Шыңғысхан: Жер бетiндегi ең мықты адам – АНА!

Шыңғысхан бiр күнi Ұлысбасыларын, билер мен бекзадаларын, халқын Ордасына жинап, былай дептi: «Уа игi жақсылар! Жер бетiнде менен күштi, құдiреттi, ақылды адам бар ма?»
Уәзiрлерiнiң iшiнен бiреуi жүгiрiп келiп аяғына жығылып: «Уа Қаған, сiзден асамын дейтiн пенде болса, осы қазiр басын алып келемiн», – дептi. Шыңғысхан айналасына көз жiберiп: «Тағы кiм бар мынаның сөзiне куә болатын? » – дегенде, жетi уәзiрi келiп әлгi жағымпаздың қатарына тұрыпты. Қаған тағынан тұрып, өзiне жағымпазданып, түлкiдей бұлаңдап, басын иiп тұрған сегiз уәзiрiнiң әрқайсысына бiр-бiрден үш айлық сәбиден ұстатып: «Қане, ендi мынау қолдарыңдағы жылап тұрған сәбилердiң көңiлiн тауып, күлетiндей жағдай жасаңдар», –  дептi. Сегiз уәзiр Қағанның өздерiн сынап тұрғанын бiлгесiн, еңiреп тұрып: «Уа Қаған, бұл ұсынысыңыз ба, пәрменiңiз бе? Бұл жағдай бiздiң де, Сiздiң де қолыңыздан келмейдi, тек қана әрбiр сәбидiң анасының ғана қолынан келедi», –  деп олардың боздаған дауыстарымен жылаған сәбилердiң үндерi қосылып, Орданың iшiн азан-қазан айқайға толтырады. Қаған уәзiрлердiң қолындағы сәбилердi аналарына тапсыруға, ал уәзiрлердiң қол-аяғына кiсен салуға бұйырып, сыртқа халық алдына шығып, әрбiр анаға он жылға жетерлiк нәпақа бөлдiруге пәрмен берiп, ел алғысына бөленiп, Ордасына қайта кiрiп, кiсендеулi тұрған сегiз уәзiрiне: «Менен де зор, күштi, құдiреттi, ақылды – ол әрбiр жаңа туылған сәби екен, оған көздерiң жеттi. Әрбiр жарық дүниенiң есiгiн ашып келген сәбиге анасының ғана үкiмi, пәрменi жүредi. Менiң Сендерге өтiнiшiм осылай», – деп сегiзiн де қатаң жазаға кеседi.
Ал қалған уәзiрлерiне осы күннен бастап әрбiр туған анаға барлық жағдайды жасауларын және құдай қосқан қосақтарына әрбiр наурыз айының «он жетiсi» күнi ең жақсы көретiн затын, асын және басқа да таңдауларын әперудi бұйырады. Осыған байланысты хан қазынасы көтеретiндей жағдайда әрбiр әйел затына сый-сияпат, тарту-таралғы көрсету үшiн арнайы бұйрық жаздырып, дүниенiң төрт тарапындағы елдерге ат шаптырып, хабар бергiзген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста