«Табалдырық» – Мағжан ақынның манифесі

«Табалдырық» – Мағжан ақынның манифесі

Алаш арыстарының бірі, қазақтың ғажайып ақыны Мағжанның қаламынан туған шығармалар әр кезде өз маңыздылығын жоғалтпаған. Мағжан Жұмабаев «Үлкен мәуелі әдебиеттердің көлеңкесінде тал шыбықтай жас қазақ әдебиеті тыртиып өспей қалса ше?» деген үлкен уайыммен дүниеге «Табалдырық» атты манифесін әкелді. Мағжан манифесі  – «Табалдырықпен» ғалымдар терең танысуда. Оған байланысты Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура институты гуманитарлық мамандықтар кафедрасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Бұл жиында Мағжанға қатысты бірнеше сұраққа жауап бола алатын салмақты, тың фактілер айтылған еді.
Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ, Абай атындағы ҚазҰПУ гуманитарлық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Мағжанның «Табалдырығы» – үлкен еңбек. Өткен ғасырдың 20-жыл­дарының орта тұсындағы қазақ әдебие­тінің негізі бола алатын теориялық шығарма деп айтуымызға болады. Жалпы, сол заманда қазақ әдебиеті осы секілді теориялық негізге мұқтаж болатын. Өйткені большевиктердің идеологиясы қазақ әдебиетіне өзінің ұстанымын танытқысы келді. Әдеби үдерісті бір арнаға салуға тырысты. Мағжан сол қазақ қоғамының ерек­шеліктерін, қазақ өмірінің белгілі бір дәрежесінің көрінісі болуы керек деген ұстанымды ұстанды. Қазіргі кезде осы «Табалдырық» манифесінің авторы Мағжан ғана емес деген пікір айтылып жүр. Менінше, бұл пікір негізсіз. «Табалдырық» – Мағжанның өзінің жеке шығармасы. Ол 1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың бас кезінде жазылған. Бұл бағдарламалық құжаттың жазы­луына сол тұстағы Мәскеудегі жазушы қауым­ның арасында қалыптасқан түрлі ағымдар мен теориялық ұстанымдардың өзара қақ­тығысының әсері болғаны анық.
Орыстың үлкен ақыны Сергей Есенин 1924 жылы жазған «О советских писателях» деген мақаласында мынаны көрсетеді: «Революция жылдары ескі тұрмыс күйреп, астан-кестең өмірден жаңа тұрмыс әлі туа қоймаған жағдайда еліміздегі көркем шығармашылық аласапыран күйде болды. Сансыз көп ағымдар мен ұйымдар құрыл­ды». Міне, осындай кезеңде «Табалдырық» шығармасы жазылды. Осы арада тоқталуға тура келетін тағы бір мәселе бар. Жоғарыда айтып өткендей, М.Жұмабаев 1925 жыл­дың қаңтар айында «Табалдырық» шығар­масын таратуға даярлаған. Бағдарламасы «Табалдырық» болған «Алқа» ұйымының не­гізгі көздегені, біріншіден, замана ағы­мындағы қазақ қоғамының тарихи кезең­дегі еуропалық және орыс қоғамдарымен салыстырғанда ерекшелігін айқындау, екіншіден, соған байланысты осы бір күрделі, өтпелі кезеңдегі ұлт жазушысының, шығармашы­лық иесінің міндетін саралау еді. «Табалдырық» – 1917 жылдың күзінде өмірге келген «Алаш» бағдарламасының табиғи логикалық жалғасы және осы ретте ұлттық мәдениеттің, руханияттың мақсат-міндеттерін таратып, түсіндіретін тарауы ретінде оқылатын құжат. Мұнда қазақ қо­ғамының ішкі ерекшеліктерін ашып көр­сететін, соған байланысты жазушылар­дың міндетін анықтау мәселесі алға қойылды. Тағы бір мәселе, «қазақ жазушылары ара­сынан «Табалдырық» манифесін қолда­ғандар болды ма?» деген сұрақ туындап жүр. Бұл ретте, Мағжанның «Табал­ды­рығын» М.Әуезов, Ж.Аймауытов, А.Бай­тұр­сыновтың алып оқығанын, онымен І.Жан­сүгіров танысып, түзетулер енгізгенін айт­қанымыз дұрыс. Ал осы «Табалдырық» шығармасының арнасында дүниеге келген М.Әуезовтің 1928 жылы жазылған «Хан Кенесін», І.Жан­сүгіровтің 1930 жылы жа­зылған  «Күйші» поэмасын айтуға бола­ды. Ұлы Мағжан ақынның қаламынан туған «Табалдырық» қазақтың көркемдік ойы мен мәдениетін әлемдік өркениетпен жал­ғастырып, қазақ елін әлемдік мәдени кеңістікте өз орны, өз қолтаңбасы бар ұлт дәрежесіне көтерді.
Шамек ТІЛЕУБАЕВ, тарихшы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы:
– Мағжан Жұмабаевтың «Табалдырық» атты шығармасы – Қазақстанда кеңестік жүйе орнап, қоғамдық ойды, әдебиетті таптық бағытқа бұруға басымдық беріле бастаған кезде оған ашық қарсылық біл­дірген ұлттық бағыттағы, ұлттық ұста­ным­дағы мәлімдеме. Бұл Мағжанның тео­риялық, методоло­гиялық, тіпті идео­ло­гиялық еңбегі десек те болады.
Репрессияға ұшыраған кездегі М.Жұ­мабаевқа тағылған негізгі айыптардың бірі осы жазылған шығармасы үшін болды. Бұл – оның «басын тіккен» еңбегі. Мағжанға тағылған негізгі айып оның ұлтшылдық бағытты ұстанғандығы еді. Тергеу ма­териал­дарында «Табалдырықты» плат­форма деп атаған. Ал профессор М.Қой­гелдиев оны манифест деп атауды ұсынып отыр, олай атауды мен де қолдаймын. Өйткені онда М.Жұмабаевтың өзінің ашық білдірген жеке пікірі, ұстанымы көрсетілген. «Манифест» дегеніміз – ол белгілі бір қо­ғамға өзінің мәлімдемесін, ұстанымын білдіру. Ал «платформа» деген ОГПУ-дың саяси астармен берген термині деп ойлаймыз.

– Бір кездерде Мағжанды 1946 жылы Бауыржан Момышұлы көріпті, кездесіпті деген әңгіме шығып еді, сол туралы пікіріңізді айтсаңыз.
– Соңғы уақытта «1946 жылы Мағжан мен Бауыржан кездесіпті, Бауыржан Мо­мышұлы оны көріпті» деген әңгімелер айтылып, баспасөз беттерінде жазылып та жүр. Бірақ бұл әңгіменің қаншалықты рас екенін айта алмаймын. Біз үшін бір нәрсе анық. Осы күндерге дейін ҚР ҰҚК мұ­ра­ғатында сақтауда тұрған Мағжан Жұма­баевтың репрессияға ұшыраған тұсындағы тергеу материалдарының құжаттары бар, бұл құжаттармен біз толық таныстық деуге болады. Сақталған құжаттарда Алаш қоз­ғалысы қайраткерлерін репрессия­лаудың бірінші үдерісі бойынша Мағжан 1930 жылы 10 жылға жер аударылған. Кейін 1936 жылы босатылып, елге қайта орал­ған. Ал 1937 жылдың 30 жел­тоқсанында НКВД оны қайта тұтқындап, біраз уақыт оның үстінен тергеу жұмыстарын жүргізген. Осы тергеудің соңында Мағжан Жұмабаев КСРО Ішкі істер халық комиссариатының 1938 жылдың 11 ақпанындағы №37 ше­шімі бойын­ша ату жазасына кесілген болатын. Мағжан Жұмабаевқа қатысты кейінгі 1937-1938 жылдардағы тергеу материалдарында тіркелген ату жазасы «1938 жылдың 19 наурызында іске асы­рылды» деген құжат бар. Бұл – үкім іске асырылған уақытта тол­тырылған «Үкім іске асырылғандығы жөнін­дегі акт». Ол кезеңде үкім орын­далған жағдайда осындай акті толты­рылатын болған. Мұрағат құжат­тарында, міне, осындай дәлелдеме­лер бар. Ондай құжат сол кезеңде ату жазасына кесілген және ол іске асырылған жағдайда әр адам­ның тергеу материал­дарында тіркелген болса керек.
Ал таптық, шовинистік бағыттағы ке­ңес­тік тота­литарлық жүйенің сол тұста Ә.Бөкейханов, А.Бай­­­тұрсынов, М. Ду­латов, М.Жұмабаев сияқ­ты т.б. Алаш азаматтарын, ұлт­тық ұстанымдағы қа­зақ зия­лыларын тірі қал­дыра қоюы мүмкін емес еді. Сондықтан да кеңес­тік репрессиялық аппарат Мағжан ақынды да тірі қалдырған жоқ деп ой­лай­мын, оған дәлелді жоғарыда келтіріп отыр­мыз.
Екатерина СМОЛЯКОВА, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың І курс магистранты:
– Мағжан Жұмабаев – қазақ әдебиетінде шоқ­тығы биік ақын. Егер Мағжанның ұлт­шыл­ды­ғының, идеалшыл­ды­ғы­ның себебін түсіндірген Ж.Аймауытовтың сөзімен ай­татын болсақ, бұл ақын­­­ның құбылысын бы­лайша бағалайды: «Мағ­жан – алдымен сыр­шыл ақын... Ол жүректің қо­бы­зын шер­те біледі, оның жүрегінен жас пен қаны ара­лас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады... Ауыз толатын ай­бынды асқақ сөз Мағжаннан шығады. Оның сөздері жүректі қытықтап, жыбыр­латып қана қоймайды, түбімен суырып, мейіріңді қандырады... Мағжан ақынды ақындық жағынан сөзсіз суретші деп айтуға бо­лады».
Мағжан Жұмабаев алдымен жазушы ретінде өзінің де, әдебиеттің де міндеттерін әбден түсініп алу керек деген қорытындыға келеді. «Жазушы қандай болуы керек?» де­ген сұрағына «Ақын болмасаң, болма, азамат болуға міндеттісің», – дей отырып, жазушы өзін ұлт өмірінен бөле алмайды, ол азаматтық борышын қоғамның қай мү­­шесінен де кем атқармауға, сонымен бірге шығармашылық шарттарды толық игеруі тиіс деп жауап береді. «Табалдырық» манифесі – меніңше, оның барлық ақын­дық, барлық азаматтық идеяларының қай­­­­­­мағы, соған дейін айтылған пікірле­рінің, жазылған шығармаларының қоры­­­­­­­тын­дысы. Сондықтан «Табалдырық» ма­ни­фесі өз дәуірі үшін қаншалықты ма­ңызды болса, бүгінгі күніміз үшін, бүгінгі әдебиетіміздің тынысы үшін соншалықты маңызды деп ойлаймын. Себебі осы ең­бекпен таныса отырып, біз, бүгінгі жастар, қазақ әдебиетіне, оның тарихына қандай көзқарас тұрғысынан қарау керек­тігін, кім­­дердің шығармаларын қалай бағалау керектігін және келер ұрпақ үшін соның ішінен ең асылын, құндысын, шы­найы мөл­­дірін теріп беру керектігін түсін­еміз. Мағжанның «Мен жастарға сенемін» дегені де – осы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста