Отандық әнші Айгүл Иманбаева күйеуінен ажырасқаннан бері 24 жыл жалғыз екенін айтты. Динара Сәтжанға берген сұхбатында өнер иесі жақында өтетін жеке концертіне сүйіктісі келетінін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама жүргізушісі Динара Сәтжан "Жалғыздық ешкімге жараспайды. Сіздің фанатыңыз, немесе сүйіктіңіз концертте болады ма?", - деп сұрады. "Кетерінің алдында болады. Өйткені, бірге кетеді ғой", - деді Айгүл Иманбаева. Алайда әнші әрі қарай бағдарлама жүргізушісінің сүйіктісіне қатысты сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Сонымен қатар Иманбаева бағдарлама барысында тойдың шетелде болатынын және ұлының жеке өмірін құруға кеңес бергенін айтты. "Сен (Динара Сәтжан - ред.) әдемі көйлегіңді дайында. Халықаралық төлқұжатыңды дайында. Той Қазақстанда болмайды. Ол шетелде болады. Оны баяғыда айтқанмын. Ал қай сенбі болатынын білмеймін. Бір сенбі күні міндетті түрде болады. Қазақ "Тесік моншақ жерде қалмайды", "Әркімнің Құдайдан үміті бар" деген жақсы сөз бар. Балам "Қай жаста да әйелдің бағы ашылса, ол - бақыт. Анашым, онда тұрған не бар? Анашым, мен үшін сұлулықтық, ақылды әйелдің эталоны - сенсің. Мен саған ұқсайтын келіншек аламын. Мен әйелімнің сен сияқты ақылды, сұлу болғанын қалар едім. Ал енді сұлу әйел жалғыз болуға тиісті емес" дейді. Енді 25-ке келді ғой. "Әкем өз өмірін құрды ғой. Сен жалғыз қалуға тиісті емессің" деді. Балам 25-ке келді ме, 24 жылдан бері жалғызбын. Бірақ өзімді жалғызбын деп ойламаппын", - деді Айгүл Иманбаева.