алды. Елбасы ана жүрегі жайлы әңгімелеген еді. Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Мемлекет басшысының айтқаны әйелдердің жүрегін несімен елжіретіп жіберді десті.

Тамара Асар сол жақта. Видеодан алынған скрин.

Кейін SNC Kazakhstan бас редакторы, "Ел арна" телеарнасының бұрынғы басшысы Айгүл Мүкей әнші Тамара Асардың не үшін жылағанын айтып берді.

"Репостты әдейі жасадым. Менің досым, әдеттегідей нәзіктікті байқады - ????Сұрақ? Таңданыс? Аң-таң болу??? Досым, Серігім менің, біздің құрбымыз Тамараның анасы ауыр азапты басынан кешкен, ол қызыныкінен мың есе ауыр болды. Ол тірі қалып қана қоймай, балаларын Тамараны бағып күтті, оны шынықтырып, одан әрі мықты, батыл, жақсы бола түсті. Сен Тамара АНА деген сөзді естігенде қандай сезімде болатынын білесің деп ойлаймын, оның үстіне бұл сөзді Елбасы айтып отырса. Ана туралы осылайша жан тебірентіп айтқанда мен де жылаймын, сен де жылайсың деп ойлаймын...", - деп жазды Мүкей Instagram парақшасына.

Әншінің өзі Tengrinews.kz тілшісімен әңгімелесу барысында көз жасының шын жүректен шыққанын айтты. "Мемлекет басшысы ол аңызды айта бастағанда, мен сол аңызбен өскен едім. Оны тыңдаған сайын толқимын. Себебі мен үшін "Ана" сөзі ерекше. Социумда мені мықты деп есептейді, шын мәнінде ол мықтылық менде емес, анамда. Оның мықты болу себебі ол мені ғана туған жоқ, ол мені ғана тәрбиелеген жоқ. Ол мені нағыз адам қылып шығарды", - деді әнші.

"Ол қарапайым адамның көз жасы еді. Мен ол жерде жалғыз өзім жылаған жоқпын. 25 әйел отырдық, бәрі де жылады. Шын мәнінде ол жерде ешқандай әртістік болған жоқ. (...) Егер талқылап жатқандар болса, демек олар көз жастарын социумнан жасырады. Ал мен жасыра алмаймын. Ал талқылап жатқан адамдар олар менің көз жасыма аздап қызғана қарайтын шығар. Ол үшін алаңдаудың қажеті жоқ. Менің көз жасым жүректен шықты", - деді Тамара Асар. 

Оның айтуынша, Айгүл Мүкей оның құрбысы. "Мен оны шығармашылығы үшін жақсы көремін. Ол мен үшін жанкүйер болды және ол мені ол адамдардан гөрі жақын біледі. Ол менің анам жайлы да көп естіген болатын. Расында да, менің анам өте мықты адам. Ол қарапайым ауылдың әйелі, мамандығы педагог, бірақ қадірі шексіз (...) Айгүл жай ғана мені қорғағысы келген шығар", - деді әнші.

Әншінің айтуынша, ол әлеуметтік желі үшін уақытын жұмсамайды. "Ол шығармашылыққа кедергі келтіреді. Сурет сала бастасаң саған әлдебір ақпаратты айтады, сонымен бітті. Акварелің одан әрі жүрмей қалады. Сондықтан шығармашылық адамы ондай талқылауға әрдайым қатыса бермеуі тиіс. Мен соңынан естимін, маған кешірек жетеді. Бұл қалыпты жағдай", - деді Тамара Асар.

Әншінің айтуынша, оның анасы концерттеріне жиі келеді және өте қарапайым киінеді, тіпті қызы сахнада тұрғанда да күлімдемейді. "Мен анама айтамын, анашым олай болмайды ғой, сіз ОКЗ-да (Орталық концерт залы - Авт.), концертте отырсыз. Ал анам маған "Мен сен үшін дұға етемін, ал дұға қылғанда қалай киінгеніңе назар аударудың қажеті жоқ" дейді. Ол сыйынып отырады. Ол біз үшін өмір бойы 24 сағат сыйынады, сондықтан оның сәнге, өсекке, социумдағы талқылауға уақыты жоқ. Елбасымен кездесу кезінде де мен анамның қалай дұға қылып отырғанын елестеттім. Анама былай дедім: "Анашым, менде бәрі жақсы". Сондықтан бәрі де жақсы", - деді Тамара Асар.

kaz.tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста