Табылдының "Із тастап аққан бір жұлдыз" ғұмырнамалық жинағы жарық көрді

2014 жылдың 29 мамырында сағат 18-30 де Ақтөбе қаласындағы Жастар сарайында Қазақстан жазушылар одағы мен журналистер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, еліміздің тұңғыш бард ақыны Досымов Табылды Аяшұлының «Із тастап аққан бір жұлдыз» ғұмырнамалық жинағының тұсаукесер рәсімі және шығармашылығына арналған «Сәйгүлік» атты ән фестивалі өтеді. Аталған шараны Табылды Досымов атындағы Республикалық қоғамдық қор ұйымдастырып отыр.
Қазақтың Табылдыдай ардақты ұлына арналған «Із тастап аққан бір жұлдыз» жинағына оның ғұмыры мен шығармашылығына қатысты деректер,естеліктер топтастырылған.
Таудай талант иесі Табылды Досымов қазақтың әнін гитараға қосып шырқап, талайдың жүрегінен орын алды. Ол жыраулардың отты жырларын, халқымыздың сырлы мұңдарын қайта жаңғыртты. Оның көптеген әндері сағынышқа, сырға, мұңға толы еді. Табылдың орындауындағы «Жалған дүние», «Ұнатамын мен сені», «Мен қазақпын» әндерін тыңдарман жақсы біледі.
Б.Қ. ҚАЛМАҒАНБЕТОВ, Табылды Досымов атындағы қордың директоры: – Табылды Досымов болмысында дүние шіркіннің бетіне қарамай өнер жолына түскен жан. Ол синкретті жанрды меңгерген сал-серілердің ғұмырына қызықты. Күмбірлеген домбыра, мондалина, қобыз, гитара жинап, төріне қылыш, қамшы, құран іліп, қолына күмістеген шақша ұстап, жастықтың бағында шайырлардай шайқала басты. Осындай шырайлы шаттық пен тәтті мұң қатар ұялаған жүректен елді елеңдеткен 40-қа жуық лирикалық және патриоттық әндер сорғалады. Табылды тек қана өнерпаз емес, туған елінің әрбір «әттеген-айына» таусыла өкінетін, халқының шырылдаған қызғыш құсы болғандай азамат еді. Бардтық өнер табиғатта сирек кездесетін құбылыс. Табылды осы саланың алғашқы қарлығашы тұғын. Аяулы дарынның қаныңды қыздыратын патриоттық өлеңдері, жібек желдей нәзік лирикалық әндері Қазақстаннан басқа Қытай, Түркия, Моңғолиядағы қандастарымызға кеңінен мәшhүр.
Табылды Досымов 1965 жылы 15 шілдеде Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор ауылында дүниеге келген. Ол 1982 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді. Т.Досымовтың «Жанарымның жарқылы», «Ұнатамын мен сені» жинақтары халық арасында кеңінен танымал. Қазақтан шыққан тұңғыш бард-әнші Табылды Досымов 45 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан көз жұмды. Ақын, сазгер әрі әнші соңынан өшпес мұра қалдырды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста