Суреткер-ғалым тұлғасы әлі де терең зерттеуді қажет етеді

Бүгін – Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туған күні. Осыған орай, Алматыдағы әдеби орта мен зиялы қауым өкілдері ұлы жазушының туған күні қарсаңында жылдағы дәстүр бойынша «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығына жиналып, «Әуезов оқуларын» тыңдады. Алқалы жиында жазушы шығармашылығы жан-жақты сараланып, кезең-кезеңі, жанр-жанры бойынша әңгімеленді. Қаламгердің алғашқы туындыларын­дағы ұлттық өмір шындығынан бастап, батырлар жыры, театр өнері, әдебиет­тану ғылымы тұрғысындағы өміршең ойлары бүгінгі зерттеушілердің сарап­тауын­да тағы бір рет сүзгіден өткізілді. Жиында сөз алған әдебиетшілердің Алаштың айтулы қаламгеріне қатысты ой-пікірі төмендегідей бағытта сабақталды:

Дияр ҚОНАЕВ, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры:
 – Мұхтар Омарханұлының ғылыми еңбектері революцияға дейінгі қазақ әде­биеті тарихы мен фольклорының, сон­дай-ақ Еуропа мен Азия халықтары әдебиеттері байланысының маңызды мәселелерін қозғайды. Мұхтар Омарханұлының қазақ әдебиеті тарихы мәселелеріне байланысты ғылыми қызығушылығы орта арнаулы және жоғары оқу орындары үшін осы тұр­ғыда оқулық жазудан басталды. Сөйтіп, тарихымызда тұңғыш рет ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің негізгі жанрларына ғылыми анықтама беріліп, шығармалары оқып-үйренілуге тиісті ақын-жыраулар ортасы айқындалды, қазақтың әдебиеттану ғылымының негізгі бағыт-бағдары нақ­тылана түсті. Осының барлығы болашақ­тағы ұлттық әдебиеттану ғылымының жолға түсуіне іргетас болып қаланды. Сонымен қатар Мұхтар Әуезов қазақ әде­биеттану ғылымының мүлде жаңа саласы – Абайтанудың да негізін салушы болып табылады. Бұл ретте, ол өзінің 30 жылдан астам ғұмырын қазақтың бас ақынының өмірін, әдеби мұрасын зерттеуге сарп етті. Осының нәтижесінде сонау 30-жылдардың ішінде-ақ Абайдың ғылыми түрде негіз­делген өмірбаяны мен шығармаларының толық басылымы әуелде – бір, артынша екі том болып жарық көрді. Сондай-ақ Абай шығармаларының орыс тілінде алғаш рет  1940 жылы Мәскеуден шығуы да М.Әуе­зовтің басшылығымен жүзеге асты.
Ұлы суреткер ғана емес, үлкен ғалым, теңдессіз аудармашы ретінде де, Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл Орта Азия әдебиетінің дамуына зор үлес қосты. Оның шығармашылық тұлғасының бірегейлігі – жазушы болмысында сурет­керлік пен ғалымдықтың қатар өріліп жа­туы­мен сипатталса керек. Жалпы, Мұхтар Әуезовтің қазақ фольклоры мен әдебиеті тарихын зерттеуге, ұлттық сананы қалып­тастыру мен халықтың рухани мүддесін айқындау қозғалысына қосқан үлесінің тарихи маңызына баса назар аударған аб­зал.
Ұ.ЕРКІНБАЕВ, әдебиеттанушы:
– М.Әуезовтің алғашқы әңгімелеріне, оның ішінде «Көксерекке» қатысты бүгінгі зерттеулер көбінесе шарттылыққа құрылып жүр. Яғни бұл орайдағы ұйғарымның бәрі «аң мен адамның арпалысы», «тағы тағы­лығын істейді» дегенге саяды. Негізінде, Көксерек – архитектоникалық құндылық. Онда өрлік мотиві, қазақтың прототипі бар. Сол себепті де «Көксерек» – барынша зерттеуді қажет ететін туынды.
А.ТЫЛАХМЕТОВА, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының кіші ғылыми қызметкері:
– Қазақ театрына шын жаны ашыған адамның бірі де, бірегейі де – Мұхтар Әуезов. Ұлы жазушы әлем театрларының тарихы мен тәжірибесін зерттей отырып, олардың үздік үрдістерін қазақ театр өне­ріне алып келді. Оның сахна өнеріне қатыс­ты пікірлері, мақалалары театрта­нушы ғалымдар тарапынан қарастырылған, бі­рақ әлі де жете көңіл бөліне қойған жоқ. Мысалы, М.Әуезовтің «Сахналық қойы­лым­да домбыраны ғана қанағат тұтпай, қобыз бен сыбызғының үнін қайта тауып алу керек. Қобыз бен сыбызғыда сар дала­ның үні жатыр» дегені бар. Өкінішке қарай, осы пікір ескерілмей жүр. Сонымен бірге жазушының аударма пьесалармен шындап айналысу, интеллектуалды театр өнерін жандандыру тұрғысындағы ойла­ры­ның да өз маңызын әлі жоймағаны анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста