Сыр бойында тарихи ескерткіштерге мән беріледі

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар)

Сыр даласында қаншама тарихи мұра бар. Қазақ жерінің оңтүстік өңірінде орын тепкен өлкенің топырағын түртіп қалсаңыз болды, сан алуан мұралар жайында мол мағлұмат алуға әбден болады. Бұл жергілікті аймақтың қазақ тарихында алатын орны ерекше екенін тағы бір мәрте аңғартып, түпсіз терең тарихтың төріне қарай тарта түседі. Ұлт өміріндегі әрбір шежіренің түп-төркінін зерделеп көрсеңіз, сол оқиғаға қатысты деректер дария бойынан молынан табыла кетеді. Соның бірі – түбі бір түркінің ортақ абызына айналған Қорқыт атаның ескерткіші облыс аумағында жатыр. Одан арғы және бергі тарихта да сан алуан құнды жәдігерлер осы аумақтан кезігеді. Дария бойында көптеген шаһарлар орын тепсе, қарт Қаратаудың соңғы сілемдері жеткен облыс аумағында да сан алуан ескерткіштер орналасқан. Дегенмен, осыған қарамастан солардың зерттелуі жағынан кемшін тұстарымыз әлі де көп. Жалпы, бұл бағытта елімізде арнайы «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданған. Алайда, бағдарлама ауқымы олардың барлығын қамту қиынға соғып тұрған жайы бар. «Алаш айнасы» тілшісі сыр өңіріндегі тарихи ескерткіштерді түгендеп шыққан еді.
Ғалымдар Сыр жерінде 1000-ға жуық тарихи-мәдени ескерткіштердің бар екенін айтады. Мұндай мол ескерткіш еліміздің өзге өңірлерінде кездесе бермейді. Өкінішке қарай, қайсыбір жылдарда соның ішінде кейбіріне ғана ғалымдар зерттеу жүргізе алса, қалғаны сол күйінше жұмбақ болып қалған. Зерттеушілер сол орындарға арнайы ат басын бұрып, бірқатар мәліметтерді жинақтағанымен, одан кейін ол орындарда ешқандай жұмыстар жүзеге аса қойған жоқ екен. Рас, кезінде саны аздау ұлттардың тарихына мұрын шүйіріп, оларды халықтың жадынан өшіруге құлықты болған большевиктер аталмыш жәдігерлердің жермен-жексен қирауын қалағаны жасырын емес. Соған қарамастан қаншама құнды дүниелердің бүгінгі күнге дейін жетіп отырғаны көңілге медеу. Ендігі кезекте соларды жаңғыртып, бабалардың бүгінгі ұрпаққа аманатына адалдық таныту біздің парызымыз болса керек-ті.
Түркі жұрты Қорқыт атаны ортақ тұлғамыз деп санайды. Аты аңызға айналған абыздың осы топырақта кіндігі кесіліп, пәни мен бақи арасындағы өмір жолдары өрілгенін, мәңгілік мекенін де осы жерден тапқанын бәріміз де білеміз. Өзінің түп-төркініне үңіліп жүрген түркі баласы Қызылорда жеріне арнайы ат шалдырып, абыз бабаның басындағы ескерткішке тағзым жасап қайтуға құлықты екенін талай мәрте көзіміз көріп жүр. Осыған орай аталмыш мәдени ескерткішті туризм аймағына айналдыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда осы мақсатта тиісті жұмыстар қолға алынып жатыр. Сондай-ақ, Қорқыт ата кешенін қайта жаңғырту шаралары жүзеге асады деп күтілуде. Жоба екі кезеңге жобаланған. Жақында кешен аумағында зиярат ету орталығы тұсауын кескен.

Жалпы алғанда, тарихи орындарды туризм инфрақұрылымына енгізу арқылы әлемдегі туризм индустриясының негізігі қаланды. Сол себепті аталмыш бағытта жүйелі іс-шараларды қолға алу негізгі мақсаттың біріне айналып отырған жайы бар. 2017 жылы Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне келетін туристер Байқоңыр ғарыш айлағы аумағымен де танысады.
Жақында Қызылорда қаласында өткізілген облыс әкімі жанындағы тарихи-мәднеи мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңеске бірқатар жобалар ұсынылған еді. Сөз орайында айтқанымыздай, Сыр өңірі әлі де тыңғылықты зерттеуді қажет етеді. Бұл жөнінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Мадияр Елеуов өз ой-пікірін білдірді. Ол кісі Қызылорда өңірінде көптеген тарихи ескерткіштер әлі де көзден таса қалып қойып жатқанын айтады. Оларды зерделеп көрсек, бүгінгі күні бізге жұмбақ болып жүрген жайлардың беті ашылады деген үміт бар. Өкінішке қарай, түрлі-түрлі себептермен олардың тарихы зерттеліп, бүгінгі күнге дейін өз бағасын ала аламй келеді. Әйтпесе, олардың әрбірінің қазақ тарихы мен өмірінле айрықша орын аларлықтай мәртебесі бар.
Мадияр ЕЛЕУОВ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры:
– Соңғы бір ғасырға жуық аралықта Сыр өңірі ғалымдардың назарынан тыс қалып қойды деуге негіз бар. Өте аз деңгейде зерттелді. Соның салдарынан кейбір ескерткіштер жайында әлі күнге дейін нақты жауаптар айтылмай келеді. Атап айтқанда, Қызылқұм, Қуаңдария, Жаңадария мен ескі дарияның аумағы, Арал теңізінің табаны енді-енді ғана қолға алына бастады Сонымен қатар, Қаратаудың бөктері, Бетпақдала және Сыр бойының Ақтөбе облысымен шектесетін аймақтары мүлдем зерттелмей отыр десек те артық емес. Қазба жұмыстары саусақпен санап аларлық санаулы қалаларда ғана жүргізілді.

Кеңес отырысында Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменов те өз ой-пікірлерін білдірді. Аймақтың түркі әлемінде алатын орны жөнінде әңгімелеп берді. Қазіргі таңда жер-жаһанның әр қиырында өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың түп тамыры осы киелі мекенмен қабысып жатыр.
Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, Қазақстанның халық жазушысы:
– Қызылорда түркология ғылымының қайта жаңғырту орталығы болуға әбден лайық. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың түркологтардың басын қосу туралы жобасы аясында түркологтар одағын құру керек деп есептеймін. Бұл адамзат баласына аса қажет түркология ғылымының өркендеуіне алтын баспалдақ болады деген сенімдеміз.

Жалпы алғанда, кеңеске 20-дан астам жоба түскен. Оларды бірнеше бағытқа бөліп қарауға болады. Алғашқы бағыты – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік ескерткіштер тізіміне енгізілетін қалалар тізбесі, екінші бағыты – ежелгі қалалардағы зерттеу жұмыстарын жалғастыру болып табылады. Сонымен қатар, келесі бағытта «Сыр өңірінің қазақтары», «Сыр өңірінің рухани қазыналары» жинақтары шығарылады.
Кеңеске жиналған ғалымдар табылған заттарды алғашқы күйінен өңдейтін зертханалар тапшы екенін жасырған жоқ. Сондықтан жергілікті Қорқыт ата атындағы университет базасы негізінде археологиялық-технологиялық зертхана ашу жайында ұсыныс-пікірлерін білдірді. Зертханаға қажетті құрылғылар жеткізілсе, онымен жұмыс жасай білетін археолог және химик мамандар саны аз емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста