Сұлу өнердің сыршыл шебері

Сұлу өнердің сыршыл шебері

Бұл – жүрекпен сезінетін өнер. Тылсым сұлулықтың тұнығына бойлап, ләззат ала білу үшін, ең алдымен, жүректің көзі керек. Сұлулықты екінің бірі сезіне беретін болса, мына әлем ендігі басқаша болар еді-ау. Бейнелеу өнерін мамандардың киелі өнерге балайтыны да содан болса керек-ті. Суретші-гобеленші Күлипа Жұбаниязованың еңбегі осы уақытқа дейін талай марапатталып, өз бағасын алды.

Оның қай туындысын алып қарасаңыз да, қазақ даласындай қарапайым һәм сұлу. Сырлы сезімге толы кез келген еңбегінің алдынан жай өтіп кету мүмкін емес. Еріксіз бөгелесің. Туындысы қарапайым көрінгенімен, әлдебір ой иіріміне жетелейді. Жаныңызды әлдебір жылылық баурайды. Ғажайып бір керемет сезімнің бесігіне бөленген санаңыз одан босануға асықпайды. Қайта әдемі сезімнің тұтқынына арбала түсесіз. Оның еңбектерін түсіндірудің қажеті шамалы. Тек түйсіну қажет. Әр деталінің бояуы қанық. Дәстүрлі өнерден тамырын ажыратпаған дүниелер. Әркім өзінше түсінеді, өзінше қабылдайды. Өзінше әсер алады. Ол аз жазса да, саз жазады. Оның туындыларына табиғилық пен шынайылық және тазалық тән. Қай шығармасында да осы үш таған әдемі үйлесіп, астасып жатады. Гобеленнің арғы атасы еуропалықтар десек те, ол боялған жіптен алуан түрлі ою-өрнектер құрап, тықыр кілем, алаша тоқуды білген қазақ үшін жат өнер емес. Жастайынан шебер қолды анасынан тәлім алған ол бұл саланы да тез меңгеріп, алтын қолды хас шебер атанды. Елімізде қазақ гобелен өнерінің негізін қалаушылардың бірі болып саналады. Бірақ жолы жіңішке әулеттен болған соң, кезінде еңбегі ескерілмегені де рас. Бұл турасында өнер иесі ой бөліскен еді: «Табиғаты тым сұлу таулы өлкеде дүниеге келуім де бұл өнерге ынтық болуыма өз септігін тигізген болуы керек. Аспанмен таласқан таулар, арқырай аққан су, көкорай шалғын шөп – бәрі-бәрі шығармашылыққа бейім адамға әсер етпей қоймасы анық. Кішкене күнімде бұлаққа су алуға баратынбыз. Сонда өзен жағасындағы құмға сурет салуға құмар болатынмын. Талай мәрте суға кетіп, «жоғалып» кеткенімде, анам іздеп келіп, «ұрлығымның» үстінен түсетін. Бірде салған суретіме анықтай қараған анам Ұмсын: «Әй, мынауыңның бастары қайда?» – дегені бар. Сөйтсем, адамдарды салады екенмін де, бастарын салуды ұмытып кете береді екенмін ғой... Осы өнерге деген ғашықтығым ақыры осының соңына түсуге мәжбүр етті. Әу баста сурет салудан үйреніп, гобелен тоқуға көштім. Гобелен – өте күрделі өнер. Әсіресе өз жаныңнан, қиялыңнан туған дүниелер жіп таңдаудан, бояу таңдаудан бастап, көп еңбекті талап етеді. Күндіз-түні көз ілмей, талмай еңбектенсең де, жылына екі-үш туындыдан артық шығара алмайсың. Туындының көлемі неғұрлым кішкене болған сайын оған көркем ойыңды сыйдыру қиындай түседі. Көбіне ауыл, туған жер, табиғат тақырыбына еңбектенгенді ұнатамын. Ол дүниелерім сәтсіз шыққан кезі жоқ».
Суретші талантының басты ерекшелігі – қазақ даласының өзге жұртқа байқала бермейтін кеңпейілдігін, ішкі сырларын көре біліп, оны өзгелерге де көрсете алуы десек, қателеспеспіз. Кез келген еңбегі табиғатпен үндестік тапқан Жұбаниязованы осыдан кейін талант емес деп көріңіз. Бір ғана «Ана бақыты» мен «Дала» гобеленінің өзі, бір қарағанда, қарапайым көрінгенімен, сары құм басқан сазарған даланың өзіне сағыныш сезіміңді оятады. Сондай-ақ «Дина Нұрпейісова», «Достық», «Табиғат және адам», «Пейзаж», «Іскер» гобелендері – мамандар тарапынан үлкен бағаға ие болған туындылар. Күлипа Жұбаниязованың талай жылғы маңдай терін төге еткен еңбегі елеусіз қалған жоқ. ОҚО Төлеби ауданының тумасы, суретші-гобеленші «ҚР мәдениет қайраткері» атағын алды. Ал атақтың үлкенін суретшіге жерлестері әлдеқашан-ақ беріп қойған. Риясыз көңілден шыққан «біздің суретші қызымыз» деген атақ, расында да, қандай да бір лауреаттықтан да жоғары емес пе?! Қарапайым көпшіліктің құрметі қанаттандырса да, көңілге кірбің түсіретін тұс та жоқ емес. Осы уақытқа дейін оңтүстік өңіріндегі бір ғана Төлеби ауданынан жеті бірдей суретші шығыпты. Олардың арасында мүйізі қарағайдай керемет суретшілер – Бексейіт Түлкиев, Құрас Тыныбековтер бар. Ешқайсысы да осал емес. Алайда сол жетеудің ішіндегі жалғыз нәзікжанды суретші – Күлипа ғана. Аудан басшылары, мәдениет қызметкерлері «бізде мынадай бар, мынадай бар» деп өзгелерге мақтан тұтарлықтарын тізбектегенде үнемі жалғыз суретші қыздарын ұмытып кете береді. Бұл кемшілік аудан әкімінің мәдениет саласына қатысты есептік жұмыстарында үнемі назардан тыс қалып келеді. Қолда бар алтынның қадірін кеш түсінетініміз-ай. Әйтпесе шеберіміздің қолынан шыққан дүниелер Үкімет үйінің төрінен орын тепкен. Шетелдіктер аттай қалап алып кеткен туындылары бүгінде Испания, Иордания елдерінің мұражайларында ілулі тұр. Биыл үлкен сынақ жылы болғалы тұр. Астана қалалық мәдениет басқармасының қолқалауымен өзінің жеке көрмесін өткізбек. Қаншама жыл еткен еңбектің, төккен тердің сынға түсетін кезі де – осы тұс. Әрине, хас шебердің бұл жағынан алғанда қамшы салдырмасы да анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста